Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫ РЕТТЕЛЕДІ

08.10.2019
FacebookWhatsappTelegram

Семейдегі қалаішілік жолаушылар тасымалы мәселесі таяу күндері толығымен шешім табатын болады. Бұл жайында жуырда қалалық ақпарат орталығында өткен кезекті баспасөз мәслихатында айтылды.

Биылғы жылы қалалық автопарк 170 жаңа автобусқа жаңарғаны белгілі. Әйтсе де қала ішіндегі жолаушы тасымалының бағыттары өзгеріп, кейбір бағыттағы шағын автобустардың қысқаруы жергілікті тұрғындар тарапынан реніш тудырған болатын. Қазіргі таңда жолаушы тасымалындағы көлік қозғалысы ретке келтірілуде. Автопарк басшылығы қалалықтардың өтінішін ескеріп, кейбір бағыттар бойынша қосымша автобустарды желіге шығаратынын айтты.

Әсіресе Шығыс және Бобровка кенттерінің, Мұрат саяжайлары алабының тұрғындары өздеріне қатынайтын қоғамдық көліктер санының аздығы мен автобустардың аралық уақытының алшақтығына шағымдануда. Жиынға қатысқан автобус паркінің директоры Асқар Зияданов бұл тараптағы мәселелердің барлығы толығымен ескерілетінін жеткізді. Қазірдің өзінде бұл жағдайлар біртіндеп шешімін табуда. Атап айтсақ, №35 бағыттағы автобустар саны тұрғындардың өтінішіне орай біршама артқан.

— №35 бағыттағы автобустардың саны 11 болу тиіс еді. Алайда, әсіресе таңертеңгілік уақыттарда, жұмысқа, сабаққа асыққан жолаушылар санының анағұрлым артуына байланысты аялдамада көлікке міне алмай қалатындардың көп болатыны мәлім болды. Қалыптасқан ахуалды толықтай зерттей келе, осы бағыттағы автобустардың санын 17-ге жеткіздік, — деді өз сөзінде жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы Серікқали Жұманов.

Жиын барысында сонымен қатар автобус жүргізушілеріне деген сұраныстың азаймай отырғаны да кеңінен сөз болды. «Д» категориялы жүргізушілер тек біздің қаламыз бойынша ғана емес, күллі республика көлемінде тапшы екен. Оған себеп – бұл категория бойынша жүргізуші куәлігін беру біршама қатаңдатылған. Сол тәрізді автобус жүргізу үшін еңбек өтілі жеткілікті болуы қажет. Алайда бұл жаңашылдықтар алдағы уақытта қайта қаралып, өзгерістер енгізілуі мүмкін.

— Дәл қазіргі күні біздің автопарк бойынша 154 жүргізуші тұрақты түрде еңбек етуде. Алдағы уақытта тағы да 80 адамды жұмысқа алмақпыз. Олардың нақты саны, негізінен, 340 болуы тиіс, — деді өз сөзінде автобус паркінің директоры Асқар Зияданов.

Қазіргі таңда автопарк басшылығы жүргізушілер мен кондукторларға жалақыларын ай сайын тұрақты түрде төлеп отыр. Оның сыртында зейнетақы жарнасы, кіріс салығы, медициналық сақтандыру жарнасы да уақтылы аударылып отырады. Әйткенмен бұған разы емес жүргізушілер де бар болып шықты. Мәселен, 30-ға жуық жүргізуші наразылық білдіріп, жұмысқа шықпай қалған. Себебі жалақыны банктің қатысуынсыз қолдарына күнделікті алғылары келеді. Ал оның себебі – жүргізушілердің кейбірі әлеуметтік атаулы көмек алып жүрсе, енді бірі алименттен жалтаруда, немесе банктер алдында несиелік берешектері бар екен. Автопарк басшылығы ондай жүргізушілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, заң шеңберінен шықпауға шақыруда.

Баспасөз мәслихатында жүргізушілердің жұмыс режімі, демалыс күндері жайлы да сауалдар қойылып, жауаптар берілді. БАҚ өкілдерінің қоғамдық көлік қозғалысын анықтауға арналған «Infobus» бағдарламасы туралы қойған сауалына жолаушылар тасымалы басқармасы орталығының директоры Мүслім Багиров «Infobus-тың» таяу күндері іске қосылатынын жеткізді.

Азамат ЕРСАЙЫН, «Семей таңы»{jcomments off}

Связанные новости

В области Абай напомнили, как действовать покупателю, если не выдали чек

09.05.2026
В области Абай напомнили, как действовать покупателю, если не выдали чек

В Департаменте государственных доходов по области Абай напомнили жителям региона о правах потребителей при покупке товаров и услуг. Заместитель руководителя...

Читать далее ...

В области Абай усилены меры безопасности на воде

09.05.2026
В области Абай усилены меры безопасности на воде

В регионе в период купального сезона ведётся комплекс профилактических и организационных мероприятий, направленных на предотвращение чрезвычайных ситуаций на водоёмах. Об...

Читать далее ...

В области Абай оказали почести ветеранам войны и труженикам тыла

09.05.2026
В области Абай оказали почести ветеранам войны и труженикам тыла

В преддверии Дня Победы аким области Берик Уали связался с ветераном Великой Отечественной войны Григорием Маларовым, который в праздничные дни...

Читать далее ...

В области Абай широко отмечают День Победы

09.05.2026
В области Абай широко отмечают День Победы

9 мая — День Победы — широко отмечается в области Абай. В честь памятной даты в городе Семей организован ряд...

Читать далее ...

Поздравление Главы государства Касым-Жомарта Токаева с Днем Победы

09.05.2026
Поздравление Главы государства Касым-Жомарта Токаева с Днем Победы

Уважаемые соотечественники! От всей души поздравляю вас c Днем Победы! 9 мая мы с искренней признательностью воздаем должное великому подвигу...

Читать далее ...

Трансформация партийного поля и новые электоральные ориентиры

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

Появление партии Adilet отражает изменение электоральных и идеологических парадигм в стране. На этом фоне партия Amanat, сохраняющая статус правящей до...

Читать далее ...

Новости

В области Абай напомнили, как действовать покупателю, если не выдали чек

21 час назад

В области Абай усилены меры безопасности на воде

21 час назад

В области Абай оказали почести ветеранам войны и труженикам тыла

21 час назад

В области Абай широко отмечают День Победы

22 часа назад

Поздравление Главы государства Касым-Жомарта Токаева с Днем Победы

22 часа назад

Трансформация партийного поля и новые электоральные ориентиры

3 дня назад

Перераспределение ролей в новой политической системе

3 дня назад

Политическое доверие и персональная ответственность за новый курс

3 дня назад

Закрепление транзита и демонтаж прежней политической архитектуры

3 дня назад

Председательство Айбека Дадебая как элемент управленческой преемственности

3 дня назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС