Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

«ОТЫЗ ҰЛЫҢ БОЛҒАНША»

07.03.2014
«ОТЫЗ ҰЛЫҢ БОЛҒАНША»
FacebookWhatsappTelegram

комедиясы   аналарға  мерекелік тарту болды

8 Наурыз — Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында қала және қалаға жақын  ауылдық округтердегі «Алтын алқа», «Күміс алқа» төсбелгілерінің иегерлері Абай атындағы театрда режиссер Е. Дүнгеновтің «Отыз ұлың болғанша» атты комедиясын тамашалауға арнайы шақырылды.  Қойылым басталмас бұрын қала әкімінің орынбасары, Семей қаласындағы әйелдер істері және отбасы демографиялық кеңесінің төрайымы Зәуреш Исабаева көпбалалы аналарға өзінің жылы лебізін білдіріп өтті.

— Құрметті аналар, әжелер! Бүгін біз шуақты көктемнің шырайлы мерекесінде көп балалы аналардың басын қосып отырмыз. Қазақ халқы «Ең сұлу әйел – өмірге көп бала әкелген әйел» деген. Бүгін осы залда ең сұлу, ең үлкен құрметке ла-йықты әз аналар отыр. Көп балаға әлемнің жарығын сыйлау – батырлық, үлкен бақыт. Бақыттың бал дәмін татқан аналар, сіздердің әрқайсыңызды дана деп, дара деп білеміз. Сіздерді қала әкімі Айбек Кәрімовтің, Семей қаласындағы әйелдер істері және отбасы демографиялық комиссиясының  мүшелері атынан мерекелеріңізбен құттықтауға рұқсат етіңіздер!- деп құттықтай келе, — «Балам» деп, түн ұйқыларыңызды төрт бөліп, тәй-тәй басқан алғашқы қадамынан бастап, бүгінгі күнге дейін әрқайсыңыз балаларыңызды «қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай» аялап өсіріп, сол балалардың қызығын көріп отырсыздар. Сіздерге ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға баянды бақыт тілейміз,- деп сөзін қорытындылады.

 

{jcomments on}Семей шаһарында бүгінгі күнге дейін Елбасының Жарлығымен екі жарым мыңнан аса аналар  «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері атанған екен. Жақында ғана тұсау-кесері өтіп, көпшіліктің көңілінен шыққан қойылымға батыр аналар да көп жиналды. Тіпті, 10-12  балаға  әлемнің жарығын сыйлаған аналармен бірге өмірлік қосақтары асқар таудай әкелер де келді. Қойылымның батыр аналардың жүрегіне жол тапқанын қол соғып, қошемет көрсетіп отырғандарынан да аңғару қиын емес. Себебі, мұнда шынайы өмір көрінісі бейнеленген. Қойылымның негізгі мақсаты — балалары ер жетіп, ұлдарын ұяға, қыздарын қияға қондырған шаңырақтағы қос қарияның тұрымысы баяндалады. Өмірдің ағысымен   ұл – қыздары қалаға кеткендегі екі қарттың оқиғасы бейнеленген қойылым сәтті шыққан туынды деуге де әбден лайық. Ата-ананы құрметтеу, бала күніңде мейірім сыйлай білген аяулы жандардың қартай-ған шағында оларға дәл сондай мейіріммен қарап, жанынан табылу да көрерменге ой салды. Көрермендерді күлдіре отырып жылатқан, жылата отырып жұбатқан әртістер шығарманы шеберлікпен ойнап, көпшілікке ой тастағандай. Халыққа рухани азық сыйлап, мәдениеттілікке тәрбиелейтін театр десек, аналарды театрда құттықтау барша нәзік жандыларға ерекше сый болған сыңайлы. «Студент кезімізде жиі театрға барушы едік. Бұл өнерді тамашалаудан қол үзгенімізге біршама уақыт болыпты. Бұл қойылым жастық шағым қайтып оралғандай әсер қалдырды» дейді қатар отырған аналардың бірі екіншісіне сыбырлай тіл қатып.

 

Қала іргесіндегі Мұқыр ауылынан келген сегіз  баланың анасы Бақтыгүл Ахметова болса,

ауыл әкімі құрметтеп шақырғандықтан, қойы- лымға келіп отырғандығын атап өтті.

-Өнердің ордасы театрға шақыру біз үшін үлкен қуаныш. Барлық аналарды мерекелерімен құттықтаймын. Отбасыларына    бақыт тілеймін. Жас қыздарға ана болу бақыты бұйырсын. Жас аналар өмірге көп ұрпақ әкеліп, құрметке бөленсін. Балаларымыз аман, ел іргесі тыныш болсын. Барша аналардың басын қосып, театрға шақырып отырған қала әкіміне алғысымды айтамын,- деп   Бақытгүл апай қала әкімі Айбек Кәрімовтің атына жүрекжарды ыстық ықыласын білдірді.

Шаттанған сәбидің күлкісі мен ананың бал-бұл жанған жүзінен асқан   бақыт жоқ сияқты көрінді. Себебі ана — ғаламшардың кіндігі, тартылыс күші іспетті. Әр адам үшін ардақты жан да  – ана. Ана — әлемге тіршілік нәрін    себуші, әлемнің сұлулығы.

 

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ,

«Семей таңы»

Связанные новости

Спасатели области Абай напомнили правила безопасного отдыха у воды

09.06.2026
Спасатели области Абай напомнили правила безопасного отдыха у воды

В области Абай к летнему сезону определены 16 официальных мест для купания, усилены меры безопасности на водоёмах и организовано круглосуточное...

Читать далее ...

Санитарное состояние мест отдыха в области Абай находится под постоянным контролем

09.06.2026
Санитарное состояние мест отдыха в области Абай находится под постоянным контролем

В области Абай продолжается работа по обеспечению безопасности жителей в период летнего сезона отдыха. Об этом на площадке Региональной службы...

Читать далее ...

Более 2,4 тысячи жителей области Абай признаны банкротами: что изменилось в 2026 году

09.06.2026
Более 2,4 тысячи жителей области Абай признаны банкротами: что изменилось в 2026 году

С момента запуска института банкротства физических лиц в Казахстане жители области Абай подали свыше 12,5 тысячи заявлений на внесудебное банкротство....

Читать далее ...

Экочас провели в столичной библиотеке для дошколят

08.06.2026
Экочас провели в столичной библиотеке для дошколят

В столичной Детской библиотеке №7 прошел информационный час «Экология – табиғат жүрегі», передает официальный сайт акимата Астаны. Мероприятие было организовано...

Читать далее ...

«Таза Қазақстан»: молодежь провела экологическую акцию в Астане

08.06.2026
«Таза Қазақстан»: молодежь провела экологическую акцию в Астане

В Астане в рамках экологической акции «Таза Қазақстан» прошли очередные работы по очистке территории. Мероприятие, организованное по инициативе акимата района...

Читать далее ...

«Асыл бесік – Ақсуат»: фестиваль, объединивший спорт, искусство и духовные ценности

08.06.2026
«Асыл бесік – Ақсуат»: фестиваль, объединивший спорт, искусство и духовные ценности

В Аксуатском районе области Абай состоялся спортивно-культурный фестиваль «Асыл бесік – Ақсуат», который собрал участников и гостей со всех уголков...

Читать далее ...

Новости

Спасатели области Абай напомнили правила безопасного отдыха у воды

2 дня назад

Санитарное состояние мест отдыха в области Абай находится под постоянным контролем

2 дня назад

Более 2,4 тысячи жителей области Абай признаны банкротами: что изменилось в 2026 году

2 дня назад

Экочас провели в столичной библиотеке для дошколят

3 дня назад

«Таза Қазақстан»: молодежь провела экологическую акцию в Астане

3 дня назад

«Асыл бесік – Ақсуат»: фестиваль, объединивший спорт, искусство и духовные ценности

3 дня назад

В рамках республиканской программы «Таза Қазақстан» на побережье озера Алаколь состоялся экологический форум «EcoQadam».

3 дня назад

В Аксуатском районе проходит спортивно-творческий фестиваль «Асыл бесік – Ақсуат»

5 дней назад

В области Абай усилены профилактические мероприятия по противодействию наркотикам

6 дней назад

Область Абай активно развивает волонтерское движение

6 дней назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС