Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

75 МЫҢ СТУДЕНТ ЖАТАҚХАНАМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

16.07.2019
FacebookWhatsappTelegram

Өткен жұма, 12 шілде күні ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы «Қаржы орталығы» АҚ өкілдері Семейге келіп, ШҚО «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесуге қаладағы колледждер мен жоғарғы оқу орындары басшылары, кәсіпкерлер қатысты.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуінде 2022 жылдың соңына дейін студенттерге арнап кемінде 75 мың орындық жаңа жатақхана салуды тапсырған болатын. Елбасының осы тапсырмасын орындау барысында кәсіпкерлерге бюджет есебінен қолдау көрсетілуде.

«Қаржы орталығы» АҚ өкілі Алпамыс Сатыбалдиннің айтуынша, елімізде жатақханаға зәру студенттердің саны 90 мыңнан асады. Ал ШҚО бойынша бұл көрсеткіш 4500-ді құрап отыр.

— Елбасы тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында «Білім туралы» ҚР Заңына, бюджеттік кодекске өзгертулер енгізіліп, студенттерді, магистранттарды, докторанттарды жатақханамен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік тапсырыс пайда болды. Яғни, біз кәсіпкерлермен келісімшартқа отырамыз. Егер бұл жаңа құрылыс болса 8 жыл бойы 122 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, ғимарат қайта жөндеуден өтсе 7 жыл қатарынан 47 айлық есептік көрсеткіш көлемінде кәсіпкерге қаржы бөлінеді, — деді А.Сатыбалдин.

— Мәселен, кәсіпкер 500 орынға арналған жатақхана салуды және 2020 жылы пайдалануға беруді жоспарлады дейік. 2020 жыл үшін айлық есептік көрсеткіш – 2613 теңге. Бұл соманы 122 айлық есептік көрсеткішке көбейтеміз. Нәтижесінде меншік иесі бір студент үшін жылына 318 мың теңге алады. Әрі қарай бұл сомманы 500 есе арттырсақ, кәсіпкер жыл сайын 159 млн. теңгеге ие болады. Осылайша, 8 жыл бойы меншік иесіне мемлекеттен жалпы соммасы 1 млрд. 280 млн. теңге қаржы бөлінеді. Айта кететін жайт, ғимарат 20 жыл бойы жатақхана болуы тиіс.

Алпамыс Айдарұлының айтуынша, кәсіпкерлер несие алып, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» арқылы алған несиесін субсидиялауға болады. Мәселен, 15 пайыздық мөлшерлеменің 7 пайызы «Даму» қоры арқылы субсидияланады. Айта кету керек, коммуналдық шығындар студенттер есебінен төленеді.

— Коммуналдық шығындар мемлекет бөлетін 122 айлық есептік көрсеткіш есебіне кірмейді. Меншік иесі студенттерден бұл үшін жеке ақы алады. Кәсіпкерлер сонымен қатар ғимарат ішінен коммерциялық алаңдар сала алады. Мәселен, асхана, шаштараз, дүкен және тағы басқа. Бұл олар үшін тиімді бизнес көзі болмақ, — дейді «Қаржы орталығы» АҚ өкілі.

Бағдарлама аясында Семейде биылғы жылдың соңына дейін «Қайнар» жоғарғы колледжінде бір жатақхана пайдалуға берілмек. Жалпы 2022 жылдың соңына дейін елімізде 75 мың студент жатақханамен қамтылады. Ал биылғы жылдың жоспары — кем дегенде 5 мың студентті жатақханамен қамту. Жобаны жүзеге асыру үшін мемлекеттен қазірдің өзінде 152,8 млрд. теңге бөлінген. Алдағы үш жылда республикалық бюджеттен тағы 15 млрд. теңге қарастырылмақ.

— Жоба өткен жылдың қазан айында басталды. Осы уақыт аралығында кәсіпкерлермен 28 келісімшарт жасадық. Көптеген өңірлер мен қалаларды араладық. Шымкент пен Алматы қалаларында екі жатақхана пайдалануға берілді. 2019 жыл соңына дейін кем дегенде 5000 студент жатақханамен қамтылуы тиіс. Бұл жоспар орындалуға жақын. Бүгінгі күні 4800 орынға арналған келісімшарт дайын,- дейді А.Сатыбалдин.

Жоспарға сәйкес 2020 жылы жиырма мың, 2021 жылы жиырма бес мың, 2022 жылы 30 мың студент жатақханамен қамтылмақ.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»{jcomments off}

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

3 дня назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

3 дня назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

4 дня назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

5 дней назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

5 дней назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

5 дней назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

6 дней назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

1 неделя назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

1 неделя назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС