Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

РАДИОЛОГИЯЛЫҚ КЛАСТЕР ҚҰРУ- ҚАЖЕТТІЛІК

04.03.2014
РАДИОЛОГИЯЛЫҚ КЛАСТЕР ҚҰРУ- ҚАЖЕТТІЛІК
FacebookWhatsappTelegram

Радиациядан зардап шеккен халықтың денсаулығын оңалту қазіргі уақытта өзекті мәселеге айналып отыр. Әсіресе, бір кездері  ядролық сынақ алаңы болған Шығыс Қазақстан өңірі үшін бұл күн тәртібінен түспейтін тақырып. Аймақта радиациялық сәуле шашатын ірі өндіріс ошақтары тағы бар. Сондықтан тұрғындардың денсаулығын оңалту әрі жақсарту үшін, 2009 жылы Елбасы үкіметке ядролық медицинаны дамыту мақсатында қаламызда радиологиялық кластер құру туралы тапсырма берген болатын. Аталмыш бастама шеңберінде бірнеше жыл бойына жоспарлы жұмыс атқарылып, кластер құрудың алғашарттары жасалды. Ақпанның 26-сы күні қала әкімдігінде осы мәселеге орай кезекті отырыс өтті.

 

Жиынға қала әкімі Айбек Кәрімов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Вадим Овсянников, қаламыздың медициналық мекемелерінің және ұлттық ядролық орталықтың өкілдері қатысты. Құрылатын бірлестіктің жұмысы табысты әрі нәтижелі болуы үшін, ең алдымен оның құрылымы мен басқару жүйесінің қандай болатынын анықтап алған абзал. Себебі, сол кезде ғана ол халыққа тиімді қызмет көрсетеді. Осы орайда жиын барысында бірлестікті заңдық тұлға түрінде құру туралы ұсыныс айтылды. Басқарудың бұл формасының тиімділігі жайлы пікірлер ортаға тасталды. Алайда оның өзіндік кемшіліктері де жоқ емес көрінеді. Себебі, заңдық тұлға бір ғана ұйымның негізінде құрылатындықтан, қағазбастылықты көбейтетінін былай қойғанда, қазіргі таңда бюджеттен жеке-жеке қаржыландырылып отырған бірлестік құрамына енетін мекемелерге қаражатты бөліп беріп отыру қиынға соқпақ. Ал, кластердің құрамына кірген жекелеген мекемелер бір — біріне тәуелді болып қалмай өзара әріптестік приципі бойынша жұмыс атқарады. Бұл өз кезегінде халық денсаулығын оңалтудың сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Вадим Овсянников бұл мәселеге қатысты былай деп пікір білдірді:

— Біз Денсаулық сақтау министрлігіне осы бірлестікті құруда көмек беруді сұрап хат жаздық. Осыған орай арнайы жұмыс тобы жасақталды. Сондай-ақ, қазір министрліктің құқықтық бөлімі осы бағытта жұмыс жасап жатыр. Себебі, жоғарғы ведомствоның кластер құруда белгілі бір тәжірибесі бар.     Сондықтан менің ойымша, кластердің      қандай түрде болатынын Денсаулық сақтау министрлігі шешетін болады.

Сондай-ақ, жиында кластердің құрамына қандай мекемелер енетіні, олардың  атқаратын міндеттері қандай болатыны жайлы сөз қозғалды. Бұл тұрғыда денсаулық сақтау мекемелері мен жоғары оқу орындары және өңірдегі радиация саласында ғылыми зерттеулермен айналысатын ұлттық ядролық орталық сияқты мекемелер бірігіп жұмыс істеуі қажеттігі айтылды. Бұл мекемелердегі мамандардың міндеті ұдайы тексеру жүргізіп, тұрғындардың радиациялық сәулеленуге қаншалықты ұшырағанын анықтап, ақпарат беріп отыру.  Өз кезегінде медициналық мекемелер соған сәйкес оңалту шараларын жүзеге асырады. Жоғары оқу орындарының міндеті, әлбетте, білікті кадрлар даярлау. Осы орайда, медициналық білім ордалары мен бірге техникалық жоғары оқу орындарының жүйелі жұмыс істеуі  қажеттілік болмақ. Себебі, олар болашақта халықтың және қоршаған ортаның радиациялық сәулеленуден қаншалықты зардап шеккендігін анықтауға қабілетті мамандар дайындауы керек. Алайда, облыс-тық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Вадим Овсянников ұлттық ядролық орталықты кластердің құрамына енгізу туралы төмендегідей ой айтты:

 

{jcomments on}- Кластердің мақсат-міндеттеріне  келсек, ол – білім беруді, ғылым мен практиканы өзара ықпалдастыру. Қойған мақсатымызға сәйкес бірлестіктің құрамына нақты бірнеше құрылымды енгізуіміз керек. Медициналық мекемелер өз алдына, ал Ұлттық ядролық орталық жайлы айтсақ, онымен бірігу қиын болады. Себебі, Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан бұл орталыққа ықпал ете алмаймыз. Мен алдымен кластер құрып алып, содан кейін басқа мекемелермен өзара әріптестікті орнатуымыз керек деп ойлаймын.

 

Елімізде болашақта экономикаға қажетті қуат мөлшерін алу үшін атом электростанцияларын салу жоспарланған. Сол АЭС-тердің қоршаған ортадағы радиациялық ахуалға  әсері тиері сөзсіз. Орын алатын өзгерістердің салдарының алдын алуда да аталмыш кластердің рөлі зор болмақ. Бұл тұрғыда қала әкімі Айбек Кәрімов:

— Осы АЭС-тер салынған сәтте тұрғындардың көкейінде олардың қаншалықты қауіпсіз екендігі жайлы сұрақтар тууы мүмкін. Бұл заңды да. Құрылатын бірлестік осы сауалдарға да жауап беруге дайын болуы керек.

Отырыста сөз болған тағы бір мәселе – кластердің қаржыландырылуы.  Қазіргі таңда ғылым туралы заң бойынша үкімет тарапынан осындай бірлестіктерге қаражат бөлудің үш жолы бар: бағдарламалық-мақсатты, базалық және гранттық. Кластер аясында жүзеге асатын жобаларды қаржыландыруға осылардың алғашқысы тиімді саналатыны айтылды. Себебі, осы жолмен қаражат бөліп қана құрылған бірлестіктің толыққанды жұмыс істеуін қамтамасыз етуге болатын көрінеді.

Бүгінде әр түрлі онкологиялық аурулардың саны аз емес. Олардың басым көпшілігі мөлшерден тыс тікелей радиация- лық сәулеленуге ұшыраудан туындайтыны белгілі. Сондай-ақ, тұрғындардың ішетін ауыз суы мен тұтынатын азық-түліктерінің осы тұрғыдағы тазалығы мен сапасына баса назар аудару қажет. Себебі, тексеру өтіп залалсыздандырылмаған болса, радиациялық сәулеленуге ұшыраған су мен тағам адам ағзасына көп зиян тигізетіні сөзсіз. Бұл бағытта қазірдің өзінде нәтижелі зерттеу жұмыстары жүргізілген көрінеді. Демек, халықтың денсаулығын жан-жақты оңалту шараларын жүзеге асыруға мүмкіндік пайда болады. Жиын барысында азық-түліктің радиациядан таза болуына қатысты айтылған сөздің жалпы мәні осы болды.

Сондай-ақ, отырыс барысында қалада жаңа оңалту орталығын салу мәселесі қозғалды. Нысанның үш түрлі эскизі мен құрылысына лайық деп танылған үш жер учаскесі көрсетілді. Біріншісі, Павлодар тасжолы бойындағы қарағайлы орманның аумағында, екіншісі, қалалық аурухана жанында, үшіншісі Түйемойнақ аралында орналасқан.

Жиын соңында радиологиялық медицина кластерін құру мәселесіне қатысты нақты шешімдер наурыз айының аяғында өтетін отырыста айтылатыны белгілі болды.

Мирас ҚҰСАЙЫН,

“Семей таңы”.

Связанные новости

Заместитель министра обороны по цифровизации посетил Абайский и Аягозский гарнизоны

15.08.2025
Заместитель министра обороны по цифровизации посетил Абайский и Аягозский гарнизоны

В регионе заместитель министра обороны Дархан Ахмедиев проверил результативность внедрения цифровых технологий в деятельность воинских частей и учреждений. В артиллерийских...

Читать далее ...

В области Абай новая школа проекта «Келешек мектептері» принимает гостей

14.08.2025
В области Абай новая школа проекта «Келешек мектептері» принимает гостей

В посёлке Водный города Семей в здании новой школы на 600 мест состоялся День открытых дверей. Мероприятие прошло с целью...

Читать далее ...

В области Абай проект «Салауатты сана» охватил более 2 тысяч человек

14.08.2025
В области Абай проект «Салауатты сана» охватил более 2 тысяч человек

В регионе сегодня действует 78 Советов матерей. По инициативе Республиканского совета матерей Ассамблеи народа Казахстана в рамках проекта «Салауатты сана»...

Читать далее ...

Межнациональные конфликты в соцсетях: казахстанцам напомнили об уголовной ответственности

13.08.2025
Межнациональные конфликты в соцсетях: казахстанцам напомнили об уголовной ответственности

Прокуратура Карагандинской области сегодня, 13 августа 2025 года, выступила с важным заявлением, в котором предупредила о росте межнациональной розни в...

Читать далее ...

В области Абай более 24 тысяч учеников получили социальную поддержку

13.08.2025
В области Абай более 24 тысяч учеников получили социальную поддержку

С начала нового учебного года в регионе государство оказывает комплексную финансовую и материальную помощь детям из социально уязвимых категорий. Об...

Читать далее ...

В Семее началось строительство крупного коммунального рынка

12.08.2025
В Семее началось строительство крупного коммунального рынка

Сегодня в Семее официально стартовало строительство крупнейшего в регионе коммунального рынка. В торжественной церемонии приняли участие аким области Берик Уали,...

Читать далее ...

Новости

Заместитель министра обороны по цифровизации посетил Абайский и Аягозский гарнизоны

2 дня назад

В области Абай новая школа проекта «Келешек мектептері» принимает гостей

3 дня назад

В области Абай проект «Салауатты сана» охватил более 2 тысяч человек

3 дня назад

Межнациональные конфликты в соцсетях: казахстанцам напомнили об уголовной ответственности

4 дня назад

В области Абай более 24 тысяч учеников получили социальную поддержку

4 дня назад

В Семее началось строительство крупного коммунального рынка

5 дней назад

В области Абай не зарегистрированы случаи отравления бахчевой продукцией

5 дней назад

«Абай елінен сарқыт»: новое креативно-социальное пространство появилось в Семее

5 дней назад

Глава государства провел совещание по вопросам развития искусственного интеллекта

6 дней назад

180-летие Абая завершилось в Абайском районе

6 дней назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС