Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

КӨШЕ АТАУЛАРЫНЫҢ КӨРМЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

04.03.2014
КӨШЕ АТАУЛАРЫНЫҢ КӨРМЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
FacebookWhatsappTelegram

Қаладағы бірқатар көшелер атауларына байланысты сейсенбі күні Семейдегі облыстық өлкетану мұражайында көр—менің ашылу салтанаты өтті. Аталмыш көрмені мұражайға келушілер бір ай бойы тамашалай алады.

 

Салтанатты шараға қаладағы бірқатар мәдениет ошақтарының басшылары мен қызметкерлері, ардагерлер қауымы мен шаһардағы көшелерге есімдері берілген тұлғалардың туыстары, әріптестері және БАҚ өкілдері қатысты. Шара басталмас бұрын Облыстық өлкетану мұражайының директоры Бекен Теміров журналистер тобына сұхбат берді.

— Әр қаланың өзінің тарихы бар. Ал, қалада неше көше бар болса, сонша тарихи орынның болатыны белгілі. Сондықтан, қала тарихын қалай ашуға болатынын ойлана келе, біз қаладағы әр қысқа көшенің, әр үлкен даңғылдардың өзінің тарихы бар екенін, оны біреу білсе, біреу білмейтінін ескеріп, осы көрмені ұйымдастыруды жөн көрдік. Мысалы, қаламызда 400-ден аса көше бар. Солардың тарихының материалдарын сараптай келе, 60 көшені іріктеп алдық. Олардың ішінде Абай, Мұхтар, Шәкәрім сынды қазақтың біртуар тұлғаларының атындағы көшелер де бар. Ал, қала тұрғындарының кейбірі өздері тұрып жатқан көшелердің атын білмей жатады. Тіпті, білген күннің өзінде тұрғындардың басым бөлігі ол көшелерге есімі берілген тұлғалардың кім екенін және неге олай аталғандығынан бейхабар болып шығады, — деген Б.Теміров, — көшелердің тарихы қаланың тарихы екені белгілі. Сондықтан, осы көрмені қалалықтар өз көшелерінің, яғни, қаланың тарихын тереңірек білуі мақсатында ұйымдастырып отырмыз, — дейді.

«Сұлу сары», «Сауыншы», «Махаббат вальсі» сынды көптеген әндердің авторы, белгілі композитор Бекен Жамақаевтың атында да көше бар бүгінде. Небары 40 жасында дүниеден өткен композитордың есімі ұрпаққа ұран болып қалатыны, әрине, қуанышты жағдай. Шара барысында мұражай басшысы Бекен Теміровтің кіріспе сөзінен соң Бекен Жамақаевтың қарындасы Бейбітжан Молдаханова сөз алды. Ағасының өнері бағаланып, қала көшелерінің біріне оның есімі берілгеніне разылығын жеткізген Бейбітжан апа қуаныштан көз жасын да жасыра алмады. Сөз соңында Бекен Жамақаевтың баянымен  оның «Махаббат вальсі» сынды бірер әнін шырқатып, көпшіліктің көңілін тасытты. Ағасынан қалған әннің мәтіндері мен ноталары түсірілген құжаттарды және ағасының көзіндей болған баянды мұражайға сыйға тартты. Көңілі босаған Бейбітжан апай баянды қайта-қайта сүйіп, ағасынан қалған асыл затты қимады да.

 

{jcomments on}Сыйлық иесіне баян мұражайдың тек төрінен орын алатынын айтқан Бекен Теміров Бейбітжан Молдахановаға ал-ғысын айта келе, ағасынан қалған мұраларды қай уақытта көргісі келсе де мұражай есігі айқара ашық болатынын тілге тиек етті.

 

Одан кейін спорттың жеңіл атлетика түрі бойынша олимпиада чемпионы   болған Ғұсман Қосановтың қарындасы Нағима Қосанова сөз алды. Ол кісі мұражайға ағасының медальдарының бірін сыйға берді. Айтуынша, қаладағы көшелердің біріне ағасының аты берілсе, енді Бородулиха ауданындағы мектептердің біріне де есімі берілмек. Изатолла деген шағын ауылдан Мәдениет Ешекеев,    Болат Сыбанов және Ғұсман Қосанов сынды біртуар азаматтардың шыққанын айтқан қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амантай Доғалақов Ғұсман Қосанов пен Бекен Жамақаев туралы естелік әңгімелер айтып өтті.

Одан кейін М.Төлебаев атындағы    музыкалық колледждің оқытушысы Әлфия Түсіпова сөз алды. Жолдыбай Дәстенов сынды азаматтардың өнерде де, қалада да алар орны ерекше екенін тілге тиек еткен Әлфия Ғазизқызы бұрын музыка училищесі Пугачев көшесінде болса, қазіргі уақытта бұл көше Жолдыбай Дәстенов атына ауыстырылғанын мақтанышпен атап өтті.

Сонымен қатар, шара барысында қаладағы көшелерге есімі берілген азаматтар, марқұм өрт сөндіру қызметкерлері Рахымғали Икенов пен Валерий Белоножколар жайлы да айтылды. 1993 жылы қаладағы ірі кәсіпорындардың бірінде тұтанған тілсіз жаумен арпалыс кезінде қасындағы қызметтестерін құтқарып қана қоймай, мемлекеттің мүлкін де сақтап, өз жандарын қиып, ерлікпен қаза тапқанын айтқан қос азаматтың әріптесі, өрт сөндіру қызметінің ардагері Қанат Айғожин:

— Олар өте жас жігіттер еді, өз жұмыстарын жақсы көрді. Өйткені, жұмыстарын қалтқысыз орындауға ант берген болатын. Бейбіт күнде де ерлік жасаған осындай азаматтардың барына қуанамыз. Сондай азаматтар көп болсын, ардагерлеріміз аман болсын, — деп тілегін жеткізді.

Қанат Шериязданұлы осылайша адамдардың еңбегін ескеріп, аттары мәңгі өлмес үшін қала көшелеріне есімдері беріліп жатқаны үшін қалалық әкімдікке алғысын айтты. Осындай шара ұйымдастырып отырған мұражай ұжымына да ризашылығын білдіріп өтті.

Көрмені өткізу барысында үлкен зерттеу жұмыстары жүргізіліп, мұражай қоры мен қала тұрғындарынан, өлкетанушылардан, тарихшылардан көшелерге қатысты көптеген тың деректер жиналған. Шара соңында барлық келушілер көрмені тамашалады.

Нұрдәулет КӘКІШЕВ,

«Семей таңы»

Связанные новости

Восстановлены нарушенные права услугополучателей

11.03.2026
Восстановлены нарушенные права услугополучателей

Департамент агентства РК по делам государственной службы по области Абай является уполномоченным органом по оценке и контролю за качеством оказания...

Читать далее ...

В Кокпектинском районе будет реализован ряд важных проектов

11.03.2026
В Кокпектинском районе будет реализован ряд важных проектов

В этом году в Кокпектинском районе планируется реализовать ряд важных проектов, направленных на развитие экономики и создание новых рабочих мест....

Читать далее ...

Члены общественного совета области Абай выразили поддержку новой Конституции

11.03.2026
Члены общественного совета области Абай выразили поддержку новой Конституции

Сегодня аким области Берик Уали встретился с членами областного общественного совета. На заседании, которое модерировал член Конституционной комиссии и председатель...

Читать далее ...

Коллектив АО «Семей Инжиниринг» поддержал проект Новой Конституции

11.03.2026
Коллектив АО «Семей Инжиниринг» поддержал проект Новой Конституции

В городе Семей областной филиал общенациональной коалиции «За Народную Конституцию Справедливого и Прогрессивного Казахстана!» продолжает встречи, направленные на разъяснение проекта...

Читать далее ...

Молодежь области Абай стала активнее работать и учиться

11.03.2026
Молодежь области Абай стала активнее работать и учиться

В области Абай сократилась доля молодежи, не занятой ни учебой, ни работой. Регион также расширяет программы трудоустройства, льготной ипотеки и...

Читать далее ...

Члены региональной коалиции встретились с коллективом филиала АО «Казахтелеком»

11.03.2026
Члены региональной коалиции встретились с коллективом филиала АО «Казахтелеком»

Сегодня члены регионального филиала коалиции «За Народную Конституцию Справедливого и Прогрессивного Казахстана!» встретились с коллективом филиала АО «Казахтелеком». В ходе...

Читать далее ...

Новости

Восстановлены нарушенные права услугополучателей

17 часов назад

В Кокпектинском районе будет реализован ряд важных проектов

21 час назад

Члены общественного совета области Абай выразили поддержку новой Конституции

21 час назад

Коллектив АО «Семей Инжиниринг» поддержал проект Новой Конституции

21 час назад

Молодежь области Абай стала активнее работать и учиться

21 час назад

Члены региональной коалиции встретились с коллективом филиала АО «Казахтелеком»

21 час назад

Члены участковых комиссий во всех регионах РК прошли специальное обучение перед республиканским референдумом

21 час назад

Новая Конституция Казахстана глазами зарубежного эксперта: что меняется и почему это важно

2 дня назад

Представлена AI-платформа по проекту новой Конституции

2 дня назад

Звезды казахстанской эстрады объединились в поддержку новой Конституции – народный гимн «Халықтың Ата Заңы»

2 дня назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС