Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: ҚАНДАЙ ӨЗГЕРІСТЕР БАР?

06.11.2019
FacebookWhatsappTelegram

Өткен жұма, 1 қараша күні ақпараттық орталықта Семей қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі баспасөз конференциясын өткізді.

Бөлім басшысы Мұрат Құржықаевтың айтуынша, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 — 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жыл басынан бері жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен жұмыссыздар және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар арасынан 5865 адам қамтылған. Жұмыссыздарды және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша кәсіптік оқыту жүргізілуде. Жыл басынан отыз түрлі мамандық бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 905 адам жіберілген.

Қалалар мен ауылдарда кәсіпкерлік бастамаларды қолдау үшін «Бастау — Бизнес» жобасы іске асуда. Бағдарлама кәсіпкерлік негіздеріне оқытып, бизнес ашуға немесе бар бизнесті кеңейтуге микрокредит беруді қарастырады.

— Жыл басынан «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқыту курстарына 78 адам жіберілді, оның ішінде 60 адам оқуды аяқтап, сертификат алды. Бизнесті кеңейтуге елу бір қатысушыға 371,7 млн. теңге көлемінде шағын несие берілді. Жаңа бизнес-идеяларын іске асыру үшін жетпіс сегіз адам мемлекеттік грант ұтып алып, 35,600 млн. теңге игерілді. 2793 адамға жұмысқа орналасуға көмек көрсетілді, олардың 109-ы тұрақты жұмысқа орналастырылды. Мақсатты топтарға кіретін жұмыссыздарды жұмысқа бейімдеуге арналған» Әлеуметтік жұмыс орны» бағдарламасы жұмыс істейді. Бағдарламаға қатысушылардың орташа айлық жалақысы айына 64977 теңгені құрады, қатысу ұзақтығы бір жылға дейін. Қоғамдық жұмыстарға 593 адам тартылды. Жұмыссыздар қала мен ауыл өңірлерін абаттандыру, балалардың бос уақытын ұйымдастыру, құжаттармен жұмыс істеу және басқа да жұмыстарға қатысты. Қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбекақысы айына 42500 теңгені құрайды, қатысу ұзақтығы бір жылға дейін. Биыл Жастар тәжірибесі бойынша оқу орындарының 475 түлегі жұмысқа жіберілді. Қатысушылардың орташа айлық жалақысы айына 63125 теңгені құрады, қатысу ұзақтығы 6 айдан аспайды, — деді бөлім басшысы Мұрат Құржықаев.

Семейге биыл Алматы, Қызылорда және Түркістан облыстарының жұмыс күші мол өңірлерінен 27 отбасы (49 адам) және Өзбекстаннан 1 отбасы қоныс аударған. Оларға 4,596 млн. теңге көлемінде субсидия беріліп, тұрғын үй жалдау құнын және коммуналдық қызметтерді төлеуге қаржы бөлінген.

Өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда биыл еңбек нарығында жұмыссыздар саны 40,4 %-ға төмендеп, 1693 адамды құраған.

Мұрат Мұрсаханұлы сонымен қатар 2020 жылдың қаңтарынан бастап елімізде тағайындалатын жаңа атаулы әлеуметтік көмек туралы айтып өтті.

— Енді атаулы әлеуметтік көмек, отбасы табысына қарамастан, төрт немесе одан артық баласы бар отбасылардың барлығына бірдей төленеді. Көпбалалы отбасылар кәмелеттік жасқа толмаған, арнаулы немесе жоғары оқу орындарында оқитын бір бала үшін 10500 теңге шамасында көмек алады. Бұл қоғамдағы көпбалалы отбасылардың мәртебесін көтеруге бағытталған, — деді Мұрат Мұрсаханұлы.

Айта кетейік, жаңартылған атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге өтініштерді қабылдау 2020 жылдың 1 қаңтарынан басталады. Өтініш беру үшін тұрғындар тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығына, егер отбасы ауылдық жерде тұрса, кент, ауыл, ауылдық округтердің әкімдеріне жүгінеді. Егер көпбалалы отбасылардың орташа табысы жан басына шаққандағы облыстарда, республикалық маңызы бар қалада, астанада белгіленген кедейлік шегінен аспаса, қосымша жәрдемақы тағайындалады. Бірақ отбасының еңбекке қабілетті мүшесі ұсынылған жұмыспен қамту шараларынан бас тартса, онда отбасының барлық мүшесі атаулы әлеуметтік көмек алу құқығынан айырылады. Атаулы әлеуметтік көмек енді тоқсан сайын тағайындалады. Бұл АӘК алушылардың өз табысын жасыруын төмендетеді.

Елімізде 2019 жылдан бастап төлемнің төрт түрін, яғни жеке табыс салығын, әлеуметтік және медициналық сақтандыру, зейнетақы аударымдарын біріктіретін бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) жүйесі енгізілуде. БЖТ өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың зейнетақы, медициналық сақтандыру жүйелеріне қатысуларына мүмкіндік береді. Ал жұмыспен қамтылғандар үшін мемлекет немесе жұмыс беруші аударым жасайды.

Бөлім басшысының айтуынша, қалада заңсыз атаулы әлеуметтік көмек алып келген отбасылар анықталып, тиісті шаралар қолданылған.

— Бүгінгі күні атаулы әлеуметтік көмек алудың заңдылығын тексеретін арнайы мониторингтік топ жұмыс істейді. Олар мемлекеттік кірістер басқармасы өкілдерімен бірге жәрдемақы алатын отбасылардың үйлерін аралап, тиісті шешім шығарады. Өкінішке орай, табысын жасырып, мемлекеттен көмек алуға өтініш беретін азаматтар да кездеседі. Бірінші тоқсандықта қалада заңсыз жолмен жәрдемақы алған он үш отбасы анықталды. Оның ішінде төрт отбасы алынған қаржыны толығымен қайтарса, өзгелері бөліп беруде. Қалған бес отбасы қайтарудан бас тартты, олардың ісі сотта қаралатын болады. Жалпы, қаңтар мен қазан айлары аралығында Семейде 3,5 мың отбасыға 1,6 млрд. теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек берілді,- деді М.Құржықаев.

Бөлім мамандары тұрғындарды атаулы әлеуметтік көмек алуға емес, жұмысқа орналасуға ниеттенуге шақырды.

— Атаулы әлеуметтік көмек алу үшін жұмыстан шығып, үйде отыратын азаматтар да бар. Барлық қала тұрғындарын, азаматтарды бұл тұрғыда көзқарастарын өзгертуді өтінеміз, — деді бөлім мамандары.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»{jcomments off}

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 день назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

2 дня назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

2 дня назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

4 дня назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

4 дня назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

4 дня назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

5 дней назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

7 дней назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

1 неделя назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС