25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ АТЫНАН ҚҰТТЫҚТАДЫ

07.03.2014
FacebookWhatsappTelegram

Нәзік жандылардың төл   мерекесі 8 Наурыз — Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Нұр Отан» партиясы Семей қалалық филиалының атынан Бірыңғай зейнетақы    жинақтау қорының Семей қалалық филиалы директоры, қалалық мәслихат депутаты Дариға Дайырова, №2 аралас үлгідегі емхананың бас дәрігері Гүлнар Шарипова және «Нұр Отан» партиясы Семей қалалық филиалының ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Гүлнар Игентаева кеше «Алтын алқа» иегерлері, ҰОС ардагерлері, қарт аналарды құттықтап, шаңырақтарына бас сұқты.

Партия өкілдері он балаға әлемнің жарығын сыйлаған әз ана Жаңылхан Мақұлбекованы бірінші болып құттықтады. Бүгінде сексен үш жасқа аяқ басқан Жаңылхан апа — балаларынан 15 немере, 5 шөбере сүйіп отырған бақытты әже. Ажарына әжім түскені болмаса, қарияның қимылы ширақ, әлі тың. Өзіне көрсетілген сый-құрметке риясыз ризашылығын білдіріп: «Барлық әйел-аналарымызды, қыздарымызды мерекелерімен құттықтаймын. Ұзақ ғұмыр, баянды бақыт тілеймін. Осындай құрмет көрсетіп жатқаны үшін «Нұр Отан» партиясына, қала әкімі Айбек Мүталапханұлына алғысымды айтамын. Ел іргесі тыныш болып, мерекеміз берекелі болсын,- деген ақ жаулықты әже дастархан басында құттықтап келген меймандарға ақ батасын да берді. Әжейге камзол кигізіп, ұзақ ғұмыр тілеген Дариға Дайырова:

— «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» деген дана халқымыз. Ұрпақтарына тәрбие беріп, салт-санамызды дәріптеп отырған сіздердей қарияларымыз, батыр аналарымыз аман болсын, — деген тілегін жеткізді.

Жаңылхан әженің ақ батасынан кейін құттықтаушылар ҰОС ардагері, «Қызыл жұлдыз», «Отан соғысы» 2 дәрежелі ордендері мен 30-ға жуық медальдардың иегері, 89 жасар Анастасия Трясунованың үйіне келді. Көрсетілген құрметке  алғыс білдірген ардагер ананың да айтары көп екен. Сұрапыл соғыс жылдарында от пен оқтың ортасында  жауынгерлер жанына араша түсіп, мейірбике қызметін атқарған Анастасия әжей соғыс аяқталып, жеңіспен елге оралған соң да еңбектен қол үзбей, құрметті демалысқа шыққанша ақ халатына кір шалдырмай ісін абыроймен атқарған. Отасқан жарымен 50 жыл баянды ғұмыр кешіп, қос құлындарын қатарынан қалдырмай, білім мен тәрбие берген. Темірдей тәртіп пен адалдықты сүйген ананың ықпалы болар,  ұлы әскери саланы таңдаса, қызы ана жолын қуып, ақ халатты абзал жандар қатарына қосылған.  6 немересі мен балалары Ресей, Польша, Украинада тұрады екен. Әжей жалғыз болса да, балаларының қолына бармай отырған көрінеді. Себебі, Семей қаласын ешқай қалаға айырбастамаймын дегенді айтады.

 

{jcomments on}Анасына  алаңдайтын балалар күн сайын қоңырау шалып, халін білсе, Жеңіс күнінде батыр аналарын құттықтап келіп тұратын көрінеді. Анастасия әжей осы жасқа келсе де қала тынысынан хабардар, жаңалықты қалт жібермейтін жан. Өз кезегінде әжей «Нұр Отан» партиясының 15 жылдығымен құттықтап, бейбіт ғұмыр кешіп жатқан Қазақстанда тұрып жатқандығына шүкіршілік етеді.

 

Сонымен қатар, құттықтаушы топ ҰОС ардагері, 95 жастағы Мария  Писаренконың да шаңырағына барып, құттықтап, мерекелік сыйларын табыстады. Жалындаған жастық шағында Мария әжей ұрыс    даласында байланысшы болып,  жауынгерлерге сүйінші хабар жеткізген. Соғыс аяқталған соң елге келіп, еңбек еткен. Отбасын құрып, осы жерде ұрпақ сүйген. Бүгінгі күні қызынан екі жиен сүйіп, сүйініш етіп отырған жайы бар. Құттықтап келген «Нұр Отан» партиясының мүшелеріне ризашылығын білдірді. Қызының айтуынша, соңғы 6 ай бұл отбасы үшін тосын сыйға толы бол-ған. Өткен жылдың соңғы күндері облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен қала әкімі Айбек Кәрімов «Энергетик» ықшамауданынан бір бөлмелі пәтердің кілтін табыстапты.

Осылайша, «Нұр Отан» партиясының мүшелері көктемнің шырайлы мерекесінде қарт аналардың жүзіне күлкі, көңілдеріне қуаныш сыйлап қайтты.

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ,

«Семей таңы»

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

6 дней назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

1 неделя назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

2 недели назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

2 недели назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

2 недели назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

2 недели назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

2 недели назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

2 недели назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

2 недели назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС