Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЗАЙНУЛДИННІҢ ОРАЛУЫ немесе АҚТАНОВТЫҢ «АҚЫРЫ»

25.02.2020
ЗАЙНУЛДИННІҢ ОРАЛУЫ немесе АҚТАНОВТЫҢ «АҚЫРЫ»
FacebookWhatsappTelegram

Сонымен, зайсандықтар он айға жуық уақыт «тамашалаған» «Ақтановтың ақыры» атты «сериал» кеше аяқталды. Ауданды 10 айға жуық уақыт басқарған Серік Ақтанов қызметінен кетті.

 

Зайсанды басқаруға келген алғашқы күннен-ақ көптің емес, жекенің мүддесін ойлап әрекет еткен әкімнің жүйесіз жұмысын айта-айта жүйкесі тозған тұрғындар, биліктің заңсыз талабын орындаудан зәрезап болған жергілікті шенеуніктер, мұңын айтып баратын жан таппаған қарапайым халық, әділдіктен күдер үзіп, құқығы тапталған азаматтар Ақтановтың қызметтен кетуін көптен күткен болатын. (Тарысы бардың тауығы болып күнелтетіндерден басқа…)

Сәл шегініс жасасақ, 2019 жылдың 15 сәуірі — Серік Қасымбекұлы Ақтанов Зайсан ауданына әкімдік қызметке тағайындалған күн. 1960 жылғы 1 тамызда Қытай Халық Республикасында туғанымен, балалық шағы осы Зайсан ауданында өткен азамат. Өскемен жол-құрылыс институтын және Сібір мемлекеттік жол-автомобиль академиясын тамамдаған Серік Ақтанов  қызметке кіріскен алғашқы күннен–ақ ауданда берекесіздік белең алды. Әкімдікте көп жылдар бойы жұмыс істеп жүрген қызметкерлер қысқарып немесе төмендетіліп, олардың орындарына саланы басқаруда тәжірибесі жоқ Алматы мен Өскеменнен келген азаматтар жайғасты. Ауылдық округ әкімдері аудан басшысының «Мемлекеттік сату және сатып алу туралы» Заң талаптарына қайшы тапсырмасын орындаудан бас тарта алмай, жаппай айыппұл төледі. Ауыл халқының мал жайылатын жерін жеке кәсіпкерге алып беру фактісіне байланысты сот шешімін орындау кезінде де ауданның кеше ауысқан басшысы «бармақ басты, көз қысты» әрекеттерге жол бергенін бұрын да жазғанбыз. Бюджет қаржысын ысырап ету фактілеріне байланысты ақиқатты айтқан адамдардың үстінен Ақтанов пен оның орынбасары сотқа шағым түсіріп, моральдық шығын талап еткені әлі де аяқталмаған істердің қатарында. Ал бұрын-соңды болмаған ең сұмдық оқиға — Серік Қасымбекұлының өзіне түн қараңғылығында шабуыл жасалды деп бірнеше адамның үстінен құқық қорғау органдарына арыз түсіргені… Зайсандықтар елдегі осы келеңсіздіктерді жоғары билікке жазбады емес, жазды. Бірнеше мәрте тексеру де болды… Алайда, «Құланның қасуына — мылтықтың басуы» дегендей, 19 ақпан күнгі Зайсандағы оқиға болмаса, Ақтанов мырза әлі де отыра берер ме еді, кім білсін…

10 ай уақыт бұрын өз жерлесіміз келді деп қуана қарсы алған зайсандықтар Серік Ақтанов қызметтен кеткенде терең тыныс алған сияқты…

Сонымен, Зайсан ауданының әкімі қызметіне осы елдің өз перзенті СЕРІК ЗИНАБЕКҰЛЫ ЗАЙНУЛДИН тағайындалды. Серік Зинабекұлы 2010 – 2013 жылдары Зайсан ауданында әкім болып, 2013 жылдың маусым айынан бастап соңғы 7 жылдан артық уақыт аймағымыздағы ең ірі аудан Үржарға басшылық жасады.

Биліктің астауынан су ішкен басшылар да әр алуан болып келеді. Әсіресе шуы көп, науқаны басылмайтын әкімдіктің шаруасы оңай емес. Зайсанды Серік Зайнулдиннен кейін, 2013-2016 жылдар аралығында, марқұм Алмас Оңдаханов, 2016 жылдың маусымы мен 2019 жылдың наурызы аралығында осы ауданның өз тумасы Темірбек Қасымжанов, ал 2019 жылдың сәуір айынан бері Серік Ақтанов басқарған болатын. Біздің байқауымызша, Зайсанда әкім болғандардың арасында халық  тарапынан  қайта келуін қош көру абыройы бұйырған жалғыз әкім әзірге Серік Зайнулдин сияқты. Зайсанды  басқарған әкімдердің ішінде есімі ел арасында  ерекше аталады.  Егер сенімді ақтамаса, елдің көңілінен шықпаса, іскерлігін дәлелдемесе, бір ауданға  екінші  мәрте әкімдікке тағайындалар ма еді? Нақты айтқанда, халық қабылдар ма еді?

Іскерлігі арқасында қай ауданда болмасын басшылық қызметін абыроймен атқарып, өзіне сеніп тапсырылған жұмысты орындауда  жеткілікті тәжірибе жинақтаған азамат. Біздің байқағанымыз, Зайсанға келген басшылардың барлығын жергілікті тұрғындар Серік Зайнулдинмен салыстырады. «Секең әкім болып тұрғанда басқаша болатын…», «көше гүлге оранып тұрушы еді…», «қала мен ауыл Зайнулдиннің кезінде тап-таза болатын…» деген сияқты  сөздерді  жиі естиміз. Қысқасы, бұл азамат — Зайсан ауданының халқы үшін жақсы әкімнің үлгісі.

Жерінің көлемі мен халқының саны жағынан аймағымыздағы ең үлкен өңір, бұрынғы Семей облысына қараған Үржар, Таскескен, Мақаншы атты үш  ауданға  басшылық жасау оңай іс емес екендігі белгілі. Серік Зинабекұлы Үржарда да  жанкешті еңбек етті. Жеті жыл  Үржар сияқты үлкен өңірді  басқару  мамықтай жұмсақ, тақтайдай тегіс болды деп айтуға келмес. Алайда көпшілік қолға алған ісін абыроймен жүргізе алатын еңбекқор азаматты қолдады. Өйткені халыққа жақын басшы болды. Ел ішінде өз ісін бастауға ынталы жан байқаса, мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде кәсіпке тартты. Баспанасызға баспана берді. Жан жылуын қажет еткен жанұяларға көмек беруде халықты жұдырықтай жұмылдырды. Айдынды Алакөлдің жағалауын  адам танымастай өзгертіп, қазақстандық туризмді дамытуға елеулі үлес қосты. Ауыл-аймақты гүлдендірді. Ең бастысы, Зайнулдин басшылық жасаған жылдары Үржар ауданының экономикасы қарқынды дамыды. Басшыларының ісіне сүйсінген Айжарық сынды  ақындары:

Өмір тәтті боп тұрады дос күнде,

Ере бермес ерсің жөнсіз көшкінге,

Парасатпен пайымдайтын әрнені,

Азаматсың ұқсамайтын ешкімге!-

деп жыр арнады.

Жеті жылдан артық уақытта Серік Зинабекұлы Үржар өңірінің бел баласына айналып кетті. Ақ жаулықты аналар көрген жерде ақ тілегін арнап, ақ сақалды қариялар ақ батасын беруден тынған емес. Ал әріптестері талап қойғыш та еңбекқор басшымен қызмет істегендерін мақтанышпен айтады.

Ел арасында «Ер екеніңді білейін, Зайсанды басқарып көр!» деген сөзді жиі естиміз. Бұл зайсандықтардың басшыға талап қойғыштығын меңзесе керек. Сол жайсаң мекен Зайсанның тұрғындары Серік Зинабекұлы елге басшылыққа қайта оралады дегенді естігеннен–ақ бір-бірінен сүйінші сұрап, ерекше қуанышты күйде болды. Халық Серік Зайнулдинді туған жерінің адал перзенті деп біледі. Бейбіт заманның бесігінде ұрпақ өрбітіп, ұлан-байтақ қазақ даласының шығыстағы шетін мекендеп жатқан Зайсан елі енді өздерінің адал перзенттерінің алақан жылуымен көркейе түсері анық.

Ендеше, ел-жұртының шынайы ыстық ықыласына бөленген  «ЕЛІМ» деген ерге «ЕРІМ» деген ел қолдау көрсетіп, Зайсан  жерінің мәртебесі әрдайым биіктей берсін деп тілейік.

Риза АСАНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

Мақаланың электрондық нұсқасын burkit.kz сайтынан оқуға болады{jcomments off}

Связанные новости

Идеи программы «Таза Қазақстан» нашли отражение в спектакле «Қарағай»

11.05.2026
Идеи программы «Таза Қазақстан» нашли отражение в спектакле «Қарағай»

На сцене Абай атындағы қазақ музыкалық драма театры состоялась премьера социальной драмы «Қарағай» молодого драматурга Жәнібек Әлікен. Постановщиком спектакля выступил...

Читать далее ...

Сегодня в Казахстане отмечают День матерей

10.05.2026
Сегодня в Казахстане отмечают День матерей

Сегодня, во второе воскресенье мая, Казахстан отмечает День матерей. В этом году значимая дата выпала на 10 мая. Ранее в...

Читать далее ...

В области Абай напомнили, как действовать покупателю, если не выдали чек

09.05.2026
В области Абай напомнили, как действовать покупателю, если не выдали чек

В Департаменте государственных доходов по области Абай напомнили жителям региона о правах потребителей при покупке товаров и услуг. Заместитель руководителя...

Читать далее ...

В области Абай усилены меры безопасности на воде

09.05.2026
В области Абай усилены меры безопасности на воде

В регионе в период купального сезона ведётся комплекс профилактических и организационных мероприятий, направленных на предотвращение чрезвычайных ситуаций на водоёмах. Об...

Читать далее ...

В области Абай оказали почести ветеранам войны и труженикам тыла

09.05.2026
В области Абай оказали почести ветеранам войны и труженикам тыла

В преддверии Дня Победы аким области Берик Уали связался с ветераном Великой Отечественной войны Григорием Маларовым, который в праздничные дни...

Читать далее ...

В области Абай широко отмечают День Победы

09.05.2026
В области Абай широко отмечают День Победы

9 мая — День Победы — широко отмечается в области Абай. В честь памятной даты в городе Семей организован ряд...

Читать далее ...

Новости

Идеи программы «Таза Қазақстан» нашли отражение в спектакле «Қарағай»

2 часа назад

Сегодня в Казахстане отмечают День матерей

1 день назад

В области Абай напомнили, как действовать покупателю, если не выдали чек

2 дня назад

В области Абай усилены меры безопасности на воде

2 дня назад

В области Абай оказали почести ветеранам войны и труженикам тыла

2 дня назад

В области Абай широко отмечают День Победы

2 дня назад

Поздравление Главы государства Касым-Жомарта Токаева с Днем Победы

2 дня назад

Трансформация партийного поля и новые электоральные ориентиры

4 дня назад

Перераспределение ролей в новой политической системе

4 дня назад

Политическое доверие и персональная ответственность за новый курс

4 дня назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС