Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЗАЙНУЛДИННІҢ ЗАЙСАНДАҒЫ ЖҰМЫС АПТАСЫ

03.03.2020
FacebookWhatsappTelegram

Әр өңірдің жырақта жүрсе де мақтаныш етіп, арқа сүйейтін перзенттері болады. Зайсан елі үшін Серік Зинабекұлы — сондай ардақты азаматтардың бірі. Өзінің еңбекқорлығының арқасында қатардағы зоотехниктен есімі елге танымал тұлға дәрежесіне дейін көтерілген Серік Зинабекұлы аймағымыздағы Катонқарағай, Үржар аудандарын абыроймен басқарып, артында айта жүрер із қалдырды. 2010-2013 жылдар аралығында, осы өзінің туған жері Зайсанға басшылық жасаған уақытта, жері майсаң, елі жайсаң Зайсан өңірін жаңа биікке көтергені көпшілікке белгілі. Міне, елі сүйген, елін сүйген азамат туған жеріне басшылыққа қайта оралды.

Өткен аптада Зайсан ауданына әкімдікке тағайындалған Серік Зайнулдин өңірдегі жұмысын бастап кетті. Алғашқы сапарында өзінің туған жері Айнабұлақтағы халықпен жүздесіп, одан соң Сарытерек, Қаратал ауылдарында болып, Зайсан қаласында жалғастырды. Ауыл тұрғындарымен алдағы жұмыс жағдайын кеңесті.

Бұл туралы Серік Зайнулдин өзінің Facebook және Instagram парақшаларында баяндаған болатын.

Серік Зайнулдин Зайсан ауданындағы жаңа қызметін туған жері Айнабұлақ ауылдық округінен бастады. Айнабұлақтағы кездесуге ауыл  тұрғындары, аудандағы бөлімдер мен  сала басшыларынан құрылған ақпараттық топ қатысты. Әр сала бойынша тиісті мамандарға халықтың көкейінде жүрген сауалдарға жауап беруге мүмкіндік жасалды. Халық билікті емес, билік халықты іздеп келді. Әкімнің өзі тұрғындардың көкейде жүрген түрлі мәселелерге қатысты сұрақтарын, ой-пікірлерін тыңдады. Халықтың өтініш-тілектерінің негізінде ауылда бой көтеретін мәдениет үйі мен спорттық модульдің құрылыс жұмыстарын мерзімінен бұрын бастауға ықпал ететінін жеткізді. Кездесуде айтылған барлық мәселелердің оң шешімін тауып, халықтың сұрағына нақты жауап беру үшін ауылдық округ әкіміне, тиісті сала мамандарына тапсырмалар берілді.

Сол күні аудандағы Сарытеректе болған Серік Зинабекұлы ауылдық округтің бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысты. Ауылды аралап көріп, тұрғындармен  кездесу өткізген жаңа әкім халықтың көкейінде жүрген, шешуін күткен көптеген мәселелерден хабардар болды. Атқарылуын алдағы күндердің еншісіне жүк етіп арқалаған жаңа әкімнің сапары  Қаратал ауылдық округінде жалғасты.

Қараталдық тұрғындар қашанда белсенділігімен ерекшеленеді. Осы кездесуде де көптен  көкейлерінде жүрген мәселелерге қатысты сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Аудан басшысы тұрғындардың сұрақтары мен өтініш-тілектерін мұқият тыңдады, кездесу соңында тиісті жауап берілді. Ауылдық округ әкімі мен аудандағы сала мамандары халықтан түскен өтініштер бойынша тапсырмалар алды. Сондай-ақ Серік Зинабекұлы Үлкен Қаратал ауылындағы Республикалық «Жомарт жүрек» жобасы бойынша «Жыл тұлғасы» номинациясының жүлдегері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің және «Алтын алқа» төсбелгісінің иегері, жеті баланың анасы Абылғожина Сәулеш Ерченқызы ашқан «Мәдина» балабақшасына барып, жұмысымен танысты.

Сондай-ақ аталған ауылдық округтегі Қазақстан орта мектебіне арнайы ат басын бұрды. Білім ордасын аралап көріп, ұстаздармен тілдесіп, ой-пікірлерін, өтініш-тілектерін тыңдады. Қараталдық ақсақалдар елге басшылыққа келген жерлестерін ыстық ықыласпен қарсы алып, ақ батасын берді.

Аудан әкімі аптаның жексенбісін Зайсан қаласын аралап көруге арнады. Зайсанның  соңғы жылдары бұрынғы сәнінен айырылып, сұрғылт тартып кеткендігі — жиі айтылып жүрген  өзекті мәселелердің маңыздысы.  Аудан орталығындағы шұрқ-шұрқ болып тесіліп, тозып кеткен көшелер, көркінен айырылған саябақтар мен күтімсіз қалған ескерткіштердің  күрделі жөндеуді қажет ететіні Зайсанда Серік Зинабекұлынан бұрын болған әкімдерге айтылмады емес, талай айтылды… Өкінішке орай, тұрғындар әкімдік қызметкерлерінің күнде ертең деген құрғақ уәделерінен шаршады. Өзгеріс болмады. Жаңа тағайындалған  әкім қаланы аралағанда тиісті салаларға жетекшілік ететін басшыларды өзімен бірге алып жүрді. Осыдан жеті жыл бұрынғымен салыстыруға келмейтін көрініске өзі де куә болды… Күн жылына саябақтарда гүл егіп, бұзылған ескерткіштерді жөндеп, қалпына келтіру бойынша тиісті мамандарға тапсырмалар берді.

Серік Зайнулдин кеше, дүйсенбі күні таңертеңгілік жаңа жұмыс аптасын М.Дәуленов атындағы мектеп-интернатының жатақханасында орналасқан Зайсан ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінен бастап, мекеме қызметкерлерімен кездесіп, қызмет барысымен танысты. Біздің елімізде мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқорлық жасау ерекше назарда тұрған мәселелердің қатарында. «Nur Otan» партиясының «Кедергісіз келешек» бағдарламасы аясында атқарылған істер де ұшан-теңіз. Аудан әкімі орталық қызметкерлеріне көмекті қажет ететін қамкөңіл жандарға тиісті қамқорлық жасауды ерекше тапсырды.

Осы мекемеден шыққан соң Серік Зинабекұлы аудандық Мәдениет үйінде Зайсан қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді. Қала тұрғындары мен  жергілікті қоғамдастық мүшелерінің бірлескен жиналысының да негізгі тақырыбы ауданды көркейту мәселесіне арналды. Қала әкімі Анарбек Дүтбаевқа өзіне тапсырылған міндеттерді орындауға екі ай уақыт берілді. Зайсандағы тазалықты қолға алып, саябақтар мен ескерткіштерді  жөндеу ерекше тапсырылды.

Аудан орталығындағы тұрғындар тарапынан әкімге жол жөндеу, бақшалық су тарту, баспана мәселесіне қатысты, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік көмекті алу үшін құжаттарды тапсыру жұмыспен қамту мекемесіне емес, Халыққа қызмет көрсету орталығына ауыстырылса деген сияқты өтініш-тілектер көп болды. Сондай-ақ Қазпоштаның жергілікті бөлімшесінің жұмысына байланысты наразылықтар да айтылды. Сұлулық салонын ашқан жеке кәсіпкердің  өтінішіне құлақ асқан Серік Зинабекұлы қала әкімі Анарбек Дүтбаевқа көмек көрсетуге тапсырма берді. Әкімдік жанындағы қауымдастық жұмысын жандандыру мақсатында оның құрамына ардагерлермен қатар жастар да кіргізілсе деген өтініштер де болды. Түскен сұрақтардың басым бөлігіне тұрғындар жедел жауап алып, қайсыбірінің шешімін қарастыруға  аудан әкімі тарапынан тиісті сала басшыларына тапсырмалар берілді.

Серік Зинабекұлы аудан халқын, қазына қарттар мен қоғамдық өмірге белсене қатысушы тұрғындарды өңір өркениетін көтеруге бірлесіп атсалысуға шақырды.

Роза ПҰШПАҚОВА, «Семей таңы»{jcomments off}

 

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

18 часов назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

23 часа назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

2 дня назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

3 дня назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

3 дня назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

3 дня назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

4 дня назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

6 дней назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

1 неделя назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС