25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ҚАУІП ТУДЫРАТЫН АУМАҚТАР БАҚЫЛАУДА

04.03.2014
ҚАУІП ТУДЫРАТЫН АУМАҚТАР БАҚЫЛАУДА
FacebookWhatsappTelegram

Қыстың соңғы күндерінде жауған қар мөлшері тым қалың болғандықтан, күн күрт жылынса, қаладағы кейбір аумақтар аяқ алғысыз көлшікке айналуы мүмкін. Осы жағдайдың алдын алу мақсатында өткен бейсенбі күні қаладағы Найманбаев, Қабанбай батыр сынды орталық көшелер мен орталық базар маңы және Шығыс кентіндегі Пожарное согре саяжайы мен Дальняя кенті сияқты су алу қаупі бар бірқатар аудандарды аралап, жағдаймен танысқан қала әкімі Айбек Кәрімов қысқа мерзім ішінде ұсыныстарын енгізу үшін қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияға тың тапсырмалар жүктеді.

Алдымен, Найманбаев көшесінің жағдайымен танысқан Айбек Мүталапханұлы Қабанбай батыр көшесінің бойымен бағыт алып, ондағы орталық базар маңы мен 72 кварталдың ортасындағы теміржол көпірінің астыңғы жағындағы көктемде көлшік су көп жиналатын жерге барды. Қала әкіміне мамандар бұл жерде неліктен еріген қар  суының көлшікке айналатынын түсіндірді. Олардың сөзіне сүйенсек, осы жердегі коллекторға (сұйық зат пен газды шығарып тұратын канал құдықтарының құбыры) әлдекімдер қоқыс толтырып тастағандықтан, құбыр бітеліп қалған. Құзырлы мекемелер мамандарына бұл мәселені тез арада шешуді тапсырған қала әкімі олардың ұйымшылдығы жоқ екендігін, сондықтан, жұмыстың сылбыр жүретіндігін тілге тиек етті.

Қала басшысы бастаған жұмыс тобы бұдан әрі Шығыс кентіндегі Пожарное согре саяжайына ат басын бұрды. Бұл саяжай күре жолдан алыстау орналасқандықтан, көктем кездерінде шалшық судан аяқ алып жүруге жайсыз тиіп, тұрғындардың қала жаққа қарай қатынауы қиындай түсетін көрінеді. Мамандардың айтуынша, мұнда бұрын тек жазғы нұсқадағы саяжайлар ғана бол-ған. Кейіннен бос жатқан жерлерге үй салынып, қоныс аудар-ғандар саны көбейген. Дегенмен, бұл жерде екі бағыттағы су ағу арнасы қарастырылған. Олардың бірі бітеліп қалса, еріген қар суы көлшікке айналатын көрінеді. Ал, автокөлік базары маңындағы су арнасы арқылы осы саяжайдағы көлшік Ертіс өзеніне құйылады екен. Қағаздағы сызба арқылы мән-жайды түсіндірген мамандарға қала басшысы тапсырма күтіп отырмай, осы бастан қауіпті жағдайдың алдын алу шараларын ұйымдастыруды тапсырды.

 

{jcomments on}Одан кейін Дальняя кентіне ат басын бұрған қала әкімі, аталмыш аудандағы көктемде шалшық су басатын №38 мектептің жанындағы жерлерді, ірі арықтарды көріп шықты. Шығыс кентіндегі Пожарное согре мен Дальняя кентінің тұрғындарынан былтырғы көктемде су басу қаупіне байланысты арыз-шағымдар көп түскен. Тосын жағдай биыл қайталанбас үшін Айбек Кәрімов комиссия мүшелеріне осы мәселелер бойынша жедел жұмыс жасап, екі күннің ішінде тиісті ұсыныстарды әзірлеуді тапсырды. Сонымен бірге, қала әкімі көктемгі су тасқынының алдын алудың бір жолы қала көшелеріндегі қарды дер кезінде шығару екендігін еске салды. Жұмыс сапарының соңында қала басшысы журналистер тобына аталған мәселелер жайында сұхбат берді.

 

— Былтыр қай аумақтардың тұрғындарынан өтініштер болса, биыл арнайы комиссия мүшелерімен бірге сол жерлерді қарап, бақылап шықтық. Қыстың соңына қарай қардың қалың жауғанын көріп отырсыздар. Ал, мұндай қалың қар қала көшелеріне, әсіресе, жер үйлерге қауіп төндіреді.   Сондықтан да, барлық арықтарды бақылап, су тоқтап қалмас үшін бітеліп қалғандарын тазалау қажет. Көктем кезінде қала көшелерінде көлшіген су болып, тұрғындарға қолайсыздық тудырмауы керек. Ал, тағы бір мәселе қаламызда жолаушы тасымалдайтын автобустар санының көптігінде болып тұр. Осы уақытта кейбір көшелердегі жолдар көліктердің көптігінен ойыла бастайды.   Сондықтан, қарды тезірек тазалау керек. Кәріз жүйелерін, ондағы қоқыстарды тазарту жұмыстарын жүргізу қажет. Бұл жұмыстарға қаладағы коммуналдық мекемелер толықтай жұмылдырылатын болады. Алайда, бұл тек атқарушы биліктің ғана жұмысы емес, жалпы, тұрғындардың ортақ мәселесі. Осы мәселелерді болдырмау үшін кәсіпкерлер де атсалысуы керек. Мекемелерінің айналасын қардан тазарту жұмыстарын жүргізуді барлық кәсіпкерлерге тапсыратын боламыз. Сонымен қатар, жер үйде тұратын қарттарға, ардагерлерге де көмек көрсетуді қарастыру қажет. Осы жұмыстарға жауапты мамандардың ұсынысы бойынша барлық техникаларды жұмылдырып, мүмкіндіктерді барынша пайдаланатын боламыз, — деді А.Кәрімов.

Тиісті тапсырмаларын алған жауапты мамандар қаладағы тағы да басқа  су басу қаупі бар аумақтарды аралап, қауіптің алдын алу үшін тез арада шара қолданатындарын, қысқа мерзім ішінде ұсыныстарын әзірлеп, сол бойынша жүйелі жұмыстар атқаратындықтарын жеткізді.

Нұрдәулет КӘКІШЕВ,

«Семей таңы»

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

6 дней назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

1 неделя назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

1 неделя назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

2 недели назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

2 недели назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

2 недели назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

2 недели назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

2 недели назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

2 недели назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС