Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

СЕМЕЙЛІКТЕР ЯДРОЛЫҚ ҚАРУСЫЗ ӘЛЕМДІ ҚОЛДАЙДЫ

13.08.2019
FacebookWhatsappTelegram

Өткен аптаның соңында Семей қаласындағы Достық үйінде халықаралық «Невада-Семей» қозғалысының 30 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті. Аталмыш шараға шаһарымыздағы қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдардың, этномәдени орталықтардың басшылары мен Қазақстан халқы Ассамблеясының жергілікті өкілдері, журналистер қауымы қатысты.

Жиынды қоғам белсендісі Жанна Жибраева алғы сөзбен ашты.

— Бүгінгі ұйымдастырылып отырған дөңгелек үстел ядролық қару сынды зұлматты болдырмауға арналып отыр. Семей халқы қарусыз әлемді бір кісідей қолдайды. Ядролық сынақтардың зардабы әлі күнге дейін білінеді. Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы қаламызға жұмыс сапарымен келгенде Семей қаласының дамуы үшін арнайы бағдарлама қажет екендігін айтқан еді. Осы орайда біз бүгінгі шараға қатысушылармен бірігіп ортақ бірнеше мәселені қарастырдық. Олардың қатарында полигон зардабын тартқан жандарға арнайы медициналық көмек көрсету, шипажайлар мен демалыс орындарын қарастыру, толық жағдай жасау мәселелері бар. Міне, осы сынды жұмыстар қолға алынатын болады,- деді «Невада-Семей» қозғалысының белсендісі Жанна Жибраева.

Дөңгелек үстел барысында сонымен қатар Достық үйінің директоры Надежда Шарова да сөз алып, осынау ғасыр қасіреті – ядролық сынақтардың қазақ халқына қаншалықты зобалаң алып келгенін кең көлемде айтып өтті. Ал осы қайғы-қасірет шектірген аждаһаның үні тек ел тәуелсіздігінің қарсаңында ғана Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың және өзге де қайраткерлердің белсенділігінің нәтижесінде мәңгілікке өшті.

Тоқтала кетсек, 1949 жылы Семей полигонында сыналған ядролық зарядтардың жиынтық қуаты Хиросимаға тасталған атом бомбасынан 2,5 есе асып түскен екен. Нәтижесінде, көптеген радиоактивті заттар атмосфераға жайылып, сынақ аумағында тұратын жергілікті халықтың денсаулығы күрт төмендеді.

Дөңгелек үстелде халықаралық «Невада-Семей» қозғалысының вице-президенті Сұлтан Картоев мырза да өткен күндер жайында келелі пікір білдірді. Сондай-ақ, қозғалыстың көш басында тұрған ел азаматтары туралы айтып, тарихи кезеңдерге шолу жасап өтті.

1991 жылдың 29 тамызында Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 40 жыл ажал отын шашқан полигон жабылды. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 1992 жылғы 15 мамырдағы № 779 Жарлығымен бұрынғы Семей полигонының әскери-өнеркәсіп кешенінің, сондай-ақ республика аумағында орналасқан тиісті ғылыми ұйымдар мен объектілердің негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы құрылды.

Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 29 тамыз Халықаралық ядролық сынаққа қарсы күн болып белгіленді. Еліміз бейбітшіліксүйгіш саясатымен әлемдік қоғамдастықта өзіндік орнын алған елдердің санатында айқын танылып келеді. Қазіргі таңда Елбасының бастамасымен Ядролық қарусыз әлем құруға бағытталған «Атом» жобасы жүзеге асырылуда. Жоба әлем басшыларына Ядролық қару сынақтарын тоқтатуына ықпал ету; Ядролық қару сынақтарын әлем бойынша жоюға бағытталған келісімінің заңды құралы ретінде күшіне енуін қамтамасыз ету үшін, петицияны Ядролық қаруларды сынауға тыйым салу туралы келісімге қол қоймаған немесе келісімшартты бекітпеген ядролық ірі мемлекеттерге ұсыну бағытында сәтті жұмыс жасап келеді. Бұл туралы сөз еткен дөңгелек үстелге қатысушылар алдағы уақыттарда да атқарылар істер аз еместігін айтады.

Жанат ПЕРНЕБЕК, «Семей таңы»{jcomments off}

 

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

3 дня назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

3 дня назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

4 дня назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

5 дней назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

5 дней назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

5 дней назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

6 дней назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

1 неделя назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

1 неделя назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС