Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ҰЛЫ АҚЫН МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ 500-ДЕН АСТАМ ІС-ШАРА ӨТЕДІ

31.01.2020
FacebookWhatsappTelegram

Шығыс Қазақстанда облыс әкімі Даниал Ахметовтің төрағалығымен Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған іс-шараларды өткізу бойынша облыстық қоғамдық штабтың отырысы өтті. Жиынға ғылым және мәдениет қайраткерлері қатысты.

Шығыс Қазақстан облысында Ұлы ақын мерейтойына арналған 500-ден астам іс-шаралар жоспарланған. Оның ішінде Ұлыбританияда, Ресейде, Түркияда, Польшада, Қытайда 24 халықаралық және 21 республикалық деңгейдегі іс-шаралар қамтылған. Оларды ұйымдастыруға және өткізуге аймақтық университеттер, ғылыми және мәдени қоғамдастық, Қазақстан Республикасы Жазушылар мен Суретшілер одақтары, ҮЕҰ және жастар тартылды. Жалпы, бұл іс-шаралар жас ұрпақты ағартушылыққа, рухани-адамгершілікке тәрбиелеуге бағытталған.

Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшы-сының орынбасары Раушан Нұр-мұханованың айтуынша, аймақтық жоспар қазірдің өзінде жүзеге асуда. Осы жылдың 10 қаңтарынан бастап облыстық мектептердің 5-8 сыныптарына және «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі» мамандығы бойынша оқитын колледждердің бірінші курс студенттеріне «Абайтану» элективті курсы енгізілген. Облыстың барлық 277 күндізгі мектептерінде және екі педагогикалық колледжде «Абайтану» кабинеттері, Семей қаласының 56 мектебінде «Абай еліне саяхат» үйірмелері ашылды. «Абай әлемі» әдеби жобасын жүзеге асыру жалғасуда — отандық жазушылардың шығармалары кіретін қазақ, ағылшын, орыс тілдеріндегі 20 кітаптың тізімі нақтыланды. Олардың жалпы тиражы 21 мың дананы құрайтын болады.

Ұлы ақынның мерейтойына дайындықты егжей-тегжейлі зерделеу үшін негізгі бағыттар бойынша бес штаб бекітіліп, нақты жоспарлар жасалды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасына сәйкес, концерттік бағдарламалар мен театрландырылған қойылым-дарды дайындау қазақстандық өнерпаздардың, мәдениет қай-раткерлері мен облыстың шығар-машылық ұжымдарының қатысуы-мен өткізіледі.

Сонымен қатар аймақтардағы университеттер еріктілік мәселесін пысықтауда. Қазіргі уақытта іс-шараларға қатысатын 500 еріктінің тізімі анықталуда. 47 кәсіби гидтің тізімі жасалды, оған қосымша жастар ішінен арнайы дайындықтан өткен 50 аудармашы мен гид тартылады.

Абай ауданындағы Қарауыл ауылының жанындағы киіз үй қалашығында әрбір қала мен ауданнан «Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер», «Этнография және фольклор», «Абай шығармашылығы мен өмірі» тақырыптарында көрмелер ашылады. Киіз үй қалашығының аумағында көктемде 2 мыңға жуық көшет отырғызылады.

Ал тамыз айында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған барлық спорттық жарыстардың қорытындысы шығарылмақ. Облыста спорттың әр түріне арналған 93 іс-шара жоспарланса, оның ішінде 15-і ұлттық ат спорты фестивалі. Сонымен қатар ұлдар мен қыздар арасында волейбол, баскетбол, кіші футбол және жартылай марафон жарыстары ұйымдастырылады. Қа-тысушылардың жалпы саны шамамен 1000 адамды құрайтын болады.

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Баяхметовтің ақпараты бойынша, Абай ауданы мен Семей қаласына нысандар салу, жөндеу және көгалдандыру бойынша 88 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Оған Қарауыл ауылында 300 оқушыға арналған мектеп салу, облыстық маңызы бар жолдарды, Қарауыл ауылының көшелерін жөндеу, Жидебай мемориалдық кешенінің аумағына Абай музейін салу, Сырт Қасқабұлақ аумағын абаттандыру кіреді.

Көліктік байланысты ұйым-дастыруда жергілікті тасымалдау-шылардың қосымша 31 көлігін пайдалану жоспарлануда. Семей — Қарауыл, Жидебай – Қарауыл — Этноауыл бағыттары үшін қосымша автобус бағыттары жасалды.

Спикерлерді тыңдағаннан кейін аймақ басшысы Даниал Ахметов 14-16 тамызда Семей қаласы мен Абай ауданында өтетін негізгі іс-шаралар тұжырымдамасын әзірлеу үшін белгілі мәдениет қайраткерлерінен тұратын шығармашылық топтың құрамын анықтауға тапсырма берді. Шығармашылық топты Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры және экс-мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы басқарады. Сондай-ақ қазақстандық боксшы Серік Сәпиевтің басшы-лығымен спорттық шараларға арналған штаб құрылады.

— Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы мен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ерекше бақылауымен өткізілетін ақын мерейтойы біз үшін маңызды. Абайдың 175 жылдығы іс жүзінде Қазақстанның дамуының 30 жылдығымен сәйкес келеді. Сонымен, бұл мерейтой — біздің 30 жыл ішінде, ең алдымен, рухани, идеологиялық және мәдени бағытта жасаған жұмыстарымыздың есебі болмақ, — деп сөзін аяқтады ШҚО әкімі.

 

ШҚО ақпарат орталығы{jcomments off}

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 день назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 день назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

2 дня назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

3 дня назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

3 дня назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

3 дня назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

4 дня назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

6 дней назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

1 неделя назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС