Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ПАТРИОТИЗМ мен ПОПУЛИЗМДІ АЖЫРАТА АЛАМЫЗ БА?

28.02.2020
FacebookWhatsappTelegram

Зайсанда болған оқиғаға сырттан қарағанда не көрдік?

Соңғы кездері ереуілші елге айналып кеттік… Үйде теледидардың пультін басудан басқа ермегі жоқ, жатып алып билікпен алысатын, жағдайы өзінен жақсылардың бәрін «ұры» деп кіжініп, бет қаратпай өршеленетін диван батырлардың «ереуіл» деген сөзді естісе, еліріп кететінін байқап жүрміз. Дегенмен Зайсанда болған оқиғаға орай «бұл ән бұрынғыдан өзгерек» деген тіркесті қолданған дұрысырақ болар…

Сонымен, ақпанның 19-20 күндері Зайсанда болып жатқан жағдай ватсап желісі арқылы жан-жаққа тарап жатты. «Ереуіл» деген сөзге етіміз үйреніп алды десек те, осы жолы, өзге емес, өзіміздің Зайсан жерінде болып жатқан жағдайға немқұрайлы қарай алмай, күн ұзақ алаңдаулы болдық… Бүкіл әлемді үрейлендіріп отырған тажал – тәжвирусты жұқтырудан сақтанған халықтың наразылығын теріс деп айтуға келмес. Газетіміздің өткен санында Зайсанда болған бұл жағдайды егжей-тегжейлі баяндап, жеткізгендіктен, бүгін қайталап жату артық болар.

Зайсандағы оқиға қазақылықтың қаймағы бұзылмаған, ел бірлігін басты байлығым деп санайтын, биліктің айтқанын имандай ұйып тыңдап, сөзге тоқтай білетін ауылда жатқан тәубешіл халық, бұрынғыдай емес, тым кінәмшіл, тым күмәншіл болып кеткен бе деген ойға қалдырды.

— Шекара жабылсын!

— Өзіміздің 5 азаматымыз кірсін, бірақ Алматы немесе Астана сияқты қалалардағы арнайы жабдықталған денсаулық сақтау мекемесіне жеткізіңіздер!

— Қытай елінің 42 азаматы қауіп сейілгенше өз еліне қайтарылсын. Жолымыз жөнделмесе де жүре берейік. Коронавирусты жұқтырмасақ болды.

— Әкім мырза, шекараның жабылуына нақты көзімізді жеткізейік. Біздің талабымыз осы,- деген сияқты өтініштерін жеткізді. Қолдарына микрофон тигендер өкпе-реніштерін қарша боратты.

Шырылдаған халықтың жанайқайы заңды… Жергілікті әкімдік қызметкерлері мен депутаттар тарапынан көшеге топталып шыққан тұрғындардың сөзіне құлақ түруге ынталы жанның болмауы наразылықты күшейте түсті. Бұл оқиға аудандағы халық пен билік арасында байланыстың жоқтығын анық аңғартты. Ресми биліктен қолдау болмаған осы «оңтайлы» сәтті пайдаланып өзінің «көшбастаушылық» қабілетін көрсетіп, көзге түсіп қалуға жанталасқан жігітке қарап тұрып аймақ басшысы:

— …Митингіні жақсы көретін адамдар болады, білемін…- деді.

Даниал Кенжетайұлы әр сөйлеушіні мұқият тыңдады. Басшымын демеді, сөзді бөлмеді. Дүрліккен халықты сөзімен демеп, барынша жұбатып, сабырға шақырды, кемел басшы екендігі әр сөзінен байқалып тұрды.

Естір құлақ, түсінер түйсік болса, «митингіні жақсы көретін адамдар болады» деген сөздің астарында көп мағына жатыр. Айқай-шуды, бүлікті жаны сүйеді деген жақсы атақ емес… Халықтың қамын ойлағансып, көп арасынан суырылып шығып билікке қарсы сөз айту арқылы эмоцияның жетегінде тұрған көпшілікті өзіне қаратып алуға тырысатын популизм  бүгін ескірді, халық шынайылықты бағалайды десек те, ел арасында әлі де бар екендігі Зайсандағы оқиға кезінде анық байқалды. Ешкім ұсынбаса да өзін-өзі көшбасшы тағайындап алған жас жігіт болған оқиғаның сиясы кеппей жатып, «халқым депутат бол, құрметті азамат бол» деген ұсыныс жасап жатыр» деп, әлеуметтік желі арқылы ауызға сөз салып, ватсап желісі арқылы өзінің «ерлігін» өлеңге айналдырып, қандай да бір билікке жетудің науқанын дереу бастап кетті. Мұндай жағдайда жүрегіндегі  тәртіп сақшысы қырағы, парасат-пайымы орнықты адамның еліргенге ермейтіні белгілі. Ғылымда тәуелділік, тобырлық психология деп аталатын осындай жағдайдың зардабын өз заманында «бас-басына би болған өңкей қиқым» деп Абайдан артық жеткізіп айтқан жан кемде-кем шығар…

Жайсаң мекенде жалаң ұранмен жұрттың назарын өзіне барынша аударуға тырысып баққан жас жігіттің қылығынан бұрқырап тұрған популизмді көрдік. Әсіресе шекарадағы мұнараға шығып алып, дыбыс күшейткішпен: «Халқым…»- деп даурығып, орнықтылығы қалыптасуға тиісті орда бұзар жаста желпілдеп жүрген азаматтың жеңілтек қылығынан елдің бүгінгі жанайқайына жаны ауырып жүрген адамды емес, ыңғайы келіп тұрғанда көзге түсіп қалуға тырысқан, өз имиджін көтеру мақсатын көздеген «жалаңаш патриотты» көрдік.

 

Қайырлы таң менің  туған ауылым,

Намысшыл туған  бар ұлың.

Қайраған қайсар  ұл-қызың,

Қайтарды қытай дауылын.

 

Қазақта  небір заңғар көп,

Сөйлеген шешен  нарлар көп.

Тас түлек  болып түлеткен,

Өзіңде тудым  арман жоқ.

 

Отырмын бүгін  мұнарлап,

Сартерек  саған жыр арнап.

Сенде де  арман жоқ шығар,

Халқыңда тұрды  Еркебұлан   деп  ұрандап.

 

Тілімде тұрса  тақылдап,

Жұрт  айтты  шіркін батыр-ақ.

Бойыма  қуат күш берген,

Киелі  туған топырақ!!!

24.02.2020

Еркебұлан  Зағыпаров

(WhatsApp байланысы арқылы тараған өлеңді еш өзгеріссіз ұсынып отырмыз.)

Осы сәттерде Абайдың:

Бас-басына би болған өңкей қиқым,

Мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын?

Өздеріңді түзелер дей алмаймын,

Өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың,-

дегені еріксіз ойға оралады.

Абай бұл жерде бірлігі жоқ елдің берекесі кететінін айтып отыр. Жастардың бойынан патриотизмді көргіміз-ақ келеді. Популизмге құмарлықтың басымдығы алаңдатады. Жоғарыдағы мысал — соның бір айғағы.{jcomments off}

Риза МОЛДАШЕВА

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

18 часов назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

23 часа назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

2 дня назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

3 дня назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

3 дня назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

3 дня назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

4 дня назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

6 дней назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

1 неделя назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС