Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

АҚЫН МЕН ӘКІМ НЕМЕСЕ ҚАЛҚАМАНҒА ХАТ

24.12.2019
FacebookWhatsappTelegram

Қалқаман бауырым, желтоқсан айының басында өзіңнің Өскемен қаласы ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне басшылыққа келгенің жайлы жаңалық келіп жетті.

Білмеймін, бұл қаладан бақ табам ба,

Жабығып жүргендеймін жат ғаламда,

Тарылған көшелері тас қаладан

Тарыдай бір мейірім таппағанда,-

деп у-шуы басым мегаполистен шаршаған ақын тыныштық іздеп туған жерге жеткен шығар деп шамаладық.

Оқырмандарға таныстыра кеткен жөн болар, Қалқаман  Айымғазыұлы Сарин 1978 жылы 2 қаңтарда қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Архат ауылында дүниеге келген.

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. ҚР Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры сыйлығының лауреаты, Халықаралық “Шабыт” фестивалінің лауреаты, “Алтын қалам” әдеби сыйлығының жеңімпазы, “Арманымның бейнесі”,“Құс жолындағы керуен” атты жыр жинақтарының авторы. Өскеменге келгенге дейін Шалқар радиосының директоры қызметін атқарған.

 

Жасыратыны жоқ, аз уақыт шымқаланың бас мұғалімі болып жұмыс істеп қайтқан Абайдың Ақерке Абылайхан атты қызының Өскеменге білім саласын басқаруға келгенін мансапты мақсат еткен адам үшін қалыпты жағдай деп қабылдағанымызбен, шығармашылық ортадан шалғайдағы, орысша сөйлегенде орыстардың өзіне шаң қаптырып, қазақшаға келгенде тегіс жерде сүрінетін шенеуніктердің қатарын өзіңнің толықтыруың таң қалдырды.

Өкінішке орай, Өскемен соңғы жылдары үлкен тақтан үміткер мансапқор жастардың сынақ алаңына айналып кетті. Облыс орталығына басшылық жасаған әкімдердің қылығын көргенде «Әндіжанда бір әпкем бар, бұдан да өткен сорақы» деген сөз тілге жиі оралатын болып жүр… Жақсылық Омарға дейін облыс орталығына басшылық жасаған бір әкім мотоциклмен жұмысқа келіп, грейдердің тізгініне отырып қар тазалап, Қабанбай батырдың жансыз мүсініне мініп алып ескерткіш жуғаннан басқа жұмыс тындырмай, әйтеуір, кетті…

Бүгінгі әкім Жақсылық Омар да біздің аймақ халқына бұрыннан таныс. 1980 жылы 28 қыркүйекте Алматы облысы Алакөл ауданы Үшарал ауылында дүниеге келген. 2001 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін тамамдаған. Қазақстанның шығысына Бердібек Сапарбаевпен бірге келген кадрлардың бірі. 2009-2010 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің көмекшісінен бастаған лауазымы облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, басшысы, облыстық мәдениет басқармасының басшысы болып жалғасып, 2013 жылғы 27 мамырда Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған болатын.

Көпшілік байқап отырған болар, біздің аймақта Жақсылық Омардың мансабы жыл сайын емес, ай сайын өсуде болды. 2016-2018 жылдар аралығында Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарып, 2018 жылдың тамыз айында Өскемен қаласына басшы болып қайта оралды.

Ақиқатын айтуымыз керек, Жақсылық Омар жайлы да шығысқазақстандықтардың пікірі әр алуан. Қол астындағы қызметкерлерге жайсыз, көңіліне жақпағандардың соңына түсіп, өш алудың шебері деген пікір көп. Таяуда Жақсылықтың Өскеменнің екі әйелін жанжалдың ортасына айдап салғаны жайлы шу шықты. Әкімнің командасы әлеуметтік желіде тараған бұл хабарды жалған деп жоққа шығаруға тырысқанымен, Жақсылық Омарды білетін көпшіліктің көңілінде дәл солай болғанына күмән жоқтығын байқадық… Жарнаманы жаны сүйетіні жайлы да халық көп айтады. Ол пікір негізсіз де емес сияқты. Алматы облысы әкімінің орынбасары болып жүргенде «Асар» авто-еріктілер қозғалысын құрып, мүмкіндігі шектеулі алғашқы жолаушыны Жақсылық Омардың өзі сұраған жеріне жеткізіп бергені жайлы суреті қоса берілген ақпарат әлеуметтік желіні әп-сәтте аралап кеткен болатын. Өскеменде қоқыста жатқан Абайдың бас мүсінін 500 мың теңгеге сатып алуы жайлы ақпаратты да Жақсылықтың арзан жарнамаларының қатарына жатқыздық.

Айтпақшы, Жақсылық Омар ішкі саясат басқармасына басшылық жасап тұрған шақта жасындай жарқ етіп, аққан жұлдыздай ағып түскен талантты ақын Рүстем Есдәулетовтің облыстық театрды басқарғаны көпшілікке белгілі. Ол:

Қашан сенен қазақы от көремін,

Шаршадым сұрағыма жауап іздеп.

Болмашыға ұлымас көкбөрі едім,

Өскеменім!-

деп аз өмір сүрсе де Өскеменінде қазақылықты көре алмай арманда кеткен Рүстем болатын… Сол Рүстемнің қадірін білмеген билік сенің қадіріңді біле қояр ма екен?..

Қалқаман бауырым! Адамзаттың мұңын жүрегіндегі елеуіштен өткізіп, халықтың қажетін жыр қылып сыртқа шығаратын АҚЫНДЫҚ атты бекзат өнер әркімнің еншісіне бұйырмаған. Сол сирек кездесетін қасиет бойына біткен өзің сияқты дарынды ұлдың мансаптың құлы болып, шіреніп тұрған шенеуніктің шекпенінің шетін көтеріп жүгіріп жүруі жараспайтын сияқты… Әлеуметтік желіде күнделікті атқарған жұмыстарын әспеттеумен әбігер болып жүрген бүгінгі биліктің өлең оқуға уақыты жоқ. Өлең жазу еріккенің ісі деп санайтын, романтикадан ада ортада орныңды таба алар ма екенсің… Бәлкім, бұл жоғары лауазымнан үміткер көңіліңнің алғашқы баспалдағы да болар. Алайда сенің Өскеменнің әкімінен әлдеқайда жоғары тұрған өз орның бар екені есіңде болсын! Халықтың билікке қояр талабы көп қым-қиғаш бүгінгідей уақытта, аса биік лауазым болмағанымен, жауапкершілігі көп қызметке келдің. Өз басым «Шымшық сойса да қасапшы сойсын» деген қағиданы дұрыс санаймын…

Ақын бауырым, мен өзіңнің өлеңдеріңді іздеп оқитын жырсүйер қауымның бірімін. Марқұм Фариза Оңғарсынованың сенің өлеңдеріңе жоғары баға бере отырып, саясаттағы сайқалдықтан сақтандырғаны есіңде болар… Ендеше, Жақсылық Омардың сарай сауысқанына айналып кетпей, халық пен билік арасын жақындатып, елдің мұңын билікке жеткізетін қызметші болуыңа тілектеспін!

Құрметпен, Риза АСАНҚЫЗЫ{jcomments off}

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 день назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 день назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

2 дня назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

3 дня назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

3 дня назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

3 дня назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

4 дня назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

6 дней назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

1 неделя назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС