Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ӨНЕР МАЙТАЛМАНДАРЫ ҚАЛАМЫЗДА

24.09.2019
FacebookWhatsappTelegram

Семейде 20 — 25 қыркүйек аралығында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен және Қазақстан театрлары ассоциациясының ұйымдастыруымен Қазақтаннның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көрнекті кино және театр актрисасы Әмина Өмірзақованың 100 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының ХХVІІ республикалық театр фестивалі өтуде. Фестивальдың ашылуына орай 20 маусым күні Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Меруерт Өтекешова мен Қазақстан Театрлары ассоциациясының вице-президенті Асхат Маемировтің қатысуымен баспасөз мәжілісі өтті.

Фестивальдың мақсаты — Әмина Өмірзақованың есімін ел есінде мәңгі қалдыру, оның шығармашылығы мен мұрасын насихаттау. Фестивальға еліміздің 12 театр ұжымы үздік қойылымдарымен қатысуда.

— Әмина Өмірзақова — театр және кино өнерінде жанр таңдамаған актриса. Апамыздың театрдағы рөлдері, кинодағы образдары өз алдына бір төбе. Қазіргі таңда өнер зерттеушілері Әмина Өмірзақова туралы магистрлік, докторлық диссертациялар қорғауды мақсат тұтып отыр,- деді баспасөз мәслихатында Асхат Маемиров. — Театрлар фестивалінде әлемдік классикалық шығармалар, Мұхтар Әуезов, Бердібек Соқпақбаев сынды тұлғалардың шығармалары сахнада сөйлейтін болады. Ермек Аманшаевтың, Бауыржан Жақыптың, Ерсайын Төлеубай сынды авторлардың заманауи шығармалары да қойылады.

Қазақтың Қыз Жібегі — Меруерт Өтекешова Әмина Өмірзақоваға жетер актриса қазақта әлі жоқ деген пікір білдірді.

— Семей жеріндегі фестивальға келу — мен үшін үлкен бақыт. Әмина апай — қазақ өнерінің жарық жұлдызы. Атақты актриса ана рөлінен бастап көптеген трагедиялық, комедиялық жанрдағы рөлдерді де өте жоғары деңгейде сомдап шықты. Қазақ өнерінде өшпес із қалдырған Әмина апайдай актриса жоқ деп ойлаймын, – деді М.Өтекешова.

Қазақтың кино және театр өнерінің жарық жұлдызы Әмина Өмірзақованың қасиетті Семей топырағынан шығуы тегін емес. Өйткені қазақ театрының түп тамыры — алғашқы театрланған қойылым М.Әуезовтің «Еңілік-Кебек» пьесасы негізінде Ойқұдық жайлауында көрерменге жол тартқан болатын.

Кездесу барысында осы Ойқұдық жайлауының басына ескерткіш қою туралы бастама көтерілді. Бұл ұсынысты қолдаған Қазақстан Театрлары ассоциациясының вице-президенті Асхат Маемиров Ойқұдық дала театрын құру туралы ойын айтты.

— Бұндай мәселеге, Үкіметке қаратып қоймай, қалталы азаматтарды да тартқан жөн. Ойқұдықты қазақ театр әлемінің қара шаңырағына айналдыруға әбден болады. Кейде осындай маңызды дүниелер назардан тыс қалып қойып жатады. Бастама өте орынды. Ойқұдық дала театрын ашып, жылына бір рет сонда бас қосып отырсақ, қазақ өнерін одан әрі дамытар едік,– деді А.Маемиров.

XXVII республикалық театр фестивалінің ашылу салтанатында қазылар алқасы мен қонақтар қызыл кілеммен жүріп өтті. Атап айтсақ, қазылар алқасының төрағасы, Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО және Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының көркемдік жетекшісі, Қазақстан театрлары ассоциациясының президенті, театр және кино актері, профессор Асанәлі Әшімов, фестивальдың құрметті қонағы — Асанәлі Әшімов атындағы өнер мен мәдениетті қолдау қорының президенті, Асанәлі Әшімовтің жары Бағдат Әшімова; қазылар алқасының мүшесі, театр және кино актрисасы, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері, Қазақтың «Қыз Жібегі» — Меруерт Өтекешова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, PhD докторы, Қазақстан Театрлары ассоциациясының вице-президенті Асхат Маемиров; қазылар алқасының мүшесі, театр сыншысы, өнертану докторы Бақыт Нұрпейіс; ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің театр және кинематография басқармасының бас сарапшысы Гүлнафис Мырзашева сыңды қонақтар және де фестивальға бақтарын сынай келген 12 театр ұжымы қызыл кілеммен жүріп өтіп, халықтың ыстық ықыластарына бөленді.

Шара барысында Мәдениет және спорт министрлігінің Театр және кинематография басқармасының бас сарапшысы Гүлнафис Мырзашева министр Ақтоты Райымқұлованың құттықтау хатын оқып берді. КСРО халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Асанәлі Әшімов фестивальдың ашылу рәсіміне қатысып, жылы лебізін білдірді.

— Қымбатты бауырлар, қандастар! Ұлы Абай елі! Бұл киелі жерге біз тәу етіп, оң аяғымызбен аттап келеміз. Өткенді ұмытпай, арғыдан келе жатқан дәстүрімізді жалғап, халыққа өнерімізді паш етсек, біздің мақсатымыздың орындалғаны. Әмина апамызбен бірге жүрдік, бірге жұмыс істедік. Ұлы Шәкеннің досы еді. Екеуі қатар отырғанда елді күлкіге қарқ қылатын. Әмина — ұлы актриса. Әмина апа, Сәбира апа, Қадиша апа, Шолпан, Бикен, Зәмзәгүл… Дүниеден осындай ұлы актрисаларымыз өткен. Әрқайсысы бір төбе. Әрқайсысына фестиваль арнасақ та артық етпейді, — деді Асанәлі Әшімов.

Рухани астанада өтіп жатқан Қазақстан драма театрларының XXVII республикалық театр фестивалі көрермен назарына 6 күн бойы қойылымдар ұсынбақ.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»{jcomments off}

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

2 дня назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

2 дня назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

3 дня назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

4 дня назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

4 дня назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

4 дня назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

5 дней назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

7 дней назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

1 неделя назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС