Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

АБАЙ ЕЛІНЕН ҚАНАТТАНЫП АТТАНДЫ

03.09.2019
FacebookWhatsappTelegram

Ұлы Абайдың туған күніне орай, Жидебайда жалпы білім беру ұйымдарының 8- 11 сынып оқушылары арасында ҚР Білім және ғылым министрлігі, республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы және Шығыс Қазақстан облыстық Білім басқармасы мен Абай аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруыменХХ Республикалық «Абай оқулары» байқауы өтті.

Абай оқуларының негізгі мақсат-міндеті – қазақ халқының әдеби мұрасын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық әдебиетті оқуға деген қызығушылығын арттыру, Абай, Шәкәрім шығармаларын насихаттау, ұлттың рухани мұрасын қастерлеуге тәрбиелеу.

Республикамыздың түкпір-түкпірінен жи-налған жүзден астам оқушы жол-жөнекей «Еңлік-Кебек» ескерткіші, сырт Қасқа-бұлақтағы, Үйтастағы және Шілікті кезеңіндегі театрландырылған қойылымдарды тамашалап, жердің, елдің тарихымен танысты. Абай мен Шәкәрім жүрген топырақты басып, Шыңғыстаудың керімсал, жанға жайлы ауасымен тыныстаған оқушылар Қарауыл ауылына көтеріңкі көңіл-күймен келді. Осы ретте қонақтарға тағылымды шара – сахналық көріністер ұсынған М.Әуезов, С.Бекбосынов, Мамай атындағы мектептер мен Қарауыл мек-теп-гимназиясының (директорлары — Н.Орын- бекұлы, Б.Тілеубай, Р.Ұзақова, Қ.Жарасбаев) өнерлі оқушылары мен ұстаз-дарының еңбегін атай кеткен жөн.

Қарауыл ауылында сайысқа қатысушы оқушылар Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті.

— Ардақты ағайын, құрметті қонақтар! Бүгін Абай елінде, киелі Шыңғыстау жерінде үлкен мереке. Абай — қазақ халқының ұлттық мақтанышы. Сіздер алыптарды дүниеге әкелген ұлы мекенге алғаш рет аяқ басып отырсыздар, шын жүректен құттықтаймын! Заңғар жазушымыз Мұхтар Әуезовтің «Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы — заман тынысы» деген ұлағатты сөзі бар. Абай — алып бәйтерек. Сол бәйтеректің саясында өлең оқып, Абай туралы толғануға, тебіренуге келген сіздер шын бақытты ұрпақсыздар. Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаев: «Қазақ халқының киесі, ары мен намысы, ақылы мен жүрегі ұлы Абайдың аруағына басымды идім»,- деп ерекше тебіренген болатын-ды. Бұл — данышпан Абайға берілген әділ баға.

Қазіргі таңда Абайдың 175 жылдық торқалы тойына әзірлік жұмыстары жан-жақты жүргізілуде. Абай тойын өткізу жөнінде Президентіміздің Жарлығы шығып, арнайы комиссия құрылып отыр. Міне, енді сіздер келіп, Абай рухын көтеріп отырсыздар. Абай тойы 20 жылдық тарихы мен жолы бар «Абай оқулары» байқауынан бастау алып отыр.  Осы орайда бұдан 20 жыл бұрын «Абай оқуларын» алғаш рет ұйымдастырып, республикалық дәрежеге көтерген министрлік қызметкерлері — Абай ауданының Құрметті азаматы Роза Батталова мен Тілдаш Битуованың аттарына ерекше алғыс айтқым келеді.

Құрметті оқушылар! Сіздерге тұлпардың шабысын тілеймін! Абай, Шәкәрім, Мұхтар рухтары қолдап, жебей берсін,- деді Абай ауданының әкімі Жарқынбек Байсабыров.

Мұнан кейін ҚР білім беру ісінің үздігі, ана тілінің жанашыры Тілдаш Битуова, республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы директорының орынбасары Ғажданбек Тұрсынов, ШҚО Білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмағұлова сөз алып, поэзия сайысын өткізуге көмек көрсетіп отырған Абай ауданының әкімі Жарқынбек Байсабыров пен білім саласының қызметкерлеріне рақмет айтты. Жас сайыскерлерге шабыт пен жеңіс тіледі.

«Абай оқулары» осыған дейін 3 аталым бойынша өткізілген болса, биыл «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы», «Абайдың қара сөздері», «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары», «Көңілім әнді ұғады», «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» және «Ұлылар әлемі» атты 6 аталымды қамтыды.

Республикалық байқауға Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Алматы, Қостанай облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және Абай ауданының командалары қатысып, 2 күн бойы Абайдың қара сөздері мен Шәкәрімнің шығармаларынан үзінділер оқыды. Шыңғыстау аспанында Абай әндері қалықтады. Жеңіске жеткен өнерлі оқушылар ҚР Білім және ғылым министрінің, республикалық «Дарын» орталығының, ШҚО Білім басқармасының және Абай ауданы әкімінің бағалы сыйлықтарымен жіне алғыс хаттарымен марапатталды. Бір топ өнерлі ұстаздарға аудан әкімінің алғыс хаттары тапсырылды.

Сайыс қорытындысы бойынша, Сабина Сембекқызы (Жамбыл облысы), Диляра Қадырмолдина, Бағжан Кәріпбаева, Аңсар Амангелдин, Заңғар Нұртасұлы (ШҚО), Әйгерім Мұқаш, Маржан Жидебай (Ақтөбе облысы), Абзал Мақашев (Қарағанды облысы), Рамазан Балтабеков (Қызылорда облысы), Жаңыл Сабыржан (Қостанай облысы), Рахметолла Даниал (Павлодар облысы) ерекше көзге түсіп, І дәрежелі дипломға ие болды. ІІ дәрежелі дипломға 18, ІІІ дәрежелі дипломға 30 оқушы қол жеткізді. Жеңімпаздарға Шәкәрім атындағы университеттің, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және А.Жұманов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті ректорларының гранттары табыс етілді.

Жидебайда өнер көрсеткендеріне риза-шылықтарын білдіріп, қонақжай Абай еліне алғыстарын айтқан жас сайыскерлер Абай елімен қимай қоштасты.

Совет МАХМЕТОВ, «Семей таңы»{jcomments off}

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

3 дня назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

3 дня назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

4 дня назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

5 дней назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

5 дней назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

5 дней назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

6 дней назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

1 неделя назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

1 неделя назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС