Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ПАРТИЯНЫҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ

01.11.2019
FacebookWhatsappTelegram

Апта сәрсенбісі, 29 қазан күні «Nur Otan» партиясының депутаттық фракциясының кеңейтілген отырысы өтті. Жиынға Семей қалалық «Nur Otan» партиясы филиалының төрағасы, Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов, партия фракциясының депутаттары, саяси кеңес мүшелері, партиялық бақылау комиссиясы, жемқорлыққа қарсы Қоғамдық кеңес мүшелері, қала әкімінің орынбасарлары, Семей қаласының әкімдік бөлімдерінің басшылары қатысты.

«Nur Otan» партиясының «Қазақстан – 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты сайлауалды бағдарламасының орындалуы және «2016-2020 жылдарға арналған аймақтарды дамыту бағдарламасын іске асыру барысы туралы қала әкімі Ермак Сәлімов баяндады.

— Бүгінгі күні Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бастаған «Nur Otan» партиясы ел сенімін ақтап, мемлекетіміздің, соның ішінде қаламыздың тұрақты дамуына үлес қосып келе жатқан саяси күш болып саналады. Жасампаздықтың арқасында бірлігіміз жарасып, тұрақтылығымыз нығайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев сабақтастықты сақтап, биылғы Жолдауында егемен елді одан әрі дамытудың стратегиялық бағытын айқындады. Семей қаласында соңғы бес жылда экономикалық дамудың оң серпіні байқалады. Мұның барлығы «Nur Otan» партиясы ұсынған стратегиялық міндеттер мен тапсырмаларды лайықты орындап, халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға арналған кешенді шараларды іске асыру аясында атқарылып келеді, — деген қала әкімі Ермак Сәлімов 2016-2020 жылдарға арналған аймақтарды дамыту бағдарламасының іске асырылу барысына тоқталды.

Аталған бағдарлама аясында Семейде автокөлік-жегін көпірі жөндеуден өтеді.

— Сарапшылар автокөлік-жегін көпірін апат алдында деп таныды. Жақын арада жобалық-сметалық құжаттарын реттеу басталады. Аталған жоба Семейді дамытудың 2025 жылға дейінгі жоспарына енді. Осыған дейін де біз көпірді жөндеуден өткізу үшін республикалық бюджетке бірнеше рет өтінім бергенбіз. Жөндеу жұмыстарының барлығы 14 млрд теңгені қажет етеді, — деді қала әкімі Ермак Сәлімов.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шаһарымызға келген сапарында Семейді дамытудың 2025 жылға дейінгі жоспарын әзірлеп, бағдарлама аясында автомобиль-жегін көпірі мен темір жол көпірін жөндеуден өткізуге де тапсырма берген болатын.

Айта кетейік, биыл Ертіс арқылы өтетін темір жол көпіріне 90 жыл толады. Аталған көпір Түркістан-Сібір магистралінің құрылысы барысында салынып, 1929 жылы пайдалануға берілген. Осы уақыт аралығында көпір бірде-бір рет күрделі жөндеуден өтпеген.

Сонымен қатар қала басшысы кәріз дюкерлерін жөндеуге қаржы бөлінетінін, Ақсай, Ұшақтар, Комсомол кенттеріндегі жаңадан салынған тұрғын үйлерге инфрақұрылым желілері тартылып жатқанын жеткізді.

Семейде Ресей білім беру мекемелерінің тәжірибесі негізінде жаңа мектеп салынады. Қала басшысы бұл туралы да жиында айтып өтті. Оқу ордасы Сочи қаласындағы «Сириус» білім беру орталығының тәжірибесі негізінде салынбақ.

Сочидегі «Сириус» білім беру орталығын Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің бастамасымен «Талант және сәттілік» білім қоры құрған. Сондықтан бұл орталық бейресми түрде Путин мектебі деп аталады. «Сириус» білім беру орталығының мақсаты — өнер, спорт, жаратылыстану ғылымдарына ерекше қабілетті және техникалық салада жетістікке жеткен дарынды балаларды ерте бастан анықтап, дамыту және әрі қарай қолдау көрсету. Мұнда балалар тегін саяхаттайды және тегін тұрады. Ресми мәліметтер бойынша, «Сириусқа» ай сайын Ресейдің барлық аймақтарынан 10-17 жас аралығындағы 800-ге жуық оқушы келеді.

Қала мен аймақ басшылығының қызығушылығын тудырған ресейлік әріптестердің тәжірибесі негізінде Семейде инновациялық технологиялар мектебін құру жоспарлануда. Сочидегі білім беру орталығының қызметімен толығырақ танысу үшін жұмыс тобының өкілдері аталған қалаға барып қайтпақ.

— 4 қарашада қала әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев, қалалық білім бөлімінің басшысы Наталья Фесенко және облыстың бірқатар мамандары жұмыс сапарымен Сочи қаласына аттанып, мектептің жұмысымен толығырақ танысатын болады. Мектепте білім берудің заманауи технологиялары мен бағдарламалары енгізілген. Біз бұл тәжірибені зерттеп, болашақ инновациялық технологиялар мектебіне енгізгіміз келеді, — деді Ермак Сәлімов.

Жалпы алғанда, таяу жылдары Степной, Шығыс кенті және Қарағайлы ықшам ауданында 3900 орындық төрт мектеп, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында 1200 орындық төрт балабақша салу жоспарланған.

Отырыс барысында партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Бауыржан Қайрамбаев комиссия қызметін, «Nur Otan» партиясының Семей қалалық мәслихатының депутаты Марат Сандыбаев денсаулық сақтау саласын дамыту туралы сөз қозғады.

Жиын соңында депутаттық фракцияның кеңейтілген отыры-сының шешімі қабылданды.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, Семей таңы»{jcomments off}

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

2 дня назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

2 дня назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

3 дня назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

4 дня назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

4 дня назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

4 дня назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

5 дней назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

7 дней назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

1 неделя назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС