Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: ТҰТЫНУШЫЛЫҚ НЕСИЕ ӨТЕЛЕДІ

02.08.2019
FacebookWhatsappTelegram

Апта сейсенбісінде Семей қалалық ақпарат орталығында еліміздің қаржы-несие нарығындағы орын алып жатқан елеулі жаңалықтар жайында кең көлемде мағлұмат берген баспасөз мәслихаты болып өтті. Басқосуға ҚР Ұлттық банкі ШҚО филиалы қаржы ұйымдарын бақылау және тұтынушылардың құқықтарын қорғау бөлімінің бас маманы Салтанат Қожатаева қатысып, аталмыш бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар жайында айтып берді.

Айта кетсек, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ағымдағы жылғы 26 маусымда «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту туралы» Жарлығы шыққан болатын. Президент қарызға батқан азаматтардың жағдайына бейжай қарай алмайтынын айтқан еді. Басқосуда осы туралы, яғни азаматтардың белгілі бір санаттарына мемлекет тарапынан тұтынушылық кредиттерді өтеуге көмек көрсетілетіні жайлы айтылды.

— Бұл Жарлық бойынша үш бағытта жұмыс жүргізіледі. Атап айтсақ, осы Жарлықты іске асырудың бірінші бағыты екінші деңгейлі банктерде және микроқаржылық ұйымдарда азаматтардың жекелеген санаттары үшін кепілсіз тұтынушылық қарыздары бойынша берешегін 300 мың теңгеге дейін өтеуді көздейді. Берешек сомасы, азаматтардың биылғы жылғы 1 маусымға дейінгі қарыздарының жалпы көлемі 3 млн теңгеден аспауы тиіс, — деп атап өтті Салтанат Қанатбекқызы.

Президент Жарлығының екінші бағытына сәйкес, Қазақстан азаматтарының кепілсіз тұтынушылық қарыздары бойынша есептелген айыппұлдар мен өсімпұлдар сомаларын есептен шығару көзделген. Ал жүргізілетін жұмыстың үшінші бағытына сәйкес, несие алушыларды қосымша қорғау бойынша реттеушілік сипаттағы шаралар кешені қолға алынбақ. Бұл бағытта реттелетін жұмыстар қатары аса мол. Соның ішінде табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасыларға несие беруге тыйым салынатынын айта кетуге болады. Бұл әлеуметтік теңсіздіктің алдын алады.

Баспасөз мәслихаты барысында Ұлттық банк филиалының өкілі журналистер сауалдарына жауап қайырып, аталмыш жаңашылдықтар жайындағы өз ойымен де бөлісе кетті. Мәселен, қарызды жабуға берілетін 300 мың теңге тым аз деген уәжге орай, «бұл несие алған азаматтардың төлеу қабілеттілігін қалпына келтіруге және қарыз жүктемесін төмендетуге айтарлықтай септігін тигізетінін» айтты.

Салтанат Қанатбекқызы сонымен қатар аталмыш көмекті беруде азаматтардың санаттары ескерілетінін жеткізе кетті. Атап айтсақ, бұл жеңілдіктерге тек тікелей және атаулы қаржылай көмек алатын көпбалалы отбасылар, мүгедек балалары бар отбасылар, асыраушысынан айырылған отбасылар, атаулы әлеуметтік көмек алатындар мен жастары 29-ға толмаған жетім балалар ие бола алады.

Тоқтала кетер жайт, әлеуметтік тұрғыда барынша аз қамтылған азаматтар арасында түрлі қиын жағдайларға ұшырауларына байланысты несие үшін алған міндеттемесін орындай алмай отырғандары бар. Көптеген азаматтардың қарыз жүктемесі уақыт өткен сайын артып келеді, соның нәтижесінде олардың шынайы табыстары төмендеуде. Мұндай жағдайға шамамен 100 мыңның үстіндегі азаматтар тап болып отыр. Бұның барлығы сарапталған және есептелген. Яғни, ел Үкіметі әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған борышкер тұрғындар туралы біледі. Сондықтан да қарыз жүктемесін азайту, яғни несиені өтеу бойынша 300 мың теңгенің көмегіне ие болу үшін ешқайда барудың, әуре-сарсаңға түсудің қажеті жоқ. Базадағы деректер автоматты түрде анықталады. Ол үшін несие алған азаматтың нақты тіркелген мекенжайы болса жеткілікті.

Жалпы, ағымдағы жылдың 1 шілдесіндегі мәлімет бойынша банктерде және шағын қаржы ұйымдарында кепілсіз тұтыну қарыздары бар барлық азаматтар үшін есептелген айыппұлдар мен төлемақы өсімдері есептен шығарылады.

Ал несие алушылардың аталған төлемдерін есептен шығару, ең алдымен, екінші деңгейдегі банктер мен шағын қаржы ұйымдарының есебінен жүргізіледі.

Баспасөз мәслихаты барысында осы тәріздес бірқатар өзекті мәселелер сарапқа түсіп, қатысушылар БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап қайырды.

Азамат ЕРСАЙЫН, «Семей таңы»{jcomments off}

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

3 дня назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

3 дня назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

4 дня назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

5 дней назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

5 дней назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

5 дней назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

6 дней назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

1 неделя назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

1 неделя назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС