Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

*

04.03.2014
*
FacebookWhatsappTelegram

№3 перзентхананың Бас дәрігері Думан Берікұлы:

АРУЛАРҒА АНА БОЛУ БАҚЫТЫН ТІЛЕЙМІН

— Думан Берікұлы, 8 Наурыз – Халық- аралық әйелдер күні мерекесімен ең бірінші кімді құттықтайсыз?

— Ең бірінші үйдегі анамнан бастап жарымды, қарындастарымды құттықтаймын. Одан кейін бірге жұмыс жасап жүрген ұжымдағы әйел адамдарды құттықтаймын. Айта кету керек, перзент-ханада жататындар тек қана әйел заты болғандықтан, мекемеміздегі қызметкерлердің 95 пайызы нәзік жандылар.

— Есіңізде қалған «ерекше 8 Нау-рыз» туралы айтып берсеңіз.

— Осыдан 5-6 жыл бұрын досым екеуі-міз 8 наурыз күні мерекемен құттықтайық деп оның болашақ жарының ауылына барған едік. Алайда, сол күні қатты боран соғып, ауа райы жол жүруге қиындық туғызған еді. Дегенмен, бұрқасынға қарамай, жолымыздан қалмадық. Шынымды айтсам, сол 8 наурыз ғана есімде қалыпты. Басқа ауыз толтырып айтарлықтай ерекше қызықты оқиғалар бола қойған жоқ.

{jcomments on}- Жарыңыз Гүлмира Сұлтанғазықызына, жалпы, қандай сыйлық жасайсыз? Және биылғы мерекеде қандай сыйлықпен қуантпақсыз?

 

— Ең бірінші кезекте гүл сыйлаймын. Біздің отасқанымызға 1,5 жыл ғана уақыт болды. Шаңырақ құрғаннан  бері 8 Наурыз мерекесі 1-ақ рет болды. Ал, басқа да мейрамдарда болсын, туған күнінде болсын жарыма әртүрлі сыйлықтар жасаймын. Оған не қажет болса, соны сыйлауға тырысамын. Ал, биылғы мерекеде қандай сыйлық жасайтыным туралы, шынымды айтсам, әзірге ойламаппын. Оған дейін біраз уақыт бар ғой әлі. Бұйырса, 8 наурыз күні таяған кезде көрерміз. Бұл тұрғысында алдын ала жоспар құру жаныма жат дүние. Қандай іс болмасын тек өз уақытында және дер кезінде орындағанды жөн көремін.

— Егер құпия болмаса, сыйлыққа шамамен қанша қаржы жұмсайсыз?

— Әр кезде әрқалай. Отбасы болғаннан соң үйіңе немесе жарыңа не керек екенін білесің. Анама да, жарыма да, қарындастарыма да тек қажетті заттарын сыйлаймын көбінесе. Ал, тосын сый деген дүниені ұнатпаймын (күлді).

— Бұл мерекеде отбасыңыздағы жандардан басқа тағы кімдерге сыйлық жасайсыз?

— Әпкелеріме, жеңгелеріме,туыстарыма, жалпы, жақын жандарға мүмкіндігінше сыйлық жасауға тырысамын. Сонымен қатар, жұмыс бабы бойынша қаладағы әріптестеріме, яғни, өзге мекемелердің дәрігерлеріне құттықтау хаттарын жіберемін.

— 8 Наурыз – әйел адамдардың, барша арулардың ең сүйікті мерекесі екені белгілі. Ал, ер адам ретінде «менің сүйікті мерекем» деп айтатындай сіздің еншілеп алған мерекеңіз бар ма?

— Қазақтың жаңа жылы, төл мерекеміз – Әз Наурызды менің ең жақсы көретін мерекем деуге болады. Өйткені, ол кезде табиғаттың ояну кезеңі басталады әрі адамдар қысқы депрессиядан шығып, көңіл-күй де жақсаратын уақыт.

— Кімге болмасын тек қажетті затты сыйлайтыныңызды айттыңыз. Ал, өзіңіз қандай сыйлық алғанды ұнатасыз?

— Мен үшін сыйлықтың бағасы маңызды емес. Кәдесыйлар мен кітаптар ұнайды.

— Нәзік жандылармен бір ұжымда жұмыс жасап отырғандықтан және босануға келген болашақ аналар жіті қадағалауыңызда болғандықтан, әйел адамдардың жағдайы сізге жақсы  таныс деп білемін. Сізді әйел затының қандай мәселелері толғандырады?

— Жалпы қазіргі уақытта жұрттың жағдайы жақсы деуге болады. Олай айтуымның себебі де бар, жалпы, еліміз бойынша ана мен бала өлімі азайып, бала туу саны жылдан жылға көбейіп келеді. Босану саны көбейсе, демек, халықтың жағдайының жақсарғандығының белгісі. Мысалы, 1994-1995 жылдары біздің перзентханада бар болғаны 400-ге жуық бала өмір есігін ашса, былтыр 2500-ге жуық сәби дүниеге келген. Бұл, әрине, жоғары көрсеткіш. Ал, мұның 10-15 пайызы қала маңындағы ауылдардан келетін әйел адамдар. Алайда, қыстың күндері боран болып, жолдардың жабылуына байланысты олардың толғағы басталған уақытта дер кезінде перзентханаға жете алмай қалып жатады. Тағы бір мәселе, өкінішке орай, баладан бас тартатын тас бауыр аналар қоғамда әлі де бар. Ондай жағдай өте сирек болса да біздің перзент- ханада да кездесіп тұрады.

— Отбасының діңгегі берік болуы үшін ер адамдарға қандай кеңес берер едіңіз?

— Отбасының ұйытқысы – әйел адамды, ер адамдар аялап, алақанда ұстауы керек. Жарын өзінің анасындай көруі тиіс деп ойлаймын. Әрине, отбасы болғаннан соң өмірде ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды ғой. Дей тұрғанмен, отбасы мүшелері бір-бірін ренжітпеуге тырысуы керек.

— Әйелдер қауымына  тілегіңіз.

— Еліміздің барлық нәзік жандыларын Халықаралық мерекемен құттықтаймын. Барлық аруға ана болу бақытын тілеймін.

— Әңгімеңізге рахмет!

PS: Бет қатталып жатқанда Думан  Берікұлының тұңғышы дүниеге келгенін естіп, кейіпкеріміздің қуанышымен ортақтасып,  қоңырау шалдық. Айтуынша, ұлына атасы Мансұр деген ат қойған екен. Думан Берікұлын  құттықтай отырып, дүние есігін енді ғана ашқан сәбиінің бауы берік, болашақта үлкен азамат болсын деп тілейміз!

Сұхбаттасқан Нұрдәулет КӘКІШЕВ.

Связанные новости

Восстановлены нарушенные права услугополучателей

11.03.2026
Восстановлены нарушенные права услугополучателей

Департамент агентства РК по делам государственной службы по области Абай является уполномоченным органом по оценке и контролю за качеством оказания...

Читать далее ...

В Кокпектинском районе будет реализован ряд важных проектов

11.03.2026
В Кокпектинском районе будет реализован ряд важных проектов

В этом году в Кокпектинском районе планируется реализовать ряд важных проектов, направленных на развитие экономики и создание новых рабочих мест....

Читать далее ...

Члены общественного совета области Абай выразили поддержку новой Конституции

11.03.2026
Члены общественного совета области Абай выразили поддержку новой Конституции

Сегодня аким области Берик Уали встретился с членами областного общественного совета. На заседании, которое модерировал член Конституционной комиссии и председатель...

Читать далее ...

Коллектив АО «Семей Инжиниринг» поддержал проект Новой Конституции

11.03.2026
Коллектив АО «Семей Инжиниринг» поддержал проект Новой Конституции

В городе Семей областной филиал общенациональной коалиции «За Народную Конституцию Справедливого и Прогрессивного Казахстана!» продолжает встречи, направленные на разъяснение проекта...

Читать далее ...

Молодежь области Абай стала активнее работать и учиться

11.03.2026
Молодежь области Абай стала активнее работать и учиться

В области Абай сократилась доля молодежи, не занятой ни учебой, ни работой. Регион также расширяет программы трудоустройства, льготной ипотеки и...

Читать далее ...

Члены региональной коалиции встретились с коллективом филиала АО «Казахтелеком»

11.03.2026
Члены региональной коалиции встретились с коллективом филиала АО «Казахтелеком»

Сегодня члены регионального филиала коалиции «За Народную Конституцию Справедливого и Прогрессивного Казахстана!» встретились с коллективом филиала АО «Казахтелеком». В ходе...

Читать далее ...

Новости

Восстановлены нарушенные права услугополучателей

19 часов назад

В Кокпектинском районе будет реализован ряд важных проектов

23 часа назад

Члены общественного совета области Абай выразили поддержку новой Конституции

23 часа назад

Коллектив АО «Семей Инжиниринг» поддержал проект Новой Конституции

23 часа назад

Молодежь области Абай стала активнее работать и учиться

23 часа назад

Члены региональной коалиции встретились с коллективом филиала АО «Казахтелеком»

23 часа назад

Члены участковых комиссий во всех регионах РК прошли специальное обучение перед республиканским референдумом

23 часа назад

Новая Конституция Казахстана глазами зарубежного эксперта: что меняется и почему это важно

2 дня назад

Представлена AI-платформа по проекту новой Конституции

2 дня назад

Звезды казахстанской эстрады объединились в поддержку новой Конституции – народный гимн «Халықтың Ата Заңы»

2 дня назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС