Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ӘЖЕЛЕР ӘУЕЛЕТКЕН АБАЙ ӘНДЕРІ

06.08.2019
FacebookWhatsappTelegram

Бүгінде тек елімізде ғана емес, әлем бойынша да Абай өлеңдерін оқудан дәстүрлі челлендж өтіп жатыр. Дана хакімнің хикметке толы шығармаларын нақышына келтіре жатқа айту әсіресе әлеуметтік желілерде айрықша орын алып, оқушылар ақын шығармаларын еліміздің һәм жаһанның түкпір-түкпіріндегі желі қолданушыларына, ұйымдар мен іргелі оқу орындарына, мәдени мекемелер басшыларына жолдауда. Бұл айрықша шарадан қала әкімдері мен министрлер де шет қалмағаны белгілі. Осы орайда кеше қаламыздағы Достық үйінде Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналып «Өз халқының ұлы — бүкіл адамзаттың ұлы» тақырыбымен поэзия сағаты болып өтті.

 

Достық үйінде өткен бұл шараға этномәдени орталықтар мен қоғамдық бірлестіктер өкілдері, ардагерлер, журналистер қауымы қатысты. Абай әндерін орындау мақсатында қолға алынған әдеби-музыкалық поэзия сағаты ашық аспан астында ұйымдастырылғандықтан, кез келген қала тұрғыны келіп қатысуға, ақын өлеңдерін тыңдауға мүмкіндік алды.

— Қазіргі таңда еліміз бойынша, ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойы қарсаңында, Абай өлеңдерін оқудан челлендж өтіп жатыр. Осы орайда Достық үйіндегі «Ахау, Семей!» орталығының әжелері Абайдың әндерін оқудан поэзия сағатын өткізуді қолға алып отыр. Басты мақсат — ақын шығармашылығын, соның ішінде оның музыкалық мұраларын насихаттау, кейінгі буынға аманаттау, — дейді Достық үйінің директоры Надежда Шарова.

Абай әндерін арқау еткен поэзия кешінде Достық үйінің мүшелері Абайдың сирек орындалатын «Өзгеге көңілім тоярсың», «Сегізаяқ» сынды көркемдік-идеялық мәні аса жоғары, сонымен қатар тағылымдық-тәрбиелік мәні зор туындыларын да жекелей және хормен шырқады.

— Расында, Абайдың музыкалық мұрасы қазақтың ұлттық өнері тарихында ерекше орын алады. Абайдың әуендік таланты халықтық негізде дамып, ақынның рухани жан дүниесі, әлемге көзқарасы оның лирикалық әндерінен айрықша байқалады. Абай әндерінің бізге толықтай жеткен себебі — олардың халықтың жүрегіне сақталуға сапасы жағынан сай келетін шығармалар болғандығында, халық санасынан өшпес орын алғандығында деп білеміз. Айта кетер тағы бір жайт, Абай әндерінің өзгешелігі мелодиялық, ырғақтық жаңалықтарында, идеялық мазмұнының ашықтығында. Оның тақырып ерекшеліктері де аса зор, — деді өз сөзінде аталмыш шараны ұйымдастырушылардың бірі, «Айша бибі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Айман Боқпасарова.

Әжелер қауымының Абай әндерін таңдауы да ерекше екен. Көпшілік арасында жиі айтылып жүрген әндер емес, ерекше шеберлікті, музыкалық тұрғыдан қабілеттілікті талап ететін терең сырлы, лирикалық әндерді орындауға ден қойыпты.

Ашық аспан астында өткен әдеби-музыкалық кештен қалалықтар ерекше сезіммен, айрықша әсермен қайтқаны анық.

Азамат ЕРСАЙЫН, «Семей таңы»{jcomments off}

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

3 дня назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

3 дня назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

4 дня назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

5 дней назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

5 дней назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

5 дней назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

6 дней назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

1 неделя назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

1 неделя назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС