Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ СЫН КӨТЕРМЕЙДІ

23.08.2019
FacebookWhatsappTelegram

21 тамыз, сәрсенбі күні қалалық әкімдікте Қоғамдық кеңес отырысы өтті. Отырысқа қала әкімі Ермак Сәлімов, қала әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев, қалалық мәслихат хатшысы Бейсенбек Ақжалов, кеңес төрағасы Зүлфия Жамалтдинова, кеңес мүшелері, бөлім басшылары және медициналық мекемелердің өкілдері қатысты.

Бұл жолғы жиында Семей өңірі бойынша денсаулық сақтау саласындағы ахуал және қаладағы ішкі туризмді дамыту мәселелері сөз болды. Жиынды ашқан Зүлфия Фазылжанқызы осымен бірнеше мәрте кеңес отырысына келмеген ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының Семей қаласы бойынша басшысының орынбасары Гүлнар Шарипованы сынға алып, қала әкіміне ескерту беруін өтінді. Кеңес мүшелерінің ұсынысымен құрамына Перинаталдық орталық, №12 емхана, инфекциялық аурухана, жедел медициналық жәрдем ауруханасы, Знаменка ауылдық емханасы, диагностикалық орталық басшылары кіретін жұмыс тобы құрылды. Бұл жұмыс тобы қаладағы медициналық қызмет көрсету сапасын бақылап, денсаулық сақтау мекемелерінде орын алған мәселелерді шешуге атсалысатын болады.

Жиын барысында Зүлфия Фазылжанқызы Семейдегі медициналық қызмет көрсету сапасы көңіл көншітпейтінін, тұрғындардан арыз-шағым көп түсетінін еске салды. Кеңес төрағасының айтуынша, Қоғамдық кеңес мүшелері шаһардағы барлық медициналық мекемелерді аралап, жағдайды бақылаған. Кеңес басшысы инстаграмда арнайы ашылған аккаунтта тек №10 емхана жайлы жағымды пікірлер айтылатынын жеткізді.

Жақын орналасқан медициналық мекемелерді оңтайландыру туралы Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырмасына сәйкес, қаладағы Перинаталдық орталық пен жедел медициналық жәрдем ауруханасы біріктірілуі мүмкін. Бірақ екі мекеменің арасы тым шалғай екенін ескерсек, бұл тұрғындар үшін қолайсыздық тудыруы бек мүмкін.

— Медициналық мекемелер жақын орналасса, біріктіруге болатын еді. Бірақ екі аурухананың арасы 10 км. Екі мекеменің қосылуын сарапшылар да құптап отырған жоқ. Олар мұның Семей үшін тиімсіз екенін айтды. Біз, Қоғамдық кеңес мүшелері, қаланың даму жоспарын талқылағанда, жаңадан салынатын балалар ауруханасы перинаталдық орталықпен бірігеді деп нақты айтқанбыз, — деген Зүлфия Фазылжанқызы Қоғамдық кеңес облыстық денсаулық сақтау басқармасына және денсаулық сақтау министрлігіне хат жолдап, перинаталдық орталық пен жедел медициналық жәрдем ауруханасын біріктірудің тиімсіз екенін жеткізетінін айтты.

Семейдегі инфекциялық арухана директорының міндетін атқарушы Сәуле Қаржаубаева 1939 жылы салынған аурухана ғимаратының тым ескі екенін, санитарлық талаптарға сай келмейтінін, ҚДС басқармасы тарапынан үнемі айыппұлдар салынатынын айтып шағымданды. Тіпті жақында экономикалық сот ауруханадағы онға жуық бөлімшені жабу туралы шешім шығарғанын жеткізген Сәуле Қаржаубаева Қоғамдық кеңес мүшелерінен сот шешімін кейінге қалдыруға немесе жаңа аурухана салуға көмек көрсетулерін өтінді.

— Аурухана ғимараты тым ескі, санитарлық талаптарға сай емес. Сондықтан ҚДС басқармасы тарапынан үнемі айыппұлдар салынады. Бізді екі рет әкімшілік сотқа берді. 6 тамызда экономикалық сотқа арыз берілді. Сот шешімімен, бактериологиялық лаборатория, үлкендер инфекциясы бөлімі, балалар жансақтау бөлімі, үшінші бөлімше, ас үй, кір жуатын орын жұмысы тоқтатылды. Мен сотқа шешімді кейінге қалдыру туралы хат жаздым, бірақ әлі жауап жоқ. Бұдан бұрын қалалық әкімдік пен облыстық Денсаулық сақтау басқармасынан бұл мәселерді шешуге көмек сұрағанмын. Бізді басқа ауруханамен біріктірсе немесе жаңа ғимарат салып берсе, — деп өтініш білдірді Сәуле Қаржаубаева.

Семейге әсіресе жаз уақытында инфекциялық аурухананың қажеттілігін алға тартқан Қоғамдық кеңес мүшелері сотқа, сот орындаушыларына хабарласып, шешімді кейінге қалдыруды сұрайтын болып келісті.

Айта кетейік, инфекциялық аурухана 140 орынға есептелген. Оның ішінде 100 орын балаларға, 40 орын үлкендерге арналған.

Семей қаласының дене шынықтыру, спорт және ішкі туризмді дамыту бөлімінің басшысы Мұрат Құржықаев Семейдегі ішкі туризмді дамыту бағытында атқарылған шаралар жайлы баяндады. Оның айтуынша, қалада «Демалыс күнгі маршрут» жобасы қолға алынып, қаланың туристік логотипі, карта мен жолнұсқа әзірленген. Алдағы уақытта оларды әуежайға, вокзалдар мен қонақ үйлерге, қала әкімінің сайтына орналастыру жоспарланған. Сонымен қатар бөлім басшысы туристерді тарту мақсатында ауқымды шараларды өткізу үшін арнайы жоба дайындалғанын, алдыда тарихи орындар мен ескерткіштерді сақтап, саяхаттар ұйымдастыру міндеті тұрғанын және Семейге туристерді тартатын «магнит» керектігін баса айтты. Кеңес мүшелері болса бөлім басшысына жұмысты жандандыруды тапсырды.

— Баяндамаңызда туристік сайт қажет екенін айтып кеттіңіз. Бірақ қарапайым ВКонтакте, инстаграмм әлеуметтік желілерінде жұмыс істемейсіздер. Халықты қызықтыратын тартымды парақшаларыңыз жоқ,- деді кеңес мүшесі Жасұлан Құрманғалиев.

Жиын соңында кеңес мүшелері қаралған мәселелерді бақылауда ұстайтындарын айтты.

Айтолқын Саматова, «Семей таңы»{jcomments off}

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

3 дня назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

3 дня назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

4 дня назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

5 дней назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

5 дней назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

5 дней назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

6 дней назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

1 неделя назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

1 неделя назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС