Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЖАҢА ҮЛГІДЕГІ БАСЫЛЫМ

02.08.2019
FacebookWhatsappTelegram

Кемеңгер Абайдың 175 жылдық торқалы тойы қарсаңында Семейдегі «Интеллект» баспасынан «Абай: жаңаша үлгідегі басылым» атты екі томдық жаңа кітап жарық көрді. Кітаптың авторы — философия ғылымдарының кандидаты, абайтанушы Асан Омаров. Кітаптың тұсаукесер рәсімі бейсенбі, 1 тамыз күні Абай кітапханасында өтті. Тұсаукесерге қаланың зиялы қауым өкілдері, мәдениет мекемелері қызметкерлері, кітапханашылар және жастар қатысты.

Жүз данамен жарық көрген кітаптың ерекшелігі – мұнда жинаққа енген 195 өлеңнің мазмұнына қысқаша түсінік беріліп, хронологиясы ретке келтірілген. Бірінші томға Абай Құнанбайұлының өлеңдері, ал екінші томға қара сөздері, поэмалары мен тарихи еңбектері еніп отыр.

— Абайдың 150 жылдық тойынан соң мұндай жинақ жарық көрмеді. Содан бері ширек ғасыр өтті. Ұрпақ өсті. Жаңа өлеңдері табылды. Жинақты жаңалайтын уақыт болды,- дейді Асан Омаров. — Осыдан 3 жыл бұрын мен ақын шығармашылығы туралы жаңа кітап шығару қажеттігін айтып, бастама көтергенмін. Бірақ ешкім қозғалмаған соң, өзім қолға алдым. Қалам ұстап үстелге отырғаныма бір жыл болды. Бұл екі томдықтың көп ерекшелігі бар.

Біріншіден, кеңес идеологиясы кезінде көп нәрсе жабулы күйінде қалғандықтан, жинақ қазіргі заманға лайық емес. Жаңа жинақты шығару – уақыт талабы. Қазір жастарымыз Абайдан алыстап барады. Себебі жинақ сапасыз. Кітапта Абайдың кім екені, ұлылығы, даналығы ашылуы керек. Оқырман Абай өлеңдерінің мазмұнын, түпкі ойын түсініп, ғибрат алуы тиіс. Бұл кітапта әрбір өлеңге түсінік берілді.

Екіншіден, Абай өлеңдерінің хронологиясы әлі күнге дейін түзелген жоқ. Бәрі адасып жүр. Абайдың өсу кезеңдеріне қарай өлеңдерін жеті бөлімге бөліп, жастық шағындағы, кейіннен табылған өлеңдерін — бәрін ретімен қойып шықтым, — дейді Асан Омаров.

Жеті жүз беттен тұратын қос томдық жинақ, негізінен, оқушылар мен ұстаздарға, қарапайым халыққа арналған. Автор мұнда кемеңгер ақынның өлеңдері қашан, қандай жағдайда жазылғанын айтып, мазмұнына түсінік беріп отырады. Жинаққа ұлы ақынның кейіннен табылған 20-ға жуық өлеңі енгізілген.

— Абай өлеңдерінің тереңіне бойлай алмай, оны қарапайым ақындардың қатарына жатқызып жүргендер де бар. Абайдың ақындығына сын айтып жүргендер де солар. Ғаламторда Абай өлеңдерін оқудан челлендж жүріп жатқанын естіген боларсыздар. Алайда өлеңді жатқа оқу жеткіліксіз. Оны түсіну керек. Мен сол миссияны атқаруды өзім мойныма алдым. Кітап қарапайым оқырманға арналғандықтан, мұнда ғылыми түсініктемелер жоқ. Халыққа керегі — Абайдың асыл сөздері, өмірдің мәні туралы айтқандары. Абайсыз қазақ ұлт бола алмайды. Мақсатым — жастар Абайды жақсы біліп, танысын деген ой. Жүз данамен шыққан кітапқа жан-жақтан сұраныс түсіп жатыр. Алдағы уақытта таралым санын көбейте береміз, — дейді абайтанушы.

Қос томдық жинақта, негізінен, ақынның өлеңдері мен қара сөздеріне басымдық берілген.

— Абай өз поэмаларын жастар үшін жазған. Оның кемеңгерлігі өлеңдері мен қара сөздері арқылы ашылады. Абай Пушкинді де көп оқымаған. Екеуінің деңгейі сай емес. Пушкин — 30-дан асқан шағында қайтыс болған жас ақын. Пушкиннен өзіне ұнаған бір-екі шығармасын ғана аударған. Ал Лермонтов шығармашылығы Абайға жақын. Ішкі жан дүниесі үндес болғандықтан, көптеген шығармаларын тәржімалады, — дейді Асан Омаров.

Жаңа кітаптың лентасын өлкетанушы Молдабек Жанболатов пен Балтабек Ерсәлімов қиды. Шара барысында көрермендер көкейіндегі сұрақтарын қойып, автордан тұшымды жауаптар алды.

Айтолқын САМАТОВА, «Семей таңы»{jcomments off}

 

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

3 дня назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

3 дня назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

4 дня назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

5 дней назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

5 дней назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

5 дней назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

6 дней назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

1 неделя назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

1 неделя назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС