Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЖАСТАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ

27.09.2019
FacebookWhatsappTelegram

Кеше, 26 қыркүйек күні М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжде «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында Түркістан облысынан келген делегаттар «Серпін» бағдарламасы арқылы аталған оқу орнында білім алып жатқан жастармен жүздесті. Кездесуге Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғани Рысбеков, ҚР білім саласының құрметті қызметкері, журналист, өлкетанушы Өмір Шыныбекұлы, қала әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев, колледж директоры Шаған Жанаева және студенттер қатысты.

Кездесудің мақсаты – «Серпін» бағдарламасы арқылы Түркістан облысынан келіп оқып жатқан жастармен жүздесіп, сұхбаттасу, хал-жағдайларын білу.

Қала әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев М.Әуезов атындағы колледждің еліміздегі алдыңғы қатарлы оқу орындарының бірі екенін, Алаштың талай ардақтылары осы қара шаңырақта білім алып, ұстаздық еткенін қысқаша айтып өтті.

Кездесуде сөз алған Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғани Рысбеков Елбасының «Мәңгілік ел» идеясынан туындаған «Серпін» бағдарламасының негізгі мақсаты жұмыс күші жетіспейтін солтүстік және шығыс облыстарға оңтүстік халқын қоныстандыру екенін тілге тиек етті. Серпіндік студенттерді осы облыста қалып, жұмысқа орналасуға шақырды.

— Оңтүстікте адам саны көп екенін өздеріңіз де білесіздер. Жұмыс орындары да тапшы. Бізде жастардың қызметке орналасуы көп қиыншылықтар туғызады. Ал шығыс пен солтүстікте, керісінше, мамандар жетіспейді. Сондықтан осында қалып, қызметке тұруға тырысу керек. Жалпы, жастар кез келген ортаға оңай сіңіп кетеді. «Серпін» бағдарламасының шарты бойынша, студент білім алған өңірде үш жыл жұмыс істеуге тиіс, — дейді Ғ.Рысбеков.

Мұғалім әрі журналист Өмір Шыныбекұлы да осы пікірді қуаттайды. Оның айтуынша, жұмыссыздық белең алған жерде парақорлық пен қылмыс оқиғалары көбейеді.

— Біз Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарын аралап келеміз. Сонда білгеніміз — кезінде Солтүстік Қазақстанға қоныстандырылған өзге ұлт өкілдерінің тарихи атамекеніне қайтуы себебінен 2000 жылдан бері 290 мектеп, 100-ден астам елді мекендер жабылыпты. Ал оңтүстікте, өздеріңізге мәлім, адам саны жылдан-жылға артып келеді. Бір бос жұмыс орнына жиырма бес адам үміткер. Мұндай ортада парақорлық пен қылмыс оқиғалары көп орын алып жатады. Сондықтан жастардың көбі базарға шығуға мәжбүр. Ал шығыста жағдай басқаша. Жұмыс орындары жеткілікті, — деген Ө.Шыныбекұлы Шығыс Қазақстан халқының Арыстағы апаттан зардап шеккен халыққа үлкен көмек көрсеткенін де атап өтті. Сонымен қатар студенттерді өздерін жаңа ортада лайықты ұстап, сапалы білім алуға шақырды.{jcomments off}

— Құрметті ұстаздар, біздің студенттер бойынан қандай да бір оғаш қылық байқасаңыздар, үрке қарамаңыздар. Бұған оңтүстіктегі бәсекелестіктің де әсері барын ескеріп, ақылмен түсіндіргейсіздер, — деп өтініш білдірді ұстаз Ө.Шыныбекұлы.

Колледж директоры Шаған Алдамжарқызы серпіндік студенттерге қолдау көрсетуге әр кез дайын екендерін айтты.

— Біздегі күннің суығына, қыстың қаталдығына әлі-ақ үйреніп кетесіздер. Сіздерден өтінерім — психологиялық шектеулерден арылып, өздеріңізді еркін ұстаңыздар. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласыңыздар, — деді Ш.Жанаева.

Кездесу соңында студенттер сауалдарын қойып, жауаптар алды.

Айта кетейік, бүгінде Шығыс Қазақстанда 3000-нан астам студент «Серпін – 2050» «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» бағдарламасы арқылы білім алуда.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

2 дня назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

2 дня назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

3 дня назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

4 дня назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

4 дня назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

4 дня назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

5 дней назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

7 дней назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

1 неделя назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС