Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

«Абай әлемі» КІТАПСҮЙЕР ҚАУЫМДЫ тағы қуантты

24.12.2019
FacebookWhatsappTelegram

Өткен жұма, 20 желтоқсан күні Абай театрында Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ШҚО әкімдігінің қолдауымен жарық көрген «Абай әлемі» кітаптар топтамасының кезекті тұсаукесер рәсімі өтті. Жоба Қазақстанның мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, өлкемізден шыққан тұлғаларымыздың атын әйгілеуге, көркем әдебиет арқылы жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеуге бағытталған.

 

 

Кітаптар топтамасында шығыс өңірінен шыққан ақын-жазу-шылардың, өнер адамдарының әртүрлі әдеби жанрды қам-титын түрлі тақырыптардағы шығармалары жарық көрген. Қызығушылық танытқан оқырман алдағы уақытта кітаптарды облыстағы кітапханалардан және ҚР ҰЭК қорынан оқи алады. Ақын-жазушылардың шығармаларын бағалау және жариялау жөніндегі кеңеске жазушы, КСРО, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Құрмет» орденінің иегері Медеу Сәрсеке жетекшілік етуде.

 

«Абай әлемі» кітаптар топтамасының биылғы, екінші басылымында Нұр-Сұлтан қаласындағы «Фолиант» баспасынан 9 жеке автордың кітабы мен 3 шығармалар жинағы — барлығы он екі кітап 6500 данамен жарық көрді. Орыс халқының Императорлық жағрафиялық қоғамының Батыс-Сібір Семей бөлімшесі мүшелерінің Шығыс Қазақстан туралы ХІХ-ХХ ғасырларда жазған зерттеулері «Краеведы ХІХ-ХХ веков о восточном Казахстане» деген атпен тұңғыш рет жеке жинақ болып орыс тілінде, өлкетанушы, шежіреші Станислав Черныхтың архив материалдары мен әдеби деректер негізінде дайындалған еңбектері жеке кітап ретінде басылып шықты. Бұдан басқа ұлы Абайдың ақындық үлгісін жалғастырған дарынды шәкірті Нұрлыбек Баймұратовтың, танымал айтыскер ақын Қалихан Алтынбаевтың шығармалары, 2018 жылғы Мемлекеттік сыйлықтың иегері Тыныштықбек Әбдікәкімовтің философиялық өлеңдері, Ба-қытжан Раисованың лирикалық өлеңдері, Көпен Ерқасовтың таңдаулы шығармалары, қаламгер Айтмұхамбет Қасымовтың төл туындылары, жерлесіміз, танымал жазушы Георгий Гребенщиковтің көшпелі қазақтардың өмірі жайлы этнографиялық очерктері мен повестерінің аудармасы қазақ тілінде жарық көрді.

Мемлекеттік «Серпер» сый-лығының лауреаты, «100 жаңа есім» республикалық жобасының жеңімпазы Ержан Жұмабек және Ольга Асташенко, Медет Божан, Наталья Викс, Жасұлан Мақай сынды шығысқазақстандық жас таланттардың шығармалары «Жастықтың оты жалындап» деген атпен жарық көрсе, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының иегері Мерей Қарт пен халықаралық байқаулардың лауреаттары Бау-ыржан Игілік, Қызырбек Дүр-гінбайұлы, Александр Мещеряков тәрізді жас ақындардың туындылары жеке кітап болып оқырмандармен қауышты.

– Тұғырлы Тәуелсіздікке қол жеткен уақыттан бастап қазақ халқы өзінің дәстүр-салтымен, рухани қазынасымен қайта қауышты. Ұмыт болған ұлы есімдер қайта оралды. Облыс әкімі Даниал Ахметовтің қолдауымен екінші жыл қатарынан Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Абай әлемі» кітаптар топтамасын шығаруды қолға алдық. Бұл жоба ұлы Абай, кемеңгер Шәкәрім, дана Мұхтар шығармаларын шығарудан бастау алып, қазақ әдебиеті тарихынан маңызды орын алатын бірқатар қаламгерлердің шығармалары және Жастар жылы аясында дарынды жастардың шығармалары жарық көрді. Келер жылы ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына арнап «Абай әлемі» жобасын жаңа кітаптармен толтыру жоспарланып отыр. Осы сәтті пайдаланып, белгілі жазушы, біздің жерлесіміз Медеу Сәрсеке ағамызға және жобаны жүзеге асырған редакция ұжымына үлкен жұмыс атқарғаны үшін зор алғыс білдіремін,- деді қала әкімі Ермак Сәлімов.

Шара барысында «Невада — Семей» антиядролық қозғалысының 30 жылдығына орай жарық көрген ақын, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Досжанның «Қасірет пен тағдыр» атты қазақ және орыс тілдеріндегі романы таныстырылды.

Айта кетейік, өткен жылы жазушы Медеу Сәрсекенің жетекшілігімен, ШҚО әкімдігінің қолдауымен «Абай әлемі» топтамасымен он алты кітап жарық көрген болатын. Келер жылы, Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай, ұлы ақынның таңдаулы шығармалары, Кәкітай Ысқақұлы, Көкбай Жанатайұлы, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мұхтар Әуезов, Қайым Мұхамедханов, Сәбит Мұқанов, Зәки Ахметов, Әріп Тәңірбергенұлы, Мағауия Абайұлы, Тұрағұл Абайұлы, Әсет Найманбаев, Шәкір Әбенов және басқа да тұлғалардың шығармалары жинақталған кітаптар топтамасын шығару жоспарлануда.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»{jcomments off}

Связанные новости

В области Абай напомнили, как действовать покупателю, если не выдали чек

09.05.2026
В области Абай напомнили, как действовать покупателю, если не выдали чек

В Департаменте государственных доходов по области Абай напомнили жителям региона о правах потребителей при покупке товаров и услуг. Заместитель руководителя...

Читать далее ...

В области Абай усилены меры безопасности на воде

09.05.2026
В области Абай усилены меры безопасности на воде

В регионе в период купального сезона ведётся комплекс профилактических и организационных мероприятий, направленных на предотвращение чрезвычайных ситуаций на водоёмах. Об...

Читать далее ...

В области Абай оказали почести ветеранам войны и труженикам тыла

09.05.2026
В области Абай оказали почести ветеранам войны и труженикам тыла

В преддверии Дня Победы аким области Берик Уали связался с ветераном Великой Отечественной войны Григорием Маларовым, который в праздничные дни...

Читать далее ...

В области Абай широко отмечают День Победы

09.05.2026
В области Абай широко отмечают День Победы

9 мая — День Победы — широко отмечается в области Абай. В честь памятной даты в городе Семей организован ряд...

Читать далее ...

Поздравление Главы государства Касым-Жомарта Токаева с Днем Победы

09.05.2026
Поздравление Главы государства Касым-Жомарта Токаева с Днем Победы

Уважаемые соотечественники! От всей души поздравляю вас c Днем Победы! 9 мая мы с искренней признательностью воздаем должное великому подвигу...

Читать далее ...

Трансформация партийного поля и новые электоральные ориентиры

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

Появление партии Adilet отражает изменение электоральных и идеологических парадигм в стране. На этом фоне партия Amanat, сохраняющая статус правящей до...

Читать далее ...

Новости

В области Абай напомнили, как действовать покупателю, если не выдали чек

2 дня назад

В области Абай усилены меры безопасности на воде

2 дня назад

В области Абай оказали почести ветеранам войны и труженикам тыла

2 дня назад

В области Абай широко отмечают День Победы

2 дня назад

Поздравление Главы государства Касым-Жомарта Токаева с Днем Победы

2 дня назад

Трансформация партийного поля и новые электоральные ориентиры

3 дня назад

Перераспределение ролей в новой политической системе

3 дня назад

Политическое доверие и персональная ответственность за новый курс

3 дня назад

Закрепление транзита и демонтаж прежней политической архитектуры

3 дня назад

Председательство Айбека Дадебая как элемент управленческой преемственности

3 дня назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС