Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

АЗ ҚАМТЫЛҒАН ОТБАСЫЛАР МЕМЛЕКЕТ ҚАМҚОРЛЫҒЫНДА

12.11.2019
FacebookWhatsappTelegram

7 қараша, бейсенбі күні «Nur Otan» партиясының Семей қалалық филиалында балалардың құқығын қорғау жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Отырысқа партия филиалы төрағасының орынбасары Айнұр Арғынбекова, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының орынбасары Диана Шаяхметова, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің Семей қалалық филиалының кеңесшісі Жазира Ерғожина, «Қазақстанның Халық банкі» АҚ өкілі Юлия Смирнова және көпбалалы аналар қатысты.

«Nur Otan» партиясының Семей қалалық филиалы жанындағы балалардың құқығын қорғау жөніндегі кеңестің төрайымы Шолпан Шегедекова дөңгелек үстел барысында көпбалалы аналарға кеңестің жұмысын таныстырды. Аталған кеңес «Бақытты отбасы» жобасы аясында құрылған болатын.

— Балалардың құқығын қорғау жөніндегі кеңестің қаламызда жұмысын бастағанына бір жылға жуық уақыт болды. Көпбалалы аналарға, балаларға қатысты түрлі проблемаларды көтеріп, шешу жолдарын бірге қарастырып келеміз. Ай сайын осындай дөңгелек үстелдер ұйымдастырылады. Кеңес мүшелері құрамына қалалық мәслихат хатшысы Бейсенбек Ақжалов, «Nur Otan» партиясының Семей қалалық филиалы төрағасының орынбасары Айнұр Арғынбекова, ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұржан Есенжолов, қалалық Қоғамдық кеңес төрайымы Зүлфия Жамалтдинова, «РТРК «Қазақстан» АҚ филиалы директоры Хасен Молдабаев, білім бөлімінің басшысы Наталья Фесенко, кәсіпкерлер палатасының Семей қалалық филиалы директоры Мақсат Сүйіншинов енді, — деді кеңес төрайымы Шолпан Шегедекова.

Қазір елімізде көпбалалы аналарға мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау ерекше. Облысымызда көпбалалы отбасыларға мектеп формасы бөлініп, балалар ыстық аспен қамтылуда. Қала әкімі Ермак Сәлімовтің тапсырмасымен осы жылдың 18 қазанында көпбалалы отбасыларды қамтамасыз ету жөнінде қалалық комиссия құрылды. Ермак Бидахметұлы төрағалық ететін комиссия құрамына Бейсенбек Ақжалов, жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысы Мұрат Құржықаев, Айнұр Арғынбекова, жеті балалы ана Сағыныш Төкенова, Шолпан Шегедекова және ТҮКШ бөлімі басшысының орынбасары Диана Шаяхметова енген.

— Аптасына бір рет бас қосып, көпбалалы аналардың мәселелерін тыңдап, шешу жолдарын ұсынамыз. Өздеріңізге белгілі, елімізде мамыр айынан бастап көпбалалы отбасылар арнайы тұрғын үй кезегіне алынуда. Осы уақытқа дейін Семей қаласында тіркелген 429 көпбалалы ананың 69-ы Қарағайлы ықшам ауданында сатып алу құқығынсыз берілетін жалдамалы пәтерлерге ие болды. Кезектің басында тұрған тағы 23 көпбалалы ана жыл соңына дейін Қарағайлы ауданындағы жаңа тұрғын үйлерден баспанамен қамтылады. «Бақытты отбасы» бағдарламасы шеңберінде бұл бағыттағы жұмысымызды жалғастыра береміз. 2019 жылы қаладағы 342 отбасы «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысуға жолдама алды. Оның 53-і — көпбалалы отбасы. Бағдарлама 2020 жылдың наурыз айында іске қосылады. Қалалық әкімдік пен «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арасында әріптестік туралы келісімшартқа қол қойылды. Бағдарлама аясында жаңа пәтер-лерді ғана емес, қолданыста болған тұрғын үйлерді де алуға болады. Сонымен қатар жеке тұрғын үй құрылысы үшін де несие алуға мүмкіндік бар, — деді Диана Шаяхметова.

Айта кетейік, көпбалалы отбасыларға, кәмелет жасына толмаған балалары бар толық емес отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасыларға, жетім балаларға арналған «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясындағы тұрғын үй несиесінің пайыздық мөлшерлемесі 2 %-ды, бастапқы жарна тұрғын үй құнының 10 пайызын құрайды. ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес, енді аталған топтар үшін бастапқы жарна мемлекет есебінен субсидияланады.

Дөңгелек үстел барысында көпбалалы аналар мамандарға тұрғын үй кезегі, балаларды емдеу-сауықтыру, инклюзивті сыныптар туралы сауалдарын қойды. Қаламызда дамуында кемістігі бар немесе гиперактивті балалар үшін инклюзивті сыныптар ашылған. Дегенмен аналар мүмкіндігі шектеулі балаларының күтімімен жұмысқа шыға алмайтындарын, ал инклюзивті сыныптардың тек екі-үш сағатқа арналғанын айтады. Ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұржан Есенжолов балаларды сауықтыру орталықтарына мемлекеттік грант бөлуді қарастыратынын жеткізді.

— Әлеуметтік осал топтарға мемлекет көп көңіл бөлуде. Жұмыссыз азаматтардың, көпбалалы ана-лардың қосымша кәсіп игеріп, жұмысқа орналасуына жағдай жасалуда. Тұрғын үй мәселесінде де айтарлықтар жеңілдіктер көрсе-тілуде. Өкініштісі, халықтың көпшілігі осындай қолдаулардан бейхабар. Сондықтан «Nur Otan» партиясының филиалына, жұ-мыспен қамту орталықтарына барып немесе ғаламтордан оқып, іздену керек, -дейді А.Арғынбекова.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»{jcomments off}

 

 

 

Связанные новости

В области Абай напомнили, как действовать покупателю, если не выдали чек

09.05.2026
В области Абай напомнили, как действовать покупателю, если не выдали чек

В Департаменте государственных доходов по области Абай напомнили жителям региона о правах потребителей при покупке товаров и услуг. Заместитель руководителя...

Читать далее ...

В области Абай усилены меры безопасности на воде

09.05.2026
В области Абай усилены меры безопасности на воде

В регионе в период купального сезона ведётся комплекс профилактических и организационных мероприятий, направленных на предотвращение чрезвычайных ситуаций на водоёмах. Об...

Читать далее ...

В области Абай оказали почести ветеранам войны и труженикам тыла

09.05.2026
В области Абай оказали почести ветеранам войны и труженикам тыла

В преддверии Дня Победы аким области Берик Уали связался с ветераном Великой Отечественной войны Григорием Маларовым, который в праздничные дни...

Читать далее ...

В области Абай широко отмечают День Победы

09.05.2026
В области Абай широко отмечают День Победы

9 мая — День Победы — широко отмечается в области Абай. В честь памятной даты в городе Семей организован ряд...

Читать далее ...

Поздравление Главы государства Касым-Жомарта Токаева с Днем Победы

09.05.2026
Поздравление Главы государства Касым-Жомарта Токаева с Днем Победы

Уважаемые соотечественники! От всей души поздравляю вас c Днем Победы! 9 мая мы с искренней признательностью воздаем должное великому подвигу...

Читать далее ...

Трансформация партийного поля и новые электоральные ориентиры

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

Появление партии Adilet отражает изменение электоральных и идеологических парадигм в стране. На этом фоне партия Amanat, сохраняющая статус правящей до...

Читать далее ...

Новости

В области Абай напомнили, как действовать покупателю, если не выдали чек

1 день назад

В области Абай усилены меры безопасности на воде

1 день назад

В области Абай оказали почести ветеранам войны и труженикам тыла

1 день назад

В области Абай широко отмечают День Победы

1 день назад

Поздравление Главы государства Касым-Жомарта Токаева с Днем Победы

1 день назад

Трансформация партийного поля и новые электоральные ориентиры

3 дня назад

Перераспределение ролей в новой политической системе

3 дня назад

Политическое доверие и персональная ответственность за новый курс

3 дня назад

Закрепление транзита и демонтаж прежней политической архитектуры

3 дня назад

Председательство Айбека Дадебая как элемент управленческой преемственности

3 дня назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС