Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЖАҢА ФОРМАТТА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛУДЕ

07.02.2020
FacebookWhatsappTelegram

Ақпан айының 4-ші жұлдызы – Халықаралық онкологиялық ауруларға қарсы күрес күні. Бұл күн жыл сайын әлем бойынша онколог дәрігерлер арасында кеңінен аталып өтеді. Басты мақсат – жұртшылықты аталмыш сырқат түрінің алдын алуға шақырып, науқас жандарды жігерлендіру.

Осы күні қаламыздағы Ядролық медицина және онкология орталығында онколог дәрігерлер ерекше шара ұйымдастырып, дөңгелек үстел өткізді. Оған қала әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев, «Nur Otan» партиясы қала-лық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Айнұр Арғынбекова, Қоғамдық кеңес төрайымы Зульфия Жамалтдинова, сондай-ақ қалалық мәслихат депутаттары мен жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

 

Алдымен орталық басшылары іс-шараға қатысушыларды өз жұмыстарымен, емдеу-сауықтыруда қолданылатын заманауи технологиялармен таныстырып, бөлімдерді аралатып шықты.

Дөңгелек үстел басында барлық қатысушылар қатерлі ісік дертінен көз жұмған жандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Жалпы, бүгінгі күндері Семей өңірінде қатерлі ісік ауруы азаймай тұр. Жыл сайын аймағымыз бойынша обыр дертінің 1500 дерегі анықталады. Орталық басшысы Марат Сандыбаевтың айтуынша, біздің облысымыз онкологиялық аурулар бойынша ел көлемінде алдыңғы үштікке енеді. Сол себептен де дәрігерлер қауымы алдында тұрған жұмыс тым ауқымды.

— Жыл сайын 4 ақпанда Дүниежүзілік обырмен күрес күні аталып өтеді. Әлем бойынша осы дерттен күн сайын ересектер мен балалар көз жұмады. Заманауи медицинаның алдында тұрған өзекті және шешімі қиын мәселе обыр дерті болып тұр. Жүрек-қан тамырлары ауруынан кейінгі екінші орында тұрған қатерлі ісік — адам бойына қорқыныш ұялататын қауіпті сырқат, — деді өз сөзінде орталық басшысы.

Дөңгелек үстел басында онколог мамандар тақырып аясында тың деректермен де бөлісті. Атап айтсақ, бүгінгі күнде 185 мың қазақстандықтан обыр сырқаты анықталған. Осы дертпен ауыратындардың және қайтыс болғандардың арасында тіпті жастар да бар. Оның себептері өтек көп. Сол тәрізді әйелдер арасында сүт безінің қатерлі ісігі көп тіркелсе, ерлер арасында өкпе ауруы алғашқы орында тұр.

Онколог дәрігерлердің айтуынша, тұрғындар қатерлі ісікті емдетуге өте кеш келеді. Кешіккен сырқаттар үшін аурудан айығу мүмкіндігі төмен болатыны түсінікті. Өңір бойынша жыл сайын бауыр обыры, ұйқы безі, бүйрек және өкпе обыры бар сырқаттардың 20 пайызы, кейде 40 пайызы соңғы сатысында ғана дәрігерлердің көмегіне жүгінеді.

Орталық директоры Марат Сандыбаевтың айтуынша, қазіргі уақытта пациенттер скринингтен өтіп, хирургиялық, сәулелік және химиятерапияны, паллиативтік және  мамандандырылған терапиялық көмекті тегін ала алады. Ол үшін барлық жағдай жасалған. Сонымен қатар мамандар елімізде жаңадан қолданысқа енгізілген МӘМС жүйесі бойынша қатерлі емес ісікті емдеу тегін және қолжетімді екенін, тек тексерілуден өтуден қорықпау қажеттігін айтады.

Тағы бір айта кетерлігі, қазіргі уқытта сырқат ерте анықталған жағдайда мамандандырылған емдеу әдістерімен жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады. Яғни, ертерек емделсе, сырқаттан қорқыныш жоқ деген сөз.

— Елімізде 1-10 ақпан аралығында обырды ерте анықтау мақсатында арнайы онкүндік өтуде. Іс-шараны ұйымдастырудағы басты мақсат — қатерлі сырқатты ерте анықтау және скринингтен мезгілінде өту қажеттігі жайлы тұрғындарды ақпараттандыру. Бүгінгі күнде обырды ерте анықтаудың және оны емдеудің заманауи тәсілдері бар екенін сеніммен айта аламыз. Орталық — өңіріміздегі 615, 5 мың адамға қызмет көрсетеді. Семей өңірімен қоса, облыстың алты ауданы, Семей және Курчатов қалаларының халқы да бізге келіп қаралады, — дейді бұл ретте пікір білдірген мамандар.

Кейінгі жылдары Ядролық медицина және онкология орталығында оң өзгерістер көптеп орын алуда. Мәселен, өткен жылы ШҚО әкімдігінің қолдауымен үш жылдық бағдарлама табысты аяқталды. Бірінші деңгей бойынша 592 маман арнайы оқудан өтті, 278 маман онкоорталық ұйымдастырған шеберлік сыныптарына қатысты. Еуропаның алдыңғы қатарлы медициналық орталықтарында 35 маман тәжірибеден өтуге мүмкіндік алды. Осының арқасында ЯМЖО орталығында сырқатты анықтау мен емдеудің жаңа әдістері енгізілді. Жыл сайын орталықтың материалдық-техникалық базасы жаңара түсуде. Жаңадан компьютерлер мен планшеттер, төсек жанындағы мониторлар сатылып алынды. Сонымен қатар МРТ аппараты жаңартылып, КТ аппараты жөндеуден өтті.

Орталық жұмысына ІТ-емхананың енгізілуі, апгрейд интернет жүйесінің орнатылуы және емхананың жөндеуден өтуі қызмет сапасының артуына оң әсерін тигізуде.

— Онкологиялық сырқатпен күрестің кешенді жоспарының нәтижесінде тұрғындар үшін тексеруден өтудің бұрындары қымбат саналып келген әдістері қазіргі таңда қолжетімді болды. Обыр диагнозымен күдікке ілінген пациенттер үшін КТ және МРТ-дан тегін өтуге мүмкіндік туды,- дейді орталықтың жетістіктері жайында сөз қозғаған Марат Сандыбаев.

Бүгінгі күні 140 тәулік бойғы төсек болса, оның 105-і онкологиялық, 35-і кардиологиялық сырқаттарға арналған. Тағы 40 төсек — стационарды алмастыратын орындар. Ем қабылдаушылар үшін мейлінше қолайлылық жасалған.

Бұл шаралардан бөлек, жылдан-жылға науқастар тарапынан адамдарды эмоционалды және психологиялық тұрғыда қолдау қызметіне жүгіну артып келеді. Тыңғылықты дайындықтың арқасында Семейдің онкоорталығы МӘМС жүйесі бойынша жаңа форматпен жұмыс істеуге көшті. Жаңа жылдан бастап тұрғындар медициналық сақтандыру бойынша мамандандырылған онкологиялық көмек алуда.

Дөңгелек үстел соңында онколог дәрігерлер тұрғындарды қатерлі сырқаттың алдын алу үшін уақытында тексерілуден өтіп отыруға шақырды.

Әлібек КЕМЕЛХАН, «Семей таңы»{jcomments off}

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

1 день назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

1 день назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

2 дня назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

3 дня назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

3 дня назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

3 дня назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

4 дня назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

6 дней назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

1 неделя назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС