Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

МҰРАЖАЙДАҒЫ «МУЗЕЙ ТҮНІ»

24.12.2019
FacebookWhatsappTelegram

Өткен аптаның жұмасы күні ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен қолға алынған республикалық «Музейлер шеруі» акциясы аясында Абайдың «Жидебай — Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде «Жаздым үлгі жастарға бермек үшін» тақырыбымен «Музей түні» шарасы өткізілді.

 

Осынау ерекше мәнге ие шараның салтанатты ашылу рәсіміне қазақ халқының көрнекті тұлғалары — жазушы Сәуле Досжан, генерал-полковник Сәт Тоқпақбаев, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, ақын Тыныштықбек Әбдікәкімұлы және Қожа-Ахмет Яссауи атындағы қазақ-түрік университетінің Еуразия ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары Суат Бейлур сынды мәртебелі қонақтар, сондай-ақ Семей қаласының тұрғындары мен қала меймандары, мәдениет және өнер мекемелерінің қызметкерлері, жас ақындар мен өнерпаздар, студенттер мен оқушылар, зиялы қауым өкілдері арнайы келіп қатысты.

«Музей түні» мәдени-көпшілік шарасы аясында қаламыздағы жас өнерпаздар мен әр саланың білікті мамандарының шығармашылығымен және еңбек жолымен етене жақын танысуға бағытталған іс-шаралар да ұйымдастырылды. Атап айтсақ, жыр әлемінде өзіндік өрнегі бар жас өнерпаздар Бауыржан Игілікпен, Мадияр Жақсылықовпен кездесу ұйымдастырылып, «Музейге сый» акциясы, «Фотоаймақ» және «Алмас қылыш» кинофильмдерінің көрсетілімі өткізілді.

Аталған акцияға облысымызға қарасты Аягөз, Шар, Семей қалалары және Абай ауданының тұрғындары елеулі үлес қосып, Абай музейінің қорына жиырмаға жуық жәдігер тапсырылды.

Сонымен қатар акцияға қатысушы қонақтар қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіне, сондай-ақ абайтануға қатысты бағалы дүниелердің құндылығы мен ерекшелігі жайында кең көлемде мағлұматтар берді.

«Музей түні» шарасының салтанатты ашылу рәсімінде ұлттық құндылықтарымызды насихаттап жүрген бірқатар жандарға Абай шаңырағы атынан айрықша құрмет көрсетіліп, алғыс хаттар табысталды.

«Музей түні» аясында қонақтар арасында танымдық ойындар өткізілді. Ойынға қатысушылар «Қырандар» және «Ұландар» тобы болып бөлініп, өздерінің Абайдың өмірі мен шығармашылығы жайындағы білімдерін көпшілік алдында көрсетуге мүмкіндік алды.

Ойынға қызығушылық танытқан жастар мен мектеп оқушылары берілген тапсырмаларға жауап беріп, музей ұжымы әзірлеген бағалы сыйлықтарға ие болды.

Ал жас қонақтар арасында қазақ халқының ұлттық ойыны асық атудан жарыстар өткізілді. Сайыс алдында балалар мен жасөспірімдердің қызығушылықтарын тудырған бұл ойынның ережесі, асық ату әдісі мен тәсілдері түсіндірілді. Жарысқа түсіп, ептілігімен және мергендігімен танылған балаларға бағалы сыйлықтар мен Абай музейіне тегін кіру билеті табысталды.

Десек те аталмыш шараның басты ерекшелігі Абай музейі мен Еуразия ғылыми-зерттеу институты арасындағы меморандумға қол қою рәсімі болды десек қателеспейміз.

Шығармашылық ынтымақтастық пен байланысты дамытуға бағытталған бұл меморандум «Музей түні» мәдени-көпшілік шарасы шеңберінде жүзеге асырылып, аталған шараға Қожа-Ахмет Яссауи атындағы қазақ-түрік университетінің Еуразия ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары Суат Бейлур мен Абай музейінің директоры Жандос Әубәкір қатысып, қол қойды.

Аталмыш құжаттың алдағы уақытта абайтану мен ғылыми-танымдық іс-шаралар жоспарының жүзеге асырылуына септігін тигізері анық деп білеміз.

Өз тілшіміз{jcomments off}

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 день назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 день назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

2 дня назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

3 дня назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

3 дня назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

3 дня назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

4 дня назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

6 дней назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

1 неделя назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС