Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

МЕДИЦИНАНЫ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ ТУРАЛЫ АЙТЫЛДЫ

03.09.2019
FacebookWhatsappTelegram

29 тамыз күні Абай театрында дәстүрлі «Экология. Радиация. Денсаулық» тақырыбындағы ХІV халықаралық ғылыми-тәжіри-белік конференцияның ашылу салтанаты өтті. Конференцияға Семей медицина университеті ректоры Ерсін Жүнісов, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыров, шетелдік және отандық жетекші ғалымдар мен мамандар қатысты.

«Экология. Радиация. Денсаулық» тақырыбындағы дәстүрлі ғылыми-тәжірибелік конференция «Семей медицина университеті» КеАҚ ұйымдастыруымен жыл сайын өтіп келеді. Бұл жолғы конференцияда радиациялық экология мен қауіпсіздіктің өзекті мәселелері, бұрынғы полигон аумағында тұратын халықты емдеу мен оңалту мәселелері талқыланып, радиациялық медицина бойынша жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорытындысы шығарылды.

Денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыров Семей ядролық сынақ полигонының зардаптары туралы баяндап, шетелден келген қонақтарға ризашылығын білдірді. Ал университет ректоры Ерсін Жүнісов полигонның жабылу тарихына тоқталды. Медицина ғылымдарының докторы Мақсұт Құлжанов Қазақстан халқының денсаулығына ядролық сынақтардың әсерін бағалауда үлкен үлес қосқан академик Атшабаров туралы баяндама оқыды.

Отыз жылдан аса Кеңес Одағының негізгі ғылыми медициналық орталығы – Аймақтық патология институтын басқарған Бахия Атшабаров туған халқына ерен еңбегімен танымал. Ол 1957 – 1959 жылдары Семей полигонында зерттеу жүргізіп, ядролық бомбалар сынағының еш зияны жоқ деген нәтижені алғаш болып жоққа шығарды. Ал Семей полигоны аймағында анықтаған «Қайнар синдромы» патологиясы әлемдік медицинаға жаңа ауру түрі ретінде енді.

— Ядролық қарудан бас тарту туралы «Невада — Семей» қозғалысын белгілі ақын, ұлт жанашыры Олжас Сүлейменов басқарғанын жақсы білесіздер. Бірақ оған дейін, 1957-60 жылдар аралығында, полигонның Семей өңірі халқының денсаулығына әсерін зерттеу үшін кең ауқымды зерттеу жұмыстары жүргізілді. Бахия  Атшабаров, биліктің тапсырмасынан тыс, ауыл ақсақалдарының балалар-дың денсаулығына алаңдаушылығын ескеріп, зерттеу жүргізе бастайды. Ол уақытта Кеңес үкіметі тарапынан полигонның ешқандай зияны жоқтығы, керісінше, сынақ жүргізілген аумақтардағы халық денсаулығының жақсарып келе жатқаны туралы мәлімдеме жасалған болатын, — деді Мақсұт Құлжанов өз баяндамасында. — Экспедициялық зерттеулердің нәтижесі Мәскеуде өткен қорытынды конференцияда талқыланды. Нәтижесінде Атшабаровтың жұмыс тобы осы конференцияда он тоғыз баяндама жасап, ядролық сынақтардың адамдар мен жануарларға әсерін анық көрсетті. Зерттеу жұмыстары барысында Абай, Бесқарағай, Шұбартау аудандары, Семей облысы, Қарағанды облысындағы Егіндібұлақ ауданы, Павлодар облысындағы Май ауданындағы полигон әсерінен зардап шеккен 4000-нан астам тұрғын және салыстырмалы түрде өзге аудандардан 2000-нан артық адам тексерілді, — деген баяндамашы аталған аудандарда өкпе мен сүт бездерінің рагы, лимфогемобластоз және басқа да қатерлі ісік патологиялары, қан аурулары көбейгенін айтып, полигон зардабын зерттеуде Бахия Атшабаровтың зор еңбегі жатқанын ерекше атап өтті.

Күншығыс елінен келген қадірлі мейман, «Хиросима-Семей жобасы» қоғамдық ұйымының хатшысы Чиеко Кобатаке Қазақстан халқы басынан кешкен қайғыға Жапония мемлекетінің де ортақ екенін жеткізіп, екі ел арасындағы әріптестік байланыс туралы сөз қозғады.

— Жапондықтар Чернобыль апаты туралы біледі. Бірақ көпшілігі Қазақстанда осындай қайғылы жағдай болғанынан бейхабар. Бұл – екі елге де ортақ қайғы.

Өздеріңіз білесіздер, Семейде 1949 жылдан бері тоқтаусыз жүргізілген атом жарылысы 1990 жылға дейін жалғасты. Өкінішке орай, болған зардаптардың салдары әлі күнге дейін халықтың денсаулығына теріс әсер етуде. Осы орайда ғалымдардың жүргізіп жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстары елдегі медицинаны, диагностиканы дамытуға өз үлесін қосып жатыр. Семей медицина университеті 20 жылдан астам уақыт бойы Жапония ғалымдарымен тығыз қарым-қатынас орнатып келеді. Бұл қарым-қатынастың жалғаса беретініне сенімдімін.

Жиынға Семей ядролық полигоны туралы деректі фильм түсіріп жүрген шетелдік тілшілер де қатысты. Олар Семей мен Курчатов қалаларына, медициналық университеттің анатомиялық мұра-жайына барып, ақпараттар жинауда.

Конференция соңында жүргізілген шеберлік сыныптарының, оқылған дәрістер мен баяндамалардың қорытындысы шығарылып, Қазақстандағы медицинаны дамытудың заманауи аспектілері ұсынылды.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы{jcomments off}

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

3 дня назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

3 дня назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

4 дня назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

5 дней назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

5 дней назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

5 дней назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

6 дней назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

1 неделя назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

1 неделя назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС