Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

СЫНАҚ ЗАРДАПТАРЫ ЗЕРТТЕЛЕ ТҮСЕДІ

08.10.2019
FacebookWhatsappTelegram

Өткен жұма, 4 қазан күні Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінде «Радиацияның шағын дозалары және обыр: Семей ядролық сынақ полигонындағы алғашқы сынақтан кейін 70 жыл» атты халықаралық симпозиум өтті. Халықаралық конференцияны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының обырды зерттеу жөніндегі халықаралық агенттігі (Лион, Франция) және «Семей медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институты ұйымдастырды. Симпозиумға сонымен қатар қала әкімі Ермак Сәлімов, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі Жанат Карр, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Т.Булегенов және Жапония, Франция, Германия, Ресей, Қазақстан ғалымдары қатысты.

Ағымдағы жылдың 29 тамызында Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына отыз жыл толды. Осы уақыт аралығында ядролық полигон аумағындағы адамдардың денсаулығына орасан зор зардабын тигізген жер үсті және жер асты сынақтары өткізілді. Қоршаған ортаның радиоактивтік ластануы сынақтардан зардап шеккен адамдардың ғана емес, олардың ұрпақтарының да денсаулығына әсер етуі мүмкін.

Симпозиумның басты мақсаты — сәулелену деңгейлері мен ядролық сынақтың канцерогендік әсері туралы зерттеу жұмыстарына шолу жасап, алдағы ғылыми зерттеулердің бағыттарын талқылау.

Симпозиум барысында обырды зерттеу жөніндегі халықаралық агенттік пен радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институты Семей полигонындағы ядролық сынақтардың халық денсаулығына тигізген зардаптарын зерттеуге, осы салада ынтымақтаса жұмыс істеуге мән беріп отыр.

Конференцияға қатысушыларды алдымен Семей қаласының әкімі Ермак Бидахметұлы құттықтап, ғалымдардың жұмысына сәттілік тіледі.

— Біз өте тез өзгеретін әлемде өмір сүрудеміз. Күн сайын жаңа ақпараттар легі мен жаңа ілім-білім пайда болып жатады. Бірақ, соған қарамастан, полигонның жабылғанына 30 жылдан астам уақыт өтсе де, назар аударуды талап ететін, әлі күнге шешімін таппаған мәселелер өте көп. Симпозиумды ұйымдастырудағы мақсатымыз — сынақтардан зардап шеккен адамдарды және олардың ұрпақтарын зерттеудің маңыздылығын түсіндіру және зерттеу жұмыстарын әрі қарай қай бағытта жалғастыру керектігін анықтау, — деді обырды зерттеу жөніндегі халықаралық агенттіктің қоршаған ортаны қорғау және радиация бөлімінің басшысы Иоахим Шуц.

— Ең бастысы, біз жарылыстардан зардап шеккендердің тізімін жасадық. Бұл тізімдегі 370 мың адам Еуропадағы шағын дозалар регистрлерінің құрамына кірді. Бұл — біздің Жапония, Ресей, Германия ғалымдарымен бірлескен он жылдық жұмысымыздың жемісі. Полигонға іргелес аумақтарда қазір қанша адам тірі қалды, қаншасына әлеуметтік және медициналық көмек қажет? Үкіметке осы бағыттағы жұмыстар жөнінде ұсыныстар бере аламыз. Біздің тізімдегі адамдардың туған жері, туған жылы, радиациялық бағыты және басқа да ақпараттар көрсетілген құжаттама бар. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Жапонияда да жарылыс болды. Менің ойымша, бұл зерттеулер ондаған жылдарға созылады, — деді обырды зерттеу жөніндегі халықаралық агенттіктің тәуелсіз сарапшысы Қ.Апсаликов.

Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі Жанат Каррдың айтуынша, обырдың пайда болуына адамның өмір сүру дағдысының да әсері мол. Сондықтан салауатты өмір салтын ұстанып, күйзелістен аулақ болған жөн.

Симпозиум жұмысына сондай-ақ Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Семей медицина университеті, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, Семей қаласының ядролық медицина және онкология орталығы ғалымдары да қатысып, баяндама жасады.

Зерттеу жұмыстары халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға және денсаулығын нығайтуға бағытталмақ.

Айта кетейік, облыс әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасымен алдағы уақытта Семейде сынақтан зардап шеккендерді оңалту орталығы ашылатын болады.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»{jcomments off}

 

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

2 дня назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

2 дня назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

3 дня назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

4 дня назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

4 дня назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

4 дня назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

5 дней назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

7 дней назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

1 неделя назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС