Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

АУЫРЫП ЕМ ІЗДЕГЕНШЕ, АУЫРМАЙТЫН ЖОЛ ІЗДЕ

06.08.2019
FacebookWhatsappTelegram

Өткен жұма, 2 тамыз күні Семейдегі жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Сәуле Қаржаубаеваның қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Жиында маусымдық менингит ауруы және оның алдын алу туралы сөз қозғалды.

 

Сәуле Қаржаубаеваның айтуынша, энтеровирусты менингит маусымдық ауру түріне жатады. Әсіресе жаз және күз мезгілдерінде көбеюі мүмкін. Бұл ауруға, көбінесе, балалар шалдығады екен. Ауру ангина, бөртпе, дене қызуының көтерілуі, құсу, жүрек айну, бастың ауруы, кейде іш ауырсынуы және жиі іш өту сынды белгілерімен байқалады. Мұндай белгілер байқалған жағдайда, ауруды бөлектеп, жедел жәрдем көлігін шақырған жөн. Себебі науқас ауру ошағы болып табылуы мүмкін.

— Энтеровирусты менингит ауа тамшылары, су, тамақ және тұрмыстық қарым-қатынас арқылы жұғады. Аурудың негізгі тасымалдаушысы вирусты жұқтырған адам болып табылады. Учаскелік дәрігер диагноз қойғаннан кейін, лабораториялық диагностика жүргізіліп, бакте-риалық немесе вирустық менингит екені анықталады. Негізінен, бұл дертке ерте жастағы балалар көп шалдығады. Стационардан кейін балалар диспансерлік есепке алынып, 7-10 күн учаскелік дәрігер мен лор дәрігердің бақылауында болады. Егер мектеп оқушысы немесе балабақшаға баратын бала болса, аталған мекемелерге де тексеріс жүргізіледі,- дейді С. Қаржаубаева.

Өткен жылдың осы кезеңінде Семей қаласы бойынша 11 менингит анықталса, биыл бұл көрсеткіш 25-ке жеткен. Оның ішінде мектепке дейінгі мекемелерде осындай он екі жағдай тіркелген. Дәрігерлердің айтуынша, бұған биылғы ауа райының ылғалдылығы мен күннің ыстығы әсер еткен.

— Жеке бас гигиенасын қатаң сақтап, тамақтанар алдында және дәретханадан соң қолды жақсылап сабынмен жуу керек. Қайнатылмаған су ішпеңіздер, әсіресе балаларды өзен-көлдердегі суларды жұтып қоюдан сақтандырыңыздар. Адам көп шоғырланған жерлерде суға түспеуге кеңес береміз. Оның ішінде су қоймаларында, бассейндерде шомылмаған абзал. Ауру су арқылы да жұғатындықтан, біз апта сайын қаладағы ауыз суды, аквапарк суына тексеріс жүргізіп отырамыз. Сондай-ақ үй-ішін, жұмыс орнын таза ұстап, жиі желдетіп тұрған жөн және жеміс-жидектерді міндетті түрде жуып жеу қажет,- дейді С.Қаржаубаева.

Жаз мезгілінде өршитін бұл инфекцияның халық арасында, әсіресе балалар арасында таралуына жол бермеу мақсатында аурухана қызметкерлері қала базарларында акция ұйымдастырып, халыққа ақпараттық парақтар таратқан.

Аурудың алдын алу үшін дәрігердің кеңесіне құлақ түріңіз, қарапайым санитарлық ережелерді сақтап, көпшілік жиналған жерлерде суға түспеуге тырысыңыз. Су айдындарында және бассейндерде шомылғанда ауыз қуысына су жібермеуді қадағалау қажет.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы» {jcomments off}

Связанные новости

В области Абай напомнили, как действовать покупателю, если не выдали чек

09.05.2026
В области Абай напомнили, как действовать покупателю, если не выдали чек

В Департаменте государственных доходов по области Абай напомнили жителям региона о правах потребителей при покупке товаров и услуг. Заместитель руководителя...

Читать далее ...

В области Абай усилены меры безопасности на воде

09.05.2026
В области Абай усилены меры безопасности на воде

В регионе в период купального сезона ведётся комплекс профилактических и организационных мероприятий, направленных на предотвращение чрезвычайных ситуаций на водоёмах. Об...

Читать далее ...

В области Абай оказали почести ветеранам войны и труженикам тыла

09.05.2026
В области Абай оказали почести ветеранам войны и труженикам тыла

В преддверии Дня Победы аким области Берик Уали связался с ветераном Великой Отечественной войны Григорием Маларовым, который в праздничные дни...

Читать далее ...

В области Абай широко отмечают День Победы

09.05.2026
В области Абай широко отмечают День Победы

9 мая — День Победы — широко отмечается в области Абай. В честь памятной даты в городе Семей организован ряд...

Читать далее ...

Поздравление Главы государства Касым-Жомарта Токаева с Днем Победы

09.05.2026
Поздравление Главы государства Касым-Жомарта Токаева с Днем Победы

Уважаемые соотечественники! От всей души поздравляю вас c Днем Победы! 9 мая мы с искренней признательностью воздаем должное великому подвигу...

Читать далее ...

Трансформация партийного поля и новые электоральные ориентиры

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

Появление партии Adilet отражает изменение электоральных и идеологических парадигм в стране. На этом фоне партия Amanat, сохраняющая статус правящей до...

Читать далее ...

Новости

В области Абай напомнили, как действовать покупателю, если не выдали чек

8 часов назад

В области Абай усилены меры безопасности на воде

8 часов назад

В области Абай оказали почести ветеранам войны и труженикам тыла

8 часов назад

В области Абай широко отмечают День Победы

9 часов назад

Поздравление Главы государства Касым-Жомарта Токаева с Днем Победы

9 часов назад

Трансформация партийного поля и новые электоральные ориентиры

2 дня назад

Перераспределение ролей в новой политической системе

2 дня назад

Политическое доверие и персональная ответственность за новый курс

2 дня назад

Закрепление транзита и демонтаж прежней политической архитектуры

2 дня назад

Председательство Айбека Дадебая как элемент управленческой преемственности

2 дня назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС