Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ГҮЛМИРА ӨМІРІНІҢ ГҮЛ КӨКТЕМІ

05.03.2020
ГҮЛМИРА ӨМІРІНІҢ ГҮЛ КӨКТЕМІ
FacebookWhatsappTelegram

Қазіргі таңда тек үй шаруасымен шектеліп отырған нәзік жандыларды сирек кездестіреміз. Елімізде отбасында аяулы ана, сүйікті жар, отбасының ұйытқысы болып, ал қызмет бабында іскер әйел атанып жүргендер өте көп. Сондай аналардың бірі — №2 Семей арнайы қызмет көрсету орталығының директоры Гүлмира Идаятқызы Сексеналинова. Ұрпақ өсіріп, келін түсіріп, немере сүйіп отырған әже бұл күндері өмірінің бақытты сәті — гүл көктемін бастан кешіруде.

Гүлмира Идаятқызының негізгі мамандығы — дәрігер. Семей медицина институтын терапевт мамандығы бойынша тамамдаған. Еңбек жолын Таскескен ауылында бастап, 1992 жылы Семей қаласындағы қалалық орталық ауруханаға ауысады. Мұнда эндокринологиялық, гематологиялық бөлімшелерде ақ халатты абзал жан ретінде өз міндетін абыроймен атқарды. Келер жылы жедел медициналық қызмет көрсету ауруханасының функционалдық диагностика бөліміне жіберіліп, біліктілігінің арқасында кейін осы бөлімшенің басшысы деңгейіне көтерілді. 2009 жылы кандидаттық диссертациясын да сәтті қорғап шықты. 2014 жылдың қаңтар айында қаламыздағы қарттар үйінің директоры қызметіне тағайындалыпты.

— Мұнда басшылық қызметте отырғаныма жеті жыл уақыт болыпты. Жұмысымыз оңай емес. Стационарда 155 адам бар. 20 адам күнделікті келіп отырады,- дейді Гүлмира Идаятқызы.

Гүлмира Идаятқызының дәрігер мамандығын таңдауы да тегін емес екен. Әкесі Идаят фтизиатор, ал анасы Роза акушер-гинеколог болып қызмет етіпті. Туған інісі мен сіңлісі де медицина саласында еңбек етуде.

Кейіпкеріміз Өскемен қаласында дүниеге келгенімен, Павлодар облысының Көктөбе ауылында туып-өскен. Ал қайын жұрты — Семей қаласының тумалары.

— 1885 жылы Семей медицина институтының ІІ курсында оқып жүргенімде тұрмысқа шықтым. Жолдасым Серік малдәрігерлік институтын бітірген. Қайын жұртым Семей қаласының тумалары болып шықты. Отыз бес жыл енеммен бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кештік. Тағдырдың жазуымен желтоқсан айында тоқсан жасында өмірден озды. Енем киім тігудің шебері болды. Келіндеріне, немерелеріне де осы өнерді үйретіп кетті. Өмір бойы салауатты өмір салтын ұстанды. Жастығының астында үнемі айнасы жататын. Жалпы, өзімді енелер мектебінен тәлім алған келінмін деп айтсам болады. Себебі алғашқы жылдары жолдасымның әжесімен бірге тұрдық. Сол кісілерден алған өнегеміз бүгінгі күнге дейін азық болып отыр,- дейді кейіпкеріміз.

Гүлмира ханым — Нұрлан, Азамат, Мәди атты ұлдарды, Іңкәр атты қызды дүниеге әкелген аяулы ана, асыл жар, бүгінде ұлағатты ене, асыл әже болу құрметіне ие болған бақытты жан. Үш ұлы да бір-бір отау иесі. Олардан тараған жеті немере — Серік аға екеуінің көз қуаныштары.

— Кенже ұлым Мәди мен келінім Айсана қазір қолымызда. Үйде үш немерем бар. Атасы екеуіміз жұмыстан қайтқанша соларды көруге асығып тұрамыз. Мен келіндеріме жұмсақпын. Бастапқыда келінге әсіресе ене тарапынан қолдау қажет. Сондықтан жақсылықтарын асырып, білмей жатқан тұстарын жасырып, үйретіп, қолдап-қолпаштап отырамыз. Шындығында, келіннің қандай болары барған жеріне, енесінің беретін тәлім-тәрбиесіне де байланысты. Отбасы болу оңай емес. Бұл орайда әйел адамға үлкен шыдамдылық, сабырлылық керек. Ашуға емес, ақылға салып, көп жағдайда үндемей қалатын кездер де болады. Әйтпесе отбасында береке болмайды,- дейді Гүлмира Идаятқызы.

Алдыңғы кезекке отбасы тыныштығы мен берекесін қоятын кейіпкеріміз ширақтығы мен пысықтығының арқасында қызмет жолында да жетістікке жетті. Дегенмен бұл тұста нәзік жандыларға айтары да бар екен.

— Әйел — отбасы ұйытқысы. Ол үшін бірінші орында отбасы мен бала тәрбиесі тұруы керек. Әйелдің негізгі миссиясы сол. Ал отбасын асырау – ер адамның мойнындағы жауапкершілік. Өкінішке орай, бүгінде көп нәзік жандылар қызмет жолын қуып, өз табиғатынан айырылып барады. Қызмет қоғаммен араласу үшін қажет. Ал екеуін бірге алып жүре алмаса, отбасын таңдаған дұрыс деп ойлаймын, — дейді кейіпкеріміз.

«Келін қайын ененің топырағынан» деген халық даналығын жадында ұстайтын Гүлмира ханым шаңырақ шаттығы оның берекесінде екенін жақсы түсінеді. Гүлмира Идаятқызының пікірінше, отбасының бақыты үшін көп нәрсенің қажеті жоқ. Жанұяның сыйластығы, бір-біріне деген құрметі мен сүйіспеншілігі болса жетіп жатыр. Жастарға да осыны үнемі айтып отырады. Себебі бақытты отбасы – берік мемлекет негізі.

Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербететін аналардың қолында, міне, осындай құдіретті күш бар.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»{jcomments off}

 

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

16 часов назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

21 час назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

2 дня назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

3 дня назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

3 дня назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

3 дня назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

4 дня назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

6 дней назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

1 неделя назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС