25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ҚАУІПСІЗДІГІМІЗДІ ҚАРАКӨЗДЕР КҮЗЕТІП ЖҮР

04.03.2014
ҚАУІПСІЗДІГІМІЗДІ ҚАРАКӨЗДЕР КҮЗЕТІП ЖҮР
FacebookWhatsappTelegram

Қазақ батыр қызға да, ақын қызға да, әнші — биші, өнерлі қыздарға да бай. «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» деп ақын ағаларымыздың бекерге жырламағаны сондықтан болар. Сол сияқты кез келген ер адам көтере бермейтін ауыр зілтемірлерді төбесіне көтеретін нәзікжандылар да аз емес қазақта. Сондай-ақ, басқасын айтпағанда, ерлер атқаратын жұмыстардың қатарына жататын күзет саласында қызмет істеп жүрген қаракөздерімізді де ұшырастырып, таң тамаша болып жатамыз. Дәл сондай нәзікжанды күзетшілердің бірі апалы-сіңілі Әсия және Әсимамен сұхбаттасудың реті келген еді.

Әсия мен Әсима егіз. Оларды екі бөлек жан демесеңіз, түр-тұлғалары мен мінез-құлықтары, тіпті, дауыстарына дейін қатты ұқсастықты бай-қайсыз. Зер салып қарамасаңыз оларды ажырату да қиын. Егіз қыздар 1980 жылы Семейде дүниеге келген. Екеуінің арасы 5-ақ минут екен. 5 минутқа ғана үлкен болса да Әсия сіңлісіне әркез қорған болып келеді. Кейіннен біраз жыл бөлек тұрғандары болмаса, егіз қыздар бала күндерінен бері жұптары жазылмаған. Олар бір-бірінсіз тұра алмайтындарын айтады. Тіпті, бірі сәл сырқаттанып қалса, екіншісі де ауырып қалатын көрінеді. Семейдегі №2 мектепте оқыған қыздар мектеп бітірісімен екеуі де аспаздық білім алған. Дегенмен, олар аспаз болуды емес, күзетшілік мамандықты таңдаған. Жеті жылдан бері күзет саласында еңбек етіп жүрген қыздар қаладағы сауда орталықтарының бірінің қауіпсіздігін бақылауда. Олардың міндеті сауда орталығындағы тауарлардың қолды болмауын әрі қызметкерлердің қауіпсіздігін күзету. Кезінде бір әйел адамның ұрлық жасап, қашып бара жатқанын байқап қалған күзетші қыздар қылмыскерді оқиға орынында дереу құрықтаған. «Әйел адам қанша рет қашпақшы болып қарсылық көрсеткенімен, жедел топ келгенше ұрлықшыны ұстап тұрдық», — дейді олар. Олардың айтуынша, мұндай оқиға бір рет қана емес, талай мәрте қайталанған. Бірақ, қырағы қыздар үнемі ұрлықшылардың жолын кесіп отырған. «Бізге қорқуға болмайды. Себебі, қаншама қымбат дүниелерді сеніп тапсырады», — дейді егіз-дер. Басшылық тарапынан да үнемі қолдау көрсетіп, оларды қанаттандырып отырады екен. Екеуі де басшыларына ерекше ризашылықтарын білдірді. өздеріне күзет саласы қатты ұнаса керек. Болашақта осы сала бойынша жұмыстарын жалғастыра бермек. Алайда, қос қыз да бала күндерінде дәрігер болуды армандаған екен. Әрине, күзетке ер адамның өзін дене бітіміне, батылдығына қарай таңдайтыны белгілі. Ендеше, егіз қыздар да күзет саласында бекерге жұмыс істемесе керек. Әсима Жұмаханова «Айкидо», «Қолды жекпе-жек» сияқты спорт түрлерімен айналыс-қан.

{jcomments on}Әсия Зияданова да спорттан бейхабар емес көрінеді. Ол да сіңлісінен қалмай, үнемі жаттығу жасап жүрген. Олардың екеуі де батыл әрі өжет. Жұмыста қатал болғанымен, өмірде көңілді, ақжарқын ашық мінезді жандар. Жұмыстан тыс уақытта оларды күзетші деп мүлдем елестете де алмайсыз. Естуімізше, әулеттерінде Әсия мен Әсима ғана күзетші емес. Олардың нағашы әпкелері Жанат Оспанова да талай жылдан бері біршама мекемелердің күзет саласында еңбек еткен. Әпкелерінің жолын қуған егіздер де ұлағатты отбасында бала өсіріп, тағылымды тәрбие беруде. Әсияның Алмаз бен Малика есімді балалары бар. жұбайы Ерболатпен отасқандарына 14 жыл болған. Ал, Әсиманың ұлы Арман 11 жаста. Каратэ спорт түрімен айналысады. Додалы жарыстарда жеткен жетістіктері де жоқ емес. «Болашақта отанын қорғайтын азамат болғысы келеді», — дейді анасы. Балалары Семейдегі №34 мектепте білім алуда. Ал, аналары жұмыста болған уақытта олар-ға әжелері, яғни, егіз қыздың анасы Алтынай Мағзұмқызы бас-көз болуда. Алтынай Мағзұмқызының бары да, нары да егіз қыздары мен немерелері. Барлығы бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүруде. Барлық мерекелерді отбасымен тойлағанды жақсы көретіндіктерін айтады күзетші арулар. Айтуларынша, 8 Наурыз – Халықаралық Әйелдер күні мерекесі — бұл отбасының ең сүйікті мерекесі. Айтулы мерекеге егіз қыздар қызу дайындық үстінде. «Барлық әйелдер қауымын, аналар мен аруларды келе жатқан мерекелерімен құттықтаймыз. Жұмыстары табысты болсын. Барша әріптес- теріміздің істеріне сәттілік тілейміз», — деген тілектерін білдірді. Біз де оларды төл мерекелерімен құттықтай отырып, еңбектеріне жеміс тілейміз.

 

Нұрдәулет КӘКІШЕВ,

«Семей таңы»

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

6 дней назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

1 неделя назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

1 неделя назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

2 недели назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

2 недели назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

2 недели назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

2 недели назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

2 недели назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

2 недели назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС