25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

АТА ТЕАТР МЕРЕЙТОЙЫ ҚАРСАҢЫНДА

07.03.2014
FacebookWhatsappTelegram

Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайында Абай атындағы қазақ музыкалы  — драма театрына 80 жыл толуына орай, аталмыш өнер ордасының шығармашылық ұжымымен кездесу  кеші өтті.

Кешке, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің өкілдері, шаһардағы бірқатар мәдениет ошақтарының басшылары мен қызметкерлері, М.Төлебаев атындағы музыкалық колледж сияқты өнер саласында мамандар даярлайтын  оқу орындарының оқытушылары мен студенттері және БАҚ өкілдері қатысты.

Халық арасында «ата» театр атанып жүрген  қара шаңырақтың биыл  күзде сексен жылдығы атап өтіледі деп күтілуде. Абай атындағы театр – қай кезде де қазақтың рухани биігі болған қастерлі мәдениет ошағы әрі тарихы тереңде жатқан, өзіндік дәстүрі қалыптасып, талай тарланды түлеткен еліміздегі бірегей өнер ордаларының бірі деуге болады. Кеште алғашқы болып сөз алған Абай мұражайының директоры, филология ғылымдарының докторы, доцент Жандос Әубәкір Абай театрының 80 жылдық мерейтойымен құттықтап, аталмыш өнер ұжымына мұражай атынан естелік сыйлығын табыс етті.

Одан кейін сөз алып, мәдениет саласы мамандарының басын қосып, осынау кешті ұйымдастырып отырғаны үшін мұражай ұжымына шексіз ризашылығын білдірген Абай театрының көркемдік жетекшісі әрі режиссері Е.Жуасбек қаладағы аттас мекемелер, яғни, Абай атындағы  театр мен мұражай және кітапхананың мақсаты бір екенін, ол қазақтың өнерін және Абайдың шығармашылығын насихаттау екенін айта келе, Абайдың қара сөздерінен мысал да келтіріп өтті. Кезегі келгенде сөз ал-ған «Еураз-шоу» театрының директоры Ғибрат Азубаев та Абай атындағы  театрдың мерейтойын өткізуге өзі басқарып отырған өнер ұжымы барынша атсалысатынын жеткізді. Ал, Қазақстан Республикасының халық әртісі Бекен Имаханов театр тарихынан сыр шертті.

 


{jcomments on}- Мен театрға 1959 жылы келген едім. Ұлы отан соғысынан кейінгі кезеңдерде қиыншылыққа қарамай, сол кездегі театрдың ауыр жүгін арқалаған Сіләмбек Қыдыралин, Жұмаш Сәкенова сынды аға-апаларымыз театрды біздерге, кейінгі толқынға аманат етіп қалдырған еді, — деп басқа да өнердегі ұстаздары туралы естелік әңгімелер өрбітті.

 

Абай театрының тарихы 80 жылдан да ары екенін айтқан Бекен Имаханов 1920 жылдары құрамында әйгілі Ә.Қашаубаев, И.Байзақов, Ж.Шанин, Қ. Қуанышбаев сынды майталман өнер иелері топтасқан «Ес-Аймақ» театры Кеңес Үкіметінің бұйрығымен 1934 жылы ғана ресми түрде бекітілгенін, әйтпесе, 1917 жылы заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің басшылығымен «Ойқұдық» жайлауында қойылған «Еңлік – Кебек» пьесасы қазақ    еліндегі жаңа өнердің тұсаукесері болғанын айтты. Сөз соңында      Б.Имаханов бүгінгі жастарға жар-қын болашақ тіледі.

Ал, кезегі келгенде сөз алған Абай театры әдеби бөлімінің меңгерушісі Олжас Соғымбай алдағы қыркүйек айында өтетін мерейтойдың іс-шараларымен таныстырып өтіп:

— 80 жылдық мерейтой тек қана Абай театрының арқасындағы жүк емес. Абайдың ізі қалған, Мұхтардың қолының табы қалған, Шәкәрімнің шамы қалған Семей топырағына, Семей театрынының мерейтойына Алаштың төрт қанатынан қонақтар көптеп келгенде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, жұдырық болып жұмылып, мерейтойды бірлесіп өткерсек,- деген ұсынысын да білдірді.

Театр мерейтойына арналған алғашқы шараны ұйымдастырып отырған Абай мұражайына, жалпы, өнер жанашырларына Абай театрының әкімшілігі мен әртістерінің атынан алғысын айтқан Олжас   Соғымбай:

— Абай туралы оқығысы келген адам алдымен Абай кітапханасына барып, білімнің бастау бұлағынан нәр алады. Оқығанын көзімен көргісі келсе, Абай мұражайына келіп, көзімен көріп куә болады. Егер оған да шөлі қанбаса, Абай театрының табалдырығынан аттап, қойылымдарды тамашалайды. Міне, осындай өсиетті де қасиетті жерге табанымыз тиіп жүрген біз өте бақытты ұрпақпыз, — дей келе, — Абайға барсаң, Шығысқа барсаң, теңіздей     тулап тасасың, Жидебайға барсаң, тарихты танып, мауқыңды содан басасың. Бөріліге барсаң, алты қырлардан асасың. Бәрін айтқын да бірін айт, Абайдың елі, Абайдың жері жасасын! – деп қорытты сөзін.

Кеш барысында театр әртістері «Еңлік – Кебек» қойылымынан үзінді қойды. Өнерпаз жастар ән шырқап, кештің шырайын кіргізді.   Театр тарихы туралы ақпараттар да айтылды. Жиналған қауым арқылы мұражай ұжымы әзірлеген слайд жұмыстарын да тамашалап отырды. Кеш соңында студент жастар театрға қатысты өнер адамдарына сұрақтарын қойды.

Нұрдәулет КӘКІШЕВ, «Семей таңы»

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

6 дней назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

1 неделя назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

2 недели назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

2 недели назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

2 недели назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

2 недели назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

2 недели назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

2 недели назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

2 недели назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС