Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

Елбасы мақаласына орай

09.04.2020
FacebookWhatsappTelegram

ЖАСТАРҒА СЕНІМ АРТТЫ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Н.Ә.Назарбаев тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бастап бүгінге дейінгі күрделі кезеңде де отандастарымызды ортақ мүддеге жұмылдырған Ұлт Көшбасшысы деп білемін.

Күні кеше жарыққа шыққан «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласы жоғарыда айтылған сөзімнің дәлелі болса керек. Еліміздің ұлтжанды азаматы және тәуелсіздіктің құрдасы ретінде аталған мақаладан түйген ойымды өздеріңізбен бөлісуді жөн санадым.

Иә, Елбасы мақаласында айтылған 90-жылдардың басында болған қиындықтарды көзіміз көрмесе де, кейіннен естіп, оқып білдік. Бүгін тәуелсіз Қазақстанның алтын ғасырында өмір сүріп жатқан жастарды бақытты ұрпақ деп санаймын. Осы күнімізді кешегі күрделі кезеңдермен салыстыруға мүлде келмейді.

Осы орайда Елбасымыздың тәуелсіздіктің құрдастары — жастарға арнап айтқан сөзіне тоқталғым келеді. «Еліміздегі ең қуатты күш – өздеріңсіңдер. Аға ұрпақ сендер үшін қолдан келгеннің бәрін жасады, енді сендердің де күш-қайрат жұмсайтын кездерің келді. Жамандықтан, жат әдеттен сақтанып, игі істер жасауға ұмтылыңдар. Үлкенге – ізетті, кішіге – қамқор, бір-біріңе дос болыңдар»,- деді Елбасы.

Тәуелсіз Қазақстанның жаңа белесін қалыптастыруда біздің иығымыздағы жауапкершілік жүгі ауыр екенін барша замандастарыма, құрдастарыма жеткізгім келеді.

Елбасы айтқандай, рухы мықты, өзіне сенімді адамды қиындықтар шынықтырады. Сондықтан біз бойкүйездіктен, сарыуайымнан, енжарлықтан арылып, тығырықтан шығудың жолын іздеген бүкіл әлем халқымен бірге ширыға, шыңдала түсуіміз керек. Салауатты өмір салтын ұстанып, елге қызмет ету мен білім алуда қатарымыздың алды болуымыз қажет.

Тұңғыш Президентіміз мемлекет тарапынан барлық қолдау көрсетіліп жатқанын айтып, зиялы қауым өкілдері мен кәсіпкерлерге, жастарға үлкен сенім білдіріп отыр.

Қадірлі достар! Осындай қиын кезеңде береке-бірлігімізді, татулығымызды көрсетіп, бірге болайық. Қиындықты бірге еңсерейік!

Елбасымыз айтқандай, Абай атамыздың өсиетін ойымыздан шығармай, жастық жігерімізді, ақыл ойымызды, еліміздің ертеңі үшін пайдалануға шақырамын.

Олжас СОҒЫМБАЙ,

Семей қаласының Жастар ресурстық орталығының директоры

ПАРАСАТ БИІГІНЕН

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласы адамзат баласы көзге көрінбейтін тұтқиылдан келген жаман індет – коронавирус дертінен абдырап қалған кезінде жарық көруі елдің еңсесін бір көтеріп тастады.

Елбасының мақаласы менің санама бірден атақты жырау Жамбыл бабамыздың «Ленинградтық өрендерім» атты өлеңінің жарық көруін есіме түсірді. Жүзге келген қарт жырау қырандай дүр сілкініп, тұтқиылдан шабуыл жасаған фашистік машинаға қарсы қолына қалам алып, халқын жігерлендірген еді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та атақты жырау бабасы сияқты қиын сәтте халқын жігерлендіріп, жасымауға шақырды. Тәуелсіз Қазақ елін әлем таныды, бірлік болса, біз жеңбейтін қиындық жоқ деген ой мақаланың тұтас болмысында көрініс тапқан.

Елбасы биік парасатпен хакім Абайдың, даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының, Әйтеке би бабамыздың, әйгілі данышпан Төле бидің даналық сөздерін келтіре отырып, халқың осындай қиын кезде сабырлық сақтап, бірлікте болуға шақырады.

Терең мазмұнда жазылған мақаладан халқына, оның ішінде жастарға қаратып айтқан сөздерін келтіріп өткенді ретті санаймын: «Жас өскін – жас ұрпаққа айтарым: тәуелсіздік жылдары дүниеге келген сендер келер жылы орда бұзар отызға толасыңдар. Еліміздегі ең қуатты күш – өздеріңсіңдер. Аға ұрпақ сендер үшін қолдан келгеннің бәрін жасады, енді сендердің де күш-қайрат жұмсайтын кездерің келді. Жамандықтан, жат әдеттен сақтанып, игі істер жасауға ұмтылыңдар. Үлкенге – ізетті, кішіге – қамқор, бір-біріңе дос болыңдар. «Біріңді, қазақ, бірің дос көрмесең – істің бәрі бос» деген Абай аталарыңның өсиетін ешқашан естен шығармаңдар».

Даналық биігі деген – осы. Барлығымыз осы өсиетті басшылыққа алып, бірлікте болайық, ағайын!

Тұрдықұл ШАҢБАЙ,

Абай музейі директорының міндетін атқарушы

БІРЛЕСЕ ОТЫРЫП ЖЕҢЕМІЗ

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың коронавирус індеті мен әлемдік экономикалық дағдарысқа байланысты «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласында айтылған ойларын қанағат сезіммен қабыл алып отырмыз.

Тұтқиылдан келген коронавирус дерті барша адамзатқа қауіп-қатер төндіріп отырғанын ескерткен Елбасы «қатерлі дертке әлем мемлекеттері бірлесе дауа іздеп, бүгінгі заманның бар күш-қуатын, ақыл-ойы мен ғылым-білімінің жетістігін ортақ мақсат жолына бірлесе жұмылдырып, ынтымақтаса әрекет етіп жатқанын» атап көрсетті.

«Кәсіпкерлерге де арнайы айтарым бар: сіздер тәуелсіздіктің арқасында өз істеріңізді қалыптастырып, аяқтарыңызға нық тұрдыңыздар, мол дәулетке кенелдіңіздер. Енді «Мен еліме не беремін?» дейтін кездеріңіз де келді. Осы орайда, менің өтінішім бойынша өз отандастарына қол ұшын беріп, қаржылай, заттай көмектесіп жатқан кәсіпкер азаматтар баршылық. Осы бір жарасымды үрдіс, игі іс одан әрі жалғасын табады деп сенемін»,- деді Елбасы.

Елбасы үндеуіне үн қосқан Сәтбаев ауылдық округінің жастары мен кәсіпкерлері қауіптің алдын алуға бір кісідей жұмыла отырып, Президентіміз Қ.Тоқаевтың бастамасымен қолған алынған «Біз біргеміз» акциясына белсене атсалысуда. Әлем жұртшылығын алаңдатып отырған бұл індетті барша қазақстандықтар бірлесе отырып жеңетінімізге сенеміз.

Ж.ҚАЙЫРБЕКОВА,

әлеуметтік қызметкер,

Тарбағатай ауданы{jcomments off}

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

12 часов назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

17 часов назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 день назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

3 дня назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

3 дня назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

3 дня назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

4 дня назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

6 дней назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

1 неделя назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС