Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРАДЫ

03.09.2019
FacebookWhatsappTelegram

ҚР «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңына, ҚР Президентінің 2019 жылғы 13 ақпандағы №840 «Қазақстан Республикасының азаматтарын 2019 жылдың наурыз-маусым және қыркүйек-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру және әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығарып салу туралы» Жарлығына, ҚР Үкіметінің № 620 қаулысының 123, 124, 126-тармақтарына және ҚР Қорғаныс министрлігінің «ҚР Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптаманы өткізу Ережесін бекіту туралы» бұйрығына, ҚР Қорғаныс министрінің «Қазақстан Республикасының өзге әскері мен әскери құрылымындарында, Қарулы Күштерде қызмет ететін тұлғалардың денсаулық жағдайының жарамдылығына қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығына, сонымен бірге Семей қаласы әкімінің №341 қаулысының 2019 жылдың қыркүйек-желтоқсан айларында жасы он сегізден жиырма жетіге дейінгі ер жынысты азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы қаулысына сәйкес, Семей қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасында осы маңызды жұмысқа дайындық басталып кетті. Үстіміздегі жылғы көктемгі мерзімде әскерге шақыру осы жоғарыда көрсетілген қаулылар негізінде наурыз айында басталып, маусым айында толығымен аяқталды. Семей қаласы Қорғаныс істері жөніндегі басқарма ұжымы Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласына берілген тапсырмасын ойдағыдай орындап, облыс бойынша көш бастап келеді.

Семей қаласы Қорғаныс істері жөніндегі басқармасында барлық жұмыстар дер кезінде қолға алынып, әскер жасындағы жастардың тізімі рет-ретімен сараптамадан өткізілді. Семей қаласы Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының медициналық комиссиясының дәрігер мамандарының көмегімен әскерге шақырылушылар медициналық куәландырудан уақтылы өткізілген болатын. Бүгінде әскер қатарына шақырылған жастар Қазақстан аумағында өздерінің азаматтық борыштарын абыроймен атқаруда. Атап айтқанда Алматы, Тараз, Ақтау, Сарыөзек, Қапшағай, Үшарал елді мекендеріндегі әскери бөлімдерде, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара әскерлері, Ұлттық ұлан, Мемлекеттік күзет қызметі құрамында өздерінің үлгілі тәртібімен, қандай да болмасын қиындыққа төзе алатын, Отан алдындағы серттеріне берік, шыңдалған жауынгерлер екенін көрсетіп жүр.

Семей қаласының орта мектептері мектеп түлектерімен — бүгінгі таңда ҚР Қарулы Күштері қатарында азаматтық борыштарын өтеп жүрген жауынгерлермен хат алысып тұрады, оларға арналып «Әскерде жүр біздің түлек!» атты бұрыш ашылған, осылайша, жастар арасында ҚР Қарулы Күштерінің имиджін көтеруде айтарлықтай жұмыстар атқарып келеді. Жас жеткіншектермен, әскер қатарына шақырылатын жастармен үгіт-насихат жұмыстары мектеп қабырғасында ойдағыдай жүргізіліп отырғанын баса айту керек. Әсіресе бұл жұмыстар Шәкәрім атындағы мектеп-гимназияда, № №17, 34, 22, 21,39, 41 орта білім беретін мектептерде жақсы жолға қойылған. Олай дейтініміз Семей қаласының әскер қатарына дейінгі жастар арасында өткізіліп келе жатқан оқу-жаттығу ойындары, әскери-патриоттық, спорттық жарыстар, әскери-қолданбалы спорт түрлерінен өткізілетін жарыстар, қазақстандық патриотизмді насихаттауға арналған акциялар мен форумдар жастар арасында кеңінен қолдау табуда. Біздің командаларымыз республикалық деңгейдегі сайыстарға қатысып, бүгінде ең таңдаулы командалар шебінде өздерін көрсетіп отыр.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысқан Қарағанды облысы Спасск қаласындағы ҚР Қарулы Күштерінің оқу-жаттығу полигонында өткізілген V Республикалық жастар жиынында Шығыс Қазақстан облысы атынан барған Шәкәрім атындағы мектеп-гимназияның командасы ең таңдаулы команда ретінде өнер көрсетіп, 2-ші жүлделі орынды жеңіп алды. Бұл — нәтижелі атқарылған жұмыстардың, үлкен еңбектің жемісі. Осы орайда әскер қатарына шақырылатын жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеп, болашақ сарбаздарды әскер қатарына дайындауға айтарлықтай үлес қосып жүрген алғашқы әскери дайындық пәнінің жетекшілері — Серік Тусупов, Есенгазы Оразбаев, Шопайхан Нукунов, Оразай Кобелеков, Ерсін Тиыштыкбаев, Сәбит Жоломбетов, Нұржан Жакашев, тағы басқа да ұстаздардың елеулі еңбегін атай кеткен жөн деп ойлаймыз. Бүгінгі таңда күзгі әскер қатарына шақырылатын, Отан алдындағы борышын өтеуге міндетті денсаулығы жақсы, он сегіз бен жиырма жеті жас аралығындағы жастарды іріктеу, медициналық тексеруден өткізу жұмыстарын жүргізу науқаны басталғанын хабарлаймыз. Осыған орай әскер қатарына шақырылуға жасы жеткен, денсаулығы мықты жастарды Семей қаласы Қорғаныс істері жөніндегі басқармасында медициналық тексеруден өтуге шақырамыз. Өмірдің бір баспалдағы – әскер қатарында қызмет етіп, өзін-өзі сынайтын уақыт келгенін жас өрендердің естеріне саламыз. Әр нәрсенің өз уақыты бар, әскер қатарында болып, азаматтық борышыңды абыроймен атқарған шағың сенің жарқын болашағыңның бастауы болатынын білуің керек. Сені өз құрдастарың Отан алдындағы борышты өтеу үшін алыс жолдарға шақырып, шыңдалу мектебінен бірге өтуге шақырады.

Семей қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының ұжымы әрбір әскер қатарына шақырылатын азаматтың, шақыру қағазын алысымен, өзінің жеке куәлігінің көшірмесін, білімі туралы құжаты мен мінездемесін, көлік жүргізу куәлігін, амбулаторлық медициналық картасын ала келулері керек екенін естеріне салады.

К.БЕРДИКЕНОВ, Семей қаласы Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының қызметкері.

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

3 дня назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

3 дня назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

4 дня назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

5 дней назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

5 дней назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

5 дней назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

6 дней назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

1 неделя назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

1 неделя назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС