Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

СЕМЕЙДЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ БЕТПЕРДЕЛЕР ДАЙЫНДАЛУДА

19.03.2020
FacebookWhatsappTelegram

Шығыс Қазақстан облысының тұр-ғындары екі апта уақыт ішінде медициналық бетперделермен толық қамтылатын болады. Аймақ басшысы Даниал Ахметовтің тапсырмасымен және тікелей назарға алуымен өңірімізде арнайы маскалар дайындау ісі жолға қойылды. Бұл орайда тігін кәсіпорындары еш іркіліссіз тәулік бойы жұмыс істейді.

Бетперделердің негізгі көлемін Семей қаласының тігін компаниялары — «Семейспецсанб», «УК Юнис» мекемелері орындамақ. Бұдан бөлек облыстың тағы 10 кәсіпорнымен келісімшарт жасалған.

Жуырда Семей қаласына арнайы жұмыс сапарымен облыс әкімі Даниал Ахметов келген болатын. Аймақ басшысы қаладағы бірнеше мәрте қолданылатын медициналық маскаларды дайындап шығарып жатқан кәсіпорында болып, ондағы жұмыс барысымен танысты.

— Біз тәулігіне 100 мың дана бетперде шығаруды жоспарлап отырмыз. Осылайша, 15 күн ішінде біздің облысты толыққанды қамтамасыз етеміз. Кәсіпорындарға аз ғана уақыт ішінде 6 миллион дана маска шығару міндеті жүктеліп отыр. Шикізат мәселесі шешілді. Өндірістің негізгі көлемін Семей қаласының тігін компаниялары орындайды. Жалпы, облыстың он кәсіпорнымен келісімшарт жасалды. Бүгінгі күннен бастап олардың барлығы тәулік бойы жұмыс істейді, – деп жазды бұл орайда ШҚО әкімі Даниал Ахметов өзінің әлеуметтік желілердегі парақшаларында.

Аймақ басшысының айтуына қарағанда, алғашқы кезекте өндірілген 100 мың маска өңіріміздегі бюджеттік ұйымдарға беріледі.

— Төтенше жағдайларда іске асырылатын жоспарға сәйкес, тауар бірінші кезекте дәрігерлерге, полиция қызметкерлеріне, Ұлттық ұлан сарбаздарына, тәрбиешілер мен мұғалімдерге беріледі,– деп жазды облыс әкімі.

Ал қалған медициналық маскалар аймағымыздағы барлық дәріханаларға арнайы бекітілген бағамен беріледі. Облыс әкімінің сапары барысында айтылғандай, Семейде дайындалып жатқан бетперделердің бір данасының бағасы қаладағы дәріханаларда 100 теңгеден аспайтын болады. Сонымен қатар бөлшек саудадағы тауарлардың бағасы тұрақты түрде бақылауға алынады.

Қазіргі күні кәсіпорын жоғары қарқынмен жұмыс істеуде. Тәулігіне 125 мың дана бірнеше мәрте қолдануға болатын сапалы бетперделер шығарылуда. Бұл — жеке қорғаныш заттарына деген облыс тұрғындарының сұранысын аз уақыт ішінде толық қамтамасыз етуге жеткілікті екенін айтады кәсіпорындағы мамандар. Оған мүмкіндік мол. Бүгінгі таңда «Семейсцецснаб» ЖШС мекемесінде бір ауысымда 70 адам жұмыс істеуде.

— Қазір өзбекстандық фармацевтика компаниясымен келіссөз жүргізіліп жатыр. Бетперделер бірнеше қабаттан тұратын дәкеден тігіледі, — дейді аталмыш мекеменің шикізат жеткізушісі Сәуле Тағаева.

Сондай-ақ, мамандардың айтуынша, бетперделерді әрбір 15 күн сайын ауыстырып, жаңалап  тұрса жеткілікті.

Сол тәрізді «УК Юнис» ЖШС мекемесінің де нәтижелі жұмыс істер жатқанын айтуға болады. Әсіресе мақта-мата материалынан жасалатын бірнеше мәрте қолдануға болатын маскалардың сапасын ерекше атап өтуге болады. Бүгінгі күндері тоқыма-тігін кәсіпорны шикізаттың барлық түрін, тіпті резеңкеге дейін өздері өндіреді. Ондағы жұмыс барысына облыс әкімі Даниал Ахметов жоғары баға берді.

Жалпы, аймағымызда арнайы киімдер өндірісі бойынша тапсырыспен жұмыс істеуде көш бастап тұрған «Семейспецсанб», «УК Юнис» мекемелерінде шикізат көлемі жеткілікті. Қажетті медициналық шикізат, дәке, көршілес Өзбекстан мен Ресейден әкелінеді. Қазіргі күннің өзінде 80 тонна материал тігін цехына жеткізілген. Әйткенмен өңіріміздегі көптеген дәріханаларда бетперде тапшылығы сезілуде. Ал кейбір сауда-саттық жүргізетін интернет сайттарында медициналық бетперденің бір данасы 500 теңгеден 1500 теңгеге дейін сатылып жатыр. Осы орайда маскалардың өзімізде шығарылуы өңір тұрғындарын қорғаныш құралымен толық қамтамасыз етуге және қоғамда дүрбелең тумауына зор ықпал етеді. Ал алдағы екі аптаның ішінде бетперделер аймағымыздағы барлық тұрғындарға жеткілікті көлемде дайындалатын болады. Сұраныс жоғары болып тұрғандықтан, аталған кәсіпорындар бұл міндеттерді аз уақыт ішінде ойдағыдай орындап шығатындарына сенімді.

Әлібек КЕМЕЛХАН, «Семей таңы»{jcomments off}

Связанные новости

Идеи программы «Таза Қазақстан» нашли отражение в спектакле «Қарағай»

11.05.2026
Идеи программы «Таза Қазақстан» нашли отражение в спектакле «Қарағай»

На сцене Абай атындағы қазақ музыкалық драма театры состоялась премьера социальной драмы «Қарағай» молодого драматурга Жәнібек Әлікен. Постановщиком спектакля выступил...

Читать далее ...

Сегодня в Казахстане отмечают День матерей

10.05.2026
Сегодня в Казахстане отмечают День матерей

Сегодня, во второе воскресенье мая, Казахстан отмечает День матерей. В этом году значимая дата выпала на 10 мая. Ранее в...

Читать далее ...

В области Абай напомнили, как действовать покупателю, если не выдали чек

09.05.2026
В области Абай напомнили, как действовать покупателю, если не выдали чек

В Департаменте государственных доходов по области Абай напомнили жителям региона о правах потребителей при покупке товаров и услуг. Заместитель руководителя...

Читать далее ...

В области Абай усилены меры безопасности на воде

09.05.2026
В области Абай усилены меры безопасности на воде

В регионе в период купального сезона ведётся комплекс профилактических и организационных мероприятий, направленных на предотвращение чрезвычайных ситуаций на водоёмах. Об...

Читать далее ...

В области Абай оказали почести ветеранам войны и труженикам тыла

09.05.2026
В области Абай оказали почести ветеранам войны и труженикам тыла

В преддверии Дня Победы аким области Берик Уали связался с ветераном Великой Отечественной войны Григорием Маларовым, который в праздничные дни...

Читать далее ...

В области Абай широко отмечают День Победы

09.05.2026
В области Абай широко отмечают День Победы

9 мая — День Победы — широко отмечается в области Абай. В честь памятной даты в городе Семей организован ряд...

Читать далее ...

Новости

Идеи программы «Таза Қазақстан» нашли отражение в спектакле «Қарағай»

8 часов назад

Сегодня в Казахстане отмечают День матерей

1 день назад

В области Абай напомнили, как действовать покупателю, если не выдали чек

2 дня назад

В области Абай усилены меры безопасности на воде

2 дня назад

В области Абай оказали почести ветеранам войны и труженикам тыла

2 дня назад

В области Абай широко отмечают День Победы

2 дня назад

Поздравление Главы государства Касым-Жомарта Токаева с Днем Победы

2 дня назад

Трансформация партийного поля и новые электоральные ориентиры

4 дня назад

Перераспределение ролей в новой политической системе

4 дня назад

Политическое доверие и персональная ответственность за новый курс

4 дня назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС