Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ПРЕЗИДЕНТ МАҚАЛАСЫ- ПАРАСАТТЫ ПАЙЫМДАУ

10.01.2020
FacebookWhatsappTelegram

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласын Абай музейінің ұжымы ықыласпен қабылдады. Бұл мақала ағымдағы жылы әлемдік деңгейде аталып өтетін Абай тойының маңызы мен ерекшелігін жан-жақты нақтылап, алдымызға келелі жұмыстарды мазмұнды атқаруды жүктеп отыр.

Мемлекет басшысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын атап өту тек той тойлау үшін емес, ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамуымыз үшін қажеттілігін айта отырып, елімізге алыс-жақыннан келетін меймандар мен туристерді күтіп алуға жағдай жасау керектігін, «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген әлемнің Абайын тануға асығып келетін Жидебайдағы Абай музей-үйін жаңғырту жұмыстарына басты назар аударуда.

Қасым-Жомарт Кемелұлы атап көрсеткендей, биылғы жылы Абайдың 175 жылдығына орай халықаралық, республикалық және аймақтық деңгейде 500-ден астам іс-шара ұйымдастырылатын болады. Тамыз айында Семей қаласында ЮНЕСКО-мен бірлесіп өткізілетін «Абай мұрасы және әлемдік руханият» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция ең басты шара болуға тиіс. Қазан айындағы Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «Абай және рухани жаңғыру мәселелері» деген тақырыптағы халықаралық конференция мен басқа да жиындар Абайдың тұлғасы мен мұрасын жан-жақты зерделеуге және оның шығармашылығын ХХІ ғасырдағы жаңа Қазақстанның игілігіне пайдалануға жол ашатыны айқын.

Мақалада көрсетілген елдің рухани дамуындағы ерекше орны бар Семей қаласын тарихи орталық ретінде белгілеу, Ұлы Абай мен Шәкәрімнің, Мұхтар Әуезовтің кіндік қаны тамған өңірге айрықша құрмет көрсету, Семей шаһарын әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан кешенді түрде дамытуға күш салу, ұлы тұлғалардың ізі қалған қаладағы тарихи-мәдени нысандарды заманауи көзқараста жаңғырту, Абайдың қастерлі мекені – әйгілі Жидебайды абаттандырып, ұлы ақынның рухына тағзым етуге келетін жұртшылыққа қолайлы жағдай жасау, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейіне ерекше көңіл бөліп, ғылыми-танымдық жұмыстармен айналысатын орталыққа айналдыру мәселелері мен бірегей бастамаларын қолдаймыз. Бұл бастама тұтас еліміздің дамуы мен халық игілігіне асатын жұмыстардың бастау көзі, қайнар бұлағы ретінде тәуелсіз еліміздің дамуына үлес қосары анық.

Ел Президенті Қ.Тоқаевтың ұлылар мекеніндегі қасиетті орын, қара өлеңнің меккесі Жидебайда музейге арнайы лайықталған «Абай мұрасы» атты жаңа ғимарат салу идеясына үлкен қолдау білдіргіміз келеді. Бұл — музей ісінің дамуына, Абай мұрасын әлемдік деңгейде паш етуге аса қажет дүние.

Абайдың шығармаларына зер салсақ, оның үнемі елдің алға жылжуына, өсіп-өркендеуіне шын ниетімен тілеулес болғанын, осы идеяны барынша дәріптегенін байқау қиын емес. Ал ілгерілеудің негізі білім мен ғылымда екенін анық білеміз. Абай — қазақтың дамылсыз оқып-үйренгенін бар жан-тәнімен қалаған ойшыл, Ұлы Абайдың «Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық білуге» деген өнегелі өсиетін де осы тұрғыдан ұғыну керек екені Мемлекет басшысының мақаласында орамды ой, игі идея, парасатты пайым ретінде көрініс тапқан.

Сонымен қатар Қ.Тоқаев өз мақаласында Абай мұрасының өскелең ұрпақ пен ел болашағы жастарға тигізетін пайдасы жайында ой өрбітіп, Ұлы ақын шығармашылығының қай кезеңде де өзектілігін жоймай, замана жүгін көтеретінін, Абай ұлағаты барша адамзат игілігі үшін рухани азық екенін де атап өтті. Сондықтан ұлтымызды жаңғырту ісінде хакім Абай еңбектерін басшылыққа алу, ұтымды пайдалану жайын тағы бір мәрте ой елегінен өткізуді, Абай сөзінің бүгінгі заманымыз үшін көкейкестілігі, ақын шығармаларынан халқымыз тағылым алуға тиіс екендігі жөнінде айта келіп, Абай мұрасы ұлттық болмыстың үлгісі хақында, ойшылдың осыдан бір ғасырдан астам уақыт бұрын ұлтты жаңғыруға, жаңаруға және жаңа өмірге бейім болуға шақырғаны туралы ой бөлісті.

Ел Президентінің бұл мақаласы Абай тойын жоғары деңгейде атап өту мен абайтану саласындағы орындалуға тиіс мүдделер мен мақсат-мұраттардың жүзеге асырылуына септігін тигізіп, барша қазақ халқының ұлы тұлғасы Абай Құнанбайұлының мерейтойын мерекелеуде айнымайтын бағыт-бағдар болуға тиіс. Қасым-Жомарт Кемелұлы көтерген мәселелер мен бастамалар ел мүддесі үшін пайдаға асырылып, кең-байтақ даламыздың ірі ойшылдарының бірі Абай мен оның шығармашылығына, кемеңгер ақынның айналасына қатысты тарихи деректер мен мұрағаттардың жаңғыруына септігін тигізеді деп сенеміз.

Біз Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» мақаласындағы мәселелер мен мақсаттарды орындау үшін бар күш-жігерімізді салып еңбектеніп, Абай мұрасын барша адамзат баласына насихаттау жолында жұмыс атқаратын боламыз.

Жандос ӘУБӘКІР,

Абайдың «Жидебай-Бөрілі»

мемлекеттік және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің директоры, ф.ғ.к., доцент{jcomments off}

Связанные новости

В области Абай напомнили, как действовать покупателю, если не выдали чек

09.05.2026
В области Абай напомнили, как действовать покупателю, если не выдали чек

В Департаменте государственных доходов по области Абай напомнили жителям региона о правах потребителей при покупке товаров и услуг. Заместитель руководителя...

Читать далее ...

В области Абай усилены меры безопасности на воде

09.05.2026
В области Абай усилены меры безопасности на воде

В регионе в период купального сезона ведётся комплекс профилактических и организационных мероприятий, направленных на предотвращение чрезвычайных ситуаций на водоёмах. Об...

Читать далее ...

В области Абай оказали почести ветеранам войны и труженикам тыла

09.05.2026
В области Абай оказали почести ветеранам войны и труженикам тыла

В преддверии Дня Победы аким области Берик Уали связался с ветераном Великой Отечественной войны Григорием Маларовым, который в праздничные дни...

Читать далее ...

В области Абай широко отмечают День Победы

09.05.2026
В области Абай широко отмечают День Победы

9 мая — День Победы — широко отмечается в области Абай. В честь памятной даты в городе Семей организован ряд...

Читать далее ...

Поздравление Главы государства Касым-Жомарта Токаева с Днем Победы

09.05.2026
Поздравление Главы государства Касым-Жомарта Токаева с Днем Победы

Уважаемые соотечественники! От всей души поздравляю вас c Днем Победы! 9 мая мы с искренней признательностью воздаем должное великому подвигу...

Читать далее ...

Трансформация партийного поля и новые электоральные ориентиры

07.05.2026
Партия Adilet как инструмент реализации Новой Конституции

Появление партии Adilet отражает изменение электоральных и идеологических парадигм в стране. На этом фоне партия Amanat, сохраняющая статус правящей до...

Читать далее ...

Новости

В области Абай напомнили, как действовать покупателю, если не выдали чек

2 дня назад

В области Абай усилены меры безопасности на воде

2 дня назад

В области Абай оказали почести ветеранам войны и труженикам тыла

2 дня назад

В области Абай широко отмечают День Победы

2 дня назад

Поздравление Главы государства Касым-Жомарта Токаева с Днем Победы

2 дня назад

Трансформация партийного поля и новые электоральные ориентиры

3 дня назад

Перераспределение ролей в новой политической системе

3 дня назад

Политическое доверие и персональная ответственность за новый курс

3 дня назад

Закрепление транзита и демонтаж прежней политической архитектуры

3 дня назад

Председательство Айбека Дадебая как элемент управленческой преемственности

3 дня назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС