Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ШЫҒЫС ЖЕКПЕ-ЖЕГІНЕН СЫНҒА ТҮСТІ

19.11.2019
FacebookWhatsappTelegram

Өткен жексенбі күні қаламызда балалар мен жасөспірімдер, қыздар және ерлер мен әйелдер арасында киокушинкай каратэден қала әкімінің жүлдесіне арналған              ІІ Халықаралық біріншілік жалауын көтерді.

Бұл жолы шаршы алаң төріне Қазақстанның әр түкпірінен келген Шығыс жекпе-жегінің қас шеберлері көтеріліп, өзара жүлделі орындарды сарапқа салды. Жарыс жолына шыққандар арасында сонымен қатар көршілес Ресей Федерациясынан келген спортшылар да бар екен. Осылайша, біріншілік барысында жалпы саны 700 спортшы бақ сынады. Сайыстың нәтижесінде бас жүлдені еншілеген каратэшілер, арнайы кубоктармен қатар, дипломдар мен төсбелгілерге ие болды.

— Аталмыш спорт түрінен біріншілікті осымен екінші мәрте қала төрінде ұйымдастырып отырмыз. Биылғы жылы жарыс өз ауқымын кеңейтті. Іргелес Ресей елінен де жекпе-жек өнерінің жас шеберлері келіп қатысуда. Сайыс мейлінше тартысты өрбуде. Барлық спортшылар жоғары даярлықпен келгендерін дәлелдеп отыр. Қатысушылар саны тым көп, 700 адамды құрайды. Сол себептен де біз жарысты екі кезеңге бөлдік. Мәселен, түске дейін балалар өнер көрсетсе, түстен кейін 12 жастан жоғары өрендер жарыс жолына шығуда. Қатысушылар 36 салмақ категориясы бойынша бақ сынауда. Оның 18-і жас ерекшелігіне байланысты сайысқа шығады. Ең кішкентай қатысушы небары 6 жаста болса, ең үлкен спортшының жасы 31-де, — дейді өз сөзінде облыстық Киокушинкай каратэ федерациясының төрағасы Денис Хижняк.

Айта кетерлігі сол, бұл Шығыс жекпе-жегі — каратэ спортының ішіндегі кең таралған түрі. Оған ерік-жігері мықты, рухы мығым, төзімді және айла-тәсілдерді шебер пайдалана білетін, дене қимылы бойынша белсенділігі аса жоғары спортшылар ғана қатыса алады. Спортшы физикалық ерекшелігі арқылы қарсыласынан басым түсіп қана қоймай, өз бойында шыдамдылық, сабырлылық, жеңіске деген жігер тәрізді қасиеттерді шыңдай білуі қажет. Бүгінгі таңда аталған жекпе-жек түрімен 5 мыңнан астам адам тұрақты түрде шұғылданады екен. Ерекшелігі — бұл спорт түрі жас таңдамайды. Гимнастикаға икемі бар кез келген адам киокушинкай каратэсімен айналыса алады.

Халықаралық біріншіліктің ашылу салтанатына қатысқан қала әкімі Ермак Сәлімов барлық спортшыларға сәттілік тілеп, жылы лебізін білдірді.

— Баршаларыңызды киокушинкай каратэ бойынша осымен екінші мәрте өткізіліп отырған халықаралық чемпионаттың ашылуымен құттықтаймын! Біздің елімізде бүгінгі таңда спорт пен дене шынықтыру ісі қарқынды дамып келеді. Мемлекет басшысы өз Жолдауында спорттың бұқаралық сипатын арттыруға айрықша маңыз берді. Биылғы жылы қаламызда мәдени-сауықтыру кешенін ашу көзделіп отыр. Ендеше, біз өзімізде өткізілетін біріншіліктерге бұдан да көп қонақтар шақыра алатын боламыз, — деді Ермак Бидахметұлы.

Сөз соңында айта кетсек, чемпионатта жеңімпаз атанғандар желтоқсан айында Алматы қаласында өтетін ҚР біріншілігінде бақ сынау мүмкіндігіне ие болады. Сонымен қатар алдағы 2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласында өтетін әлем чемпионатына да қатыса алады.

Азамат ЕРСАЙЫН, «Семей таңы»{jcomments off}

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 день назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

2 дня назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

2 дня назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

3 дня назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

3 дня назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

3 дня назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

4 дня назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

6 дней назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

1 неделя назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС