Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

тұрғын үй кезегі азаяр емес

04.02.2020
FacebookWhatsappTelegram

Өткен аптаның бейсенбісі, 30 қаңтар күні қалалық ақпараттық орталықта «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Семей қалалық филиалы басшысының орынбасары Ләззат Нұрханованың, ТҮКШ бөлімі басшысының орынбасары Диана Шаяхметованың және архитектура және қала құрылысы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ардақ Исатаевтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

Конференцияда 2019 жылы мемлекеттік «Нұрлы жер» және банктің «Өз үйім» бағдарламаларының жүзеге асуы туралы қорытынды шығарылып, биылғы жылдың жоспарлары жайлы айтылды.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Семей қалалық филиалы басшысының орынбасары Ләззат Нұрханованың сөзінше, өткен жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы арқылы 348 отбасы, «Нұрлы жер» — «Байтерек Девелопмент» АҚ бағытымен несиелік тұрғын үй бағдарла-масы бойынша 146 отбасы, банктің «Өз үйім» жеке бағдарламасы бойынша 141 салымшы баспаналы болса, 1 141 отбасы екінші дәрежелі тұрғын үйлерге қол жеткізген.

— 2019 жылы көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға арналған «Бақытты отбасы» және әскери қызметкерлерге арналған «Әскери баспана» бағдарламасы іске қосылған болатын. 88 семейлік «Бақытты отбасы» бағдарламасы арқылы тұрғын үймен қамтылса, «Әскери баспана» бағдарламасы аясында 346 әскери қызметкер баспана мәселесін шешті. Аталған екі бағдарлама биылғы жылдың көктемінде, несиеге қажетті қаражаттың түсуіне қарай жалғасады деп күтілуде,- деді Л.Нұрханова.

Жалпы, бүгінде банктің Семей қаласындағы филиалындағы салымшылар саны 49 920 адамға жеткен. Тек жыл басынан бері ғана 1 249 адам депозит ашқан. Яғни бүгінде әрбір алтыншы семейлік банк арқылы баспана алуды жоспарлауда. Осылайша, 2019 жылы банктің Семейдегі филиалының депозиттік портфелі 20,5 млрд теңгені құраған.

— 2020 жылы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің Семей қалалық филиалы 720 пәтер, оның ішінде мемлекеттік бағдарлама арқылы 612 және меншікті бағдарламалары шеңберінде 96 пәтер сатуды жоспарлап отыр. Осы орайда салымшылардың естеріне сала кететін жайт, 2020 жылдан бастап Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына қатысушылар жеңілдетілген несиені өзгертілген шарттар бойынша ала алады. Енді аталмыш бағдарлама арқылы баспана кезегінде тұрғандардың санаты емес, табыс мөлшері басты рөл атқарады, — деді Л.Нұрханова.

Осылайша, егер тұрғын үй кезегіндегі отбасының әрбір мүшесіне келетін табыс мөлшері бір күнкөріс минимумынан кем болса ( 31 183 теңге), онда олар үшін пәтерлер сатып алу құқығынсыз жалға берілетін болады. Олардың қатарына халықтың әлеуметтік әлсіз топтары жатады. Егер баспана кезегінде тұрған қазақстандықтардың табысы екі күнкөріс минимумына жететін болса (62 366), онда тұрғын үй бағасының 10%-ын жинағандар үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жылдық 2% мөлшерлемемен несие береді. Несие «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша ұсынылады. Оған көпбалалы және толық емес, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар қатыса алады.

Отбасының әрбір мүшесіне есептегенде табыс мөлшері 3,1 күнкөріс минимумынан (96667) аспайтын азаматтар «5-20-25» шарттары бойынша несиелік тұрғын үй ала алады. Аталған бағыт бойынша баспанаға қол жеткізу үшін міндетті түрде жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұру қажет. Сонымен қатар Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі шотта кем дегенде 20 % көлемінде бастапқы жарна болуы керек.

Ал табыс мөлшері 3,1 күнкөріс минимумынан асатын азаматтар Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің бағдарламалары арқылы баспана ала алады. Айта кету керек, банк бағдарламаларын табыс деңгейіне қарамастан кез келген азамат пайдалана алады. Аталған жүйе жылдық 3,5-8,5% мөлшерлемемен тұрғын үйді несиеге алу мүмкіндігін ұсынады.

ТҮКШ бөлімі басшысының орынбасары Диана Шаяхметованың айтуынша,бүгінде Семей өңірі бойынша 10 901 отбасы мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алуға кезекте тұр. 216 отбасы 2019 жылы мемлекеттік тұрғын үй қоры арқылы баспанамен қамтылған. Оның ішінде 103-і- көп балалы отбасы, 27-сі — жетім балалар, 86-сы — әлеуметтік жағынан аз қамтылғандар, толық емес отбасылар, мүгедек бала тәрбиелеп отырған жанұялар, І және ІІ топтағы мүгедектер, зейнеткерлер. Сонымен қатар бюджеттік салада істейтін 32 қызметкерге тұрғын үй берілген. Оның 15-і дәрігерлер болса, қалғандары құқық қорғау органдарының қызметкерлері.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»{jcomments off}

 

 

 

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 день назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 день назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

2 дня назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

3 дня назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

3 дня назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

3 дня назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

4 дня назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

6 дней назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

1 неделя назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС