Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

50 ЖАНҰЯ ЖАҢА ПӘТЕР АЛДЫ

05.12.2019
FacebookWhatsappTelegram

Семейде 50 отбасы жаңа пәтерге ие болды. 1 желтоқсан — ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай қаламызға арнайы жұмыс сапарымен келген облыс әкімі Даниал Ахметов жаңадан бой көтеріп жатқан Қарағайлы ықшам ауданында көпбалалы аналар мен жетім балаларға пәтер кілттерін салтанатты түрде табыстады.

Жаңа баспанаға қоныстанған 50 отбасының 27-сі балалар үйінің түлектері болса, 23-і көпбалалы жанұялар екен.

– Құрметті семейліктер, Сіздерді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бүгін біз көпбалалы отбасылар мен балалар үйінің түлектеріне Қарағайлы ықшам ауданынан пәтер кілттерін табыстау үшін жиналып отырмыз. Өздеріңіз көріп отырғандай, заманауи Қарағайлы ауданы күн санап өркендеп келеді. Жақында мұнда халықаралық стандарттарға сай мәдени-спорттық кешен есігін айқара ашатын болады. Сіздерді осы тамаша күнмен құттықтаймын. Қоныстарыңыз құтты болсын. Отанымызды сүйейік, ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты құрмет тұтайық, — деді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Пәтерге ие болған көпбалалы аналардың бірі Гүлжахар Қоныспаева осындай қамқорлығы үшін мемлекетке ризашылығын білдіруде.

— Біз тұрғын үй кезегінде он жылдан бері тұрған едік. Арманымыз орындалып, бүгін, міне, баспаналы болып жатырмыз. Өте қуаныштымын. Балаларым да риза. Өзім алты бала тәрбиелеп отырмын, бұйыртса жетінші сәбиіміздің өмірге келуін күтіп жүрміз. Өз үйің болғанға не жетсін. Барлық қазақстандықтардың басында баспана болса екен деп тілеймін, — дейді лебіз білдірген Г.Қоныспаева.

Аймақ басшысы көпбалалы ана Салтанат Қайырбекова мен балалар үйінің түлегі Берік Қайлыбаевтың пәтерлерінің ішкі әрленуі, құрылыс сапасымен жеке өзі танысып, осынау қуаныштарымен құттықтады. Екі отбасына да теледидар сыйға тартты.

— Мені ерекше қуантатыны, өмірдің қиын шақтарына қарамастан Сіздердің өздеріңізге, елдің, балалардың жарқын болашағына деген сенімдеріңіз. Тағы бір мәрте баршаңызды қоныс тойларыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Зор денсаулық, мол бақыт, отбасылық игілік пен барлық жақсылықтарды тілеймін, — деді Даниал Кенжетайұлы.

Осыдан соң облыс басшысы ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Абай театрында ұйымдастырылған салтанатты шараға қатысты.

— Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел билігіне келген жылдар ішінде ұмыт болған ұлы тарих қайта оралды. Ұлттық рух жаңғырып, өшкеніміз жанды. Шекара шегенделіп, мемлекеттілігімізді айқындайтын рәміздеріміз, төл теңгеміз, Ата Заң, ұзақ мерзімді стратегиялық құжаттарымыз халық игілігіне қызмет жасауда. Тұңғыш Президент бастамасымен ядролық қарудан өз еркімізбен бас тартып, Семей сынақ полигонын жауып, бүкіл әлемге Қазақстанның тұрақтылық пен бейбітшілікке ұмтылған мемлекет екенін көрсеттік. Арқа төріне ажарлы астана салдық. Ағымдағы жылдың наурыз айынан Нұр-Сұлтан есімін иеленген біздің еңселі елордамыз қазіргі заманның жаһандық мәселелерін шешуші диалогтық алаңға айналды. Әлемнің дінбасыларын бір үстел басына жиып, ЭКСПО-2017 көрмесін жоғары деңгейде өткіздік. Мұның барлығын біз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қайраткерлік есімімен байланыстырамыз.

Қазақстан Нұрсұлтан Әбішұлының басшылығымен әлемде жоғары беделі бар қуатты мемлекетке айналды. Бұл күні біз Елбасының әлемдік аренадағы бейбітшілікке қосқан тұлғалық рөлін ерекше атап, халықаралық қатынастарды түбегейлі реформалауға бағытталған ұсыныстарын еске аламыз. Әлем тарихында өз елінің өмірін түбегейлі өзгерткен ірі тұлғалар баршылық. Солардың қатарында Нұрсұлтан Әбішұлының да ойып орын алатыны анық. Елбасының Қазақстан тарихында айрықша орны бар, саналы ғұмырын халқына қызмет етуге арнаған елінің адал перзенті әрі жаһандық деңгейдегі саясаткер екені қазірдің өзінде уақыт сынынан айқындалды, — деген Даниал Ахметов Елбасы қайраткерлігі мен халықаралық аренадағы беделі жайлы көзкөрген бірнеше оқиғаны баяндап берді.

Салтанатты жиын мерекелік концертпен қорытындыланды.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»{jcomments off}

 

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 день назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 день назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

2 дня назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

3 дня назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

3 дня назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

3 дня назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

4 дня назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

6 дней назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

1 неделя назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС