Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

БОС ЖАТҚАН ЖЕР ТЕЛІМДЕРІ ИГЕРІЛУІ ТИІС

08.11.2019
FacebookWhatsappTelegram

Бейсенбі, 7 қараша күні жер қатынастары бөлімінің басшысы Құдайберген Сейілханов ақпараттық орталықта баспасөз конференциясын өткізді. Конференцияда бос жер телімдерін игеру, жер кезегі және өзге де сұрақтар талқыланды.

Семей қаласында бүгінде жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер алу кезегінде 24 472 адам тұр. ҚР Жер кодексіне сәйкес, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер алғысы келетін азаматтар арнайы есепке алынады.

— Семей қаласы әкімдігі мен жер қатынастары бөлімі 2007 жылдан кезекте тұрған азаматтарға хабарласып, анықтау жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде 1466 адамның ғана байланыс деректері расталды. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-мен бірлесе жүргізген талдау барысында жер кезегіндегі 2638 адамның банкте жинағы бар екені анықталды. Оның ішінде 77 адамның төлем қабілеттілігі тексеріліп, банк тек бір адамды ғана төлем төлеуге қабілетті деп таныды, — деді жер қатынастары бөлімінің басшысы Қ.Сейілханов.

Бөлім басшысының айтуынша, қазір Семейде кезекте тұрған азаматтарға жер телімін беретіндей аудан жоқ. Себебі жер телімі бос аудандарда коммуникация желілерін тарту жұмыстары әлі аяқталмаған. Қаланы дамытудың Бас жоспарына сәйкес, жер кезегіндегі тұрғындардың мәселесін шешу үшін он тұрғын алабы анықталған. Олар Ақсай, Ұшақтар, Комсомол кенті, Суық бұлақ, Жарқын, Бобровка, Ақ қайың, Жібек жолы, Кіші Ақтөбе, Степной кенті. Аталған тұрғын үй алаптарында 13715 жер телімдері қарастырылған.

Ақсай, Ұшақтар, Комсомол кенттерінде коммуникациялық желілерді тарту жұмыстары аяқталуға жақын. Сонымен қатар аталған аудандарда «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жеке тұрғын үй құрылысы да қарқынды жүруде.

— Коммуникациялық желілерді тарту жұмыстары аяқталған соң, кезекте тұрған тұрғындар тиісті жер телімін ала алады, — дейді бөлім басшысы.

Қазіргі таңда жалпы алаңы 9 378,1 гектарды құрайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмаған, немесе жер заңнамасы сақталмаған 23 жер телімі анықталған. Аталған 23 жер теліміне зерттеу жұмыстары жүргізіліп, актілер жасалып, ШҚО Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасына тексеруге жіберілген.

Бөлім басшысы айтып өткендей, құрылыс салу мақсатында алынған жердің игерілу мерзімі үш жыл. Бірақ жеке тұрғын үй құрылысы үшін сатылып алынған жер кері қайтарылуға жатпайды. Ал ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдаланбау фактісі анықталған жағдайда игеруге екі жыл уақыт беріледі.

— Бүгінгі күні мақсатты пайдаланылмаған жер телімдері 17 жекеменшік иелеріне берілді. Олардың қатарында қаладағы Шәкәрім даңғылы, 3 мекенжайындағы 4,5 га аумақты қамтитын бұрынғы әскери штаб аумағы, сондай-ақ айналмалы жолдағы Қарқаралы 22/1 мекенжайындағы 1,85 га жер бар. Бұл жер телімі спорт-сауықтыру кешенінің құрылысы үшін жалға берілген болатын. Пайдаланылмаған жер телімдері бас прокуратура мен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің бақылауында. Мәселені шешу үшін тиісті шаралар қолданылып жатыр, — деді Құдайберген Сейілханов.

Бөлім басшысының сөзіне сүйенсек, бұрынғы әскери штаб аумағында үлкен супермаркет салынуы мүмкін. Қазір 4,5 га жер банк кепілдігінде тұр. Сомасы 2 миллион долларды құрайды.

— Қазір бұл мәселе шешілуде. Әскери штабтың орнына үлкен супермаркет салынады. Ал штабтың артындағы түрме ғимараты көп қабатты тұрғын үй болады. Ал Орталық саябақтың сәнін кетіріп тұрған үш қабатты ғимарат 2006 жылы сатылған. Бірақ иесі нысанды қымбатқа бағалауда. Қала бюджеті үшін бұл өте үлкен қаражат. Бірақ болашақта мемлекеттік сәулет бөлімі бақылауы арқылы қалпына келтірілуі мүмкін,- деді Құдайберген Сейілханов.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

{jcomments off}

 

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 день назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

2 дня назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

2 дня назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

4 дня назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

4 дня назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

4 дня назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

5 дней назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

7 дней назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

1 неделя назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС