Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЖАРЫМЖАН ЖАРНАМАҒА ЖОЛ ЖОҚ

07.03.2014
ЖАРЫМЖАН ЖАРНАМАҒА ЖОЛ ЖОҚ
FacebookWhatsappTelegram

Көрнекі ақпарат пен жарнама мәтіндерін “Қазақстан Республикасының Тіл туралы” Заңының талаптарына сәй-кестендіру, қоғамдық бақылауды одан әрі күшейту және бұл іске қала жұртшылығын да жұмылдыру мақсатында қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мұрындық болуымен “Көркем тіл — көрікті жарнама”  айлығы  болып өтті. Аталмыш айлықтың аясында атқарылған істер өткен сәрсенбі күні қалалық Достық үйінде ұйымдастырылған дөңгелек үстел отырысында қорытындыланып, жарымжан жарнамаларға тосқауыл қою жолдары тағы бір мәрте қарастырылды.

Жиынға қалалық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Игорь Панин, қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы Ермек Аханов, қалалық ТҮКШ  бөлімінің бас маманы Айжан Қазкеева, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Берік Көпбаев және осы бөлімнің тілдерді дамыту секторының меңгерушісі Фарида Байғазинова мен  басқа да сала мамандары, жарнама агенттіктері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Жарнама жайлы талай рет айтылып, жазылып та келеді. Бірақ, әлі «тәртіпке келдік, қазақшамыз ойдағыдай» деп айта алмасымыз анық. Қаламыздың келбетіне сыртқы жарнамалардың қосар үлесі зор. Ал мына «Әүе жол кассасы», «Салкын сусындар», «Пісірмелер» мен «Балмуздактар», «Дөнгелек жөндеу» сынды төл әріптерімізді бұрмалап немесе қалдырып кететін жарнама, «Оптика» – «Көз көзілдірігі» (көзілдірік көзден басқа дене мүшемізге қолданылмаса керек), «Большой ассортимент» — «Кең талдау» сынды тікелей тәржімалар қазақ тілінің көсегесін көгертіп, қаланы көркейткеннің орнына қазақ тілінің қабырғасын қайыстырып тұрғандай. Шаһарымыздың орталығындағы және сол жағалаудағы бірнеше көшелерді аралаған қалалық тілдерді дамыту бөлімінің мамандары дүкен-дүңгіршек, әртүрлі ғимараттардағы жарнама келбетін қарап, әдістемелік көмек көрсетіп, жарнама ережелерімен таныстыратын түрлі ақпараттар  үлестірген. Бір қызығы, кейбір жарнама беру-   шілер «Тіл туралы» және «Жарнама туралы» ҚР Заңымен  таныс еместіктерін де айтқан екен. Хош, жарнама туралы білетін де, білмейтін де жан бар сыңайлы, ал осы мәселе қалай шешімін табады?

Бұл ретте ең алдымен жарнама қалай берілуі керек    деген сауалға тоқталғанымыз жөн болар.  “Тіл туралы”     заңның 21-бабында: «Бланкiлер, маңдайшалар, хабарландырулар, жарнамалар, прейскуранттар, баға көрсеткiштерi, басқа да көрнекi ақпарат мемлекеттік тiлде және орыс тілінде, ал қажет болған жағдайда басқа да тiлдерде жазылады. Көрнекi ақпараттың барлық мәтiнi мынадай ретпен: мемлекеттік тiлде — сол жағына немесе жоғарғы жағына, орыс тілінде оң жағында немесе төменгi жағына орналасады, бiрдей өлшемдегi әрiптермен жазылады. Қажеттiгiне қарай көрнекi ақпараттың мәтiндерi қосымша басқа да тiлдерге аударылуы мүмкiн» деп көрсетілген. Яғни, қазақ тілінде жазылып, содан кейін басқа тілге аударылуы керек. Аталған мәселені жарнама берушілер мен жарнама агенттіктері қаперде ұстағандары абзал. Бұл орайда, қаламызда 4 жарнама кәсібімен айналысатын агенттік бар. Жиында Фариза Байғазинова агенттіктің өкілдеріне тілдерді дамыту бөлімімен тілдесіп, аудармаларын тексертіп алуға кеңес берді. Ал, баннерлерге келсек,  жарнама беруші қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінен рұқсатнама алады. Ермек Аханов бұл орайда тілдерді дамыту бөлімімен байланыстың бар екенін айтты. Қоғамдық көліктердегі жарнамалар мен ақпараттар жайына тоқталсақ,   ТҮКШ бөлімінің бас маманы Айжан Қазкеева қателер жөнделе отырып, алдағы уақытта қоғамдық көліктерде жарнама талаптарына сай ақпарат берілетін-дігіне сендірді.

 

{jcomments on}Айжан Қазкеева заң талаптарына сәйкес аялдамалардың атауы қазақшаланғанын, сол атауларды қоғамдық көліктерде қазақша хабарлау кондукторларға жүктелетіндігін де айтып өтті. Сондай-ақ, телеарналардағы жүгіртпе жолдардағы     жарнамалар жөнінде де сөз болды. «Шаш аламын деп, бас алатын «әйелдер ұстасы қажет» (тербуется женский парихмакер),  «тұрып істейтін жұмыс» (работа с проживанием)  деген сынды аудармалардың да кездесетінін айтқан, ішкі    саясат бөлімінің бас маманы әр жарнаманы орналастыру орындарында, телеарналар мен жарнама агенттіктерінде арнайы корректорлар болуы керектігін айтты.

 

Сонымен қатар, жиын барысында жарнама агенттіктері  тарапынан «Жарнама берушілер визиткаларға көп ақпарат  орналастырғылары келеді. Ал, сіздер айтқандай, ақпарат қазақ және орыс тілдерінде орналастырылса, сыймай қалады. Мұндай жағдайдан қалай айналып өтуге болады» деген сауалдарына  қалалық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Игорь Панин: «Заңда көрсетілгендей, жарнама ең алдымен мемлекеттік тіл – қазақ тілінде берілу керек. Мәтінін қысқарта алмаған жағдайда,     жарнама тілі қазақ тілінде болуы міндетті», -деп кесіп айтты. Сонымен қатар, «жарнама беру — өнер» деген  ішкі саясат бөлімінің бас маманы «Жарнама халыққа үлкен әсер етеді. Ең алдымен оны беруде заң шеңберінен аспай, талаптарды сақтау керек. Жарнама берушінің ішкі мәдениеттілігі жоғары деңгейде болуы тиіс»,- деді. Сол мәдениеттілік әрқайсымыздың жанымыздан табылуы керек деген Фарида Байғазинова:

— Өз мемлекетінің, өз тілінің ертеңін ойлаған азамат бұл мәселеден тыс қалмайтынына сенімдіміз. Әр жеке кәсіпорын басшылары, кәсіпкерлер осы мәселеге түсіністікпен қарап, өз нысандарындағы көрнекті ақпарат пен жарнама мәтіндеріндегі қателерді жөндейді деп сенеміз, — дей келе, — кез-келген жағдайда барлық жарнамалар біздің бөлімнің рұқсатымен орналастырылғаны жөн. Ал, түсініксіз тәржіма түзелмесе, шара қолданылады. Жарымжан жарнамалар болса, бірінші рет ескеру жасалып, қателікті түзетуге уақыт беріледі. Сол уақыттың аралығында нәтиже болмаса, облыстық тілдерді дамыту бөліміне хат жолданып, шара қолдану ісі қолға алынады. Алдымен әкімшілік жаза қолданылады, қателік қайталанса, 10 АЕК бастап, 50 АЕК дейін жеке және заңды тұлғаларға  айыппұл салынады,- деді тілдерді дамыту секторының меңгерушісі.

Атқарылып жатқан іс те, қол жеткізген нәтиже де, талпыныс пен ұмтылыс та бар. «Саусақ бірікпей, ине ілікпейді» демекші, біріге отырып, тілімізді дамытуға атсалысу баршаға ортақ міндет екені анық. Заң талаптарына сай келмейтін құқықтық және грамматикалық қателіктерді байқап қалсаңыз құзырлы мекемелерге қоңырау шалыңыз. Сіздің қазақ тіліне қосқан үлесіңіз болсын.

Жиын соңында ұйымдастырушылар аудармамен айналысушы агенттіктерге соңғы уақыттағы жаңадан бекітілген сөздер енгізілген сөздіктер табыстады. Орайы келгенде айта кетейік, біз бірде қосып, бірде бөлек жазып жүрген мекенжай, келісімшарт сынды сөздер біріккен сөздер қатарына енгізілген.

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ,

«Семей таңы»

Связанные новости

Восстановлены нарушенные права услугополучателей

11.03.2026
Восстановлены нарушенные права услугополучателей

Департамент агентства РК по делам государственной службы по области Абай является уполномоченным органом по оценке и контролю за качеством оказания...

Читать далее ...

В Кокпектинском районе будет реализован ряд важных проектов

11.03.2026
В Кокпектинском районе будет реализован ряд важных проектов

В этом году в Кокпектинском районе планируется реализовать ряд важных проектов, направленных на развитие экономики и создание новых рабочих мест....

Читать далее ...

Члены общественного совета области Абай выразили поддержку новой Конституции

11.03.2026
Члены общественного совета области Абай выразили поддержку новой Конституции

Сегодня аким области Берик Уали встретился с членами областного общественного совета. На заседании, которое модерировал член Конституционной комиссии и председатель...

Читать далее ...

Коллектив АО «Семей Инжиниринг» поддержал проект Новой Конституции

11.03.2026
Коллектив АО «Семей Инжиниринг» поддержал проект Новой Конституции

В городе Семей областной филиал общенациональной коалиции «За Народную Конституцию Справедливого и Прогрессивного Казахстана!» продолжает встречи, направленные на разъяснение проекта...

Читать далее ...

Молодежь области Абай стала активнее работать и учиться

11.03.2026
Молодежь области Абай стала активнее работать и учиться

В области Абай сократилась доля молодежи, не занятой ни учебой, ни работой. Регион также расширяет программы трудоустройства, льготной ипотеки и...

Читать далее ...

Члены региональной коалиции встретились с коллективом филиала АО «Казахтелеком»

11.03.2026
Члены региональной коалиции встретились с коллективом филиала АО «Казахтелеком»

Сегодня члены регионального филиала коалиции «За Народную Конституцию Справедливого и Прогрессивного Казахстана!» встретились с коллективом филиала АО «Казахтелеком». В ходе...

Читать далее ...

Новости

Восстановлены нарушенные права услугополучателей

21 час назад

В Кокпектинском районе будет реализован ряд важных проектов

1 день назад

Члены общественного совета области Абай выразили поддержку новой Конституции

1 день назад

Коллектив АО «Семей Инжиниринг» поддержал проект Новой Конституции

1 день назад

Молодежь области Абай стала активнее работать и учиться

1 день назад

Члены региональной коалиции встретились с коллективом филиала АО «Казахтелеком»

1 день назад

Члены участковых комиссий во всех регионах РК прошли специальное обучение перед республиканским референдумом

1 день назад

Новая Конституция Казахстана глазами зарубежного эксперта: что меняется и почему это важно

2 дня назад

Представлена AI-платформа по проекту новой Конституции

2 дня назад

Звезды казахстанской эстрады объединились в поддержку новой Конституции – народный гимн «Халықтың Ата Заңы»

2 дня назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС