Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ҚАМҚОРЛЫҚ КӨРСЕТУДЕ

17.04.2020
FacebookWhatsappTelegram

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жуырда жарияланған мақаласында елімізді береке-бірлікке шақырып, қазіргідей өтпелі кезеңде халықтың жұдырықтай жұмылуы қажеттігін ерекше айтып өткені белгілі. Осы орайда Семей өңірінде де аз қамтылған отбасыларға, көп балалы жанұяларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен қолға алынған «Біз біргеміз!» акциясы аясында қолдау көрсетілуде.

Аталмыш акция аясындағы жұмыстарды облыс әкімі Даниал Ахметов өзі басшылыққа алған болатын. Соның нәтижесінде бүгінгі таңда өңіріміздің еріктілері де қарттар мен мүгедектерге медициналық бетперделер, азық-түлік, дәрі-дәрмек жеткізіп, әлемді шарпыған індетпен аянбай күресіп жатқан дәрігерлерге, блокпостарда тұрған полицейлер мен әскерилерге қолдау көрсетуде. Мұндай шараларға бірінші кезекте жергілікті Жастар ресурстық орталығының белсенділері, «Nur Otan» партиясының қалалық филиалы, жергілікті кәсіпкерлер, меценат азаматтар, мешіттер жамағаттары атсалысуда.

Бүгінгі таңда қала бойынша күшейтілген шектеулер енгізілген кезде еріктілер қауымы көптеген игілікті шараларға білек сыбана кірісіп жатыр. Атап айтсақ, олар қарттар мен мүгедектерге ең қажет заттарды үйлеріне дейін жеткізіп беруде. Тапсырысты телефон арқылы береді. Байланыс орталығының мамандары өтініштерді 07.00-ден бастап 19.00-ге дейін қабылдайды.

Қайырымды азаматтар бірінші кезекте Семей қаласында тұратын көп балалы аналардың мұқтаждығын өтеуде. Солардың бірі — атаулы әлеуметтік көмек алатын бес балалы ана Майраш Сұлтанбекова. Қаламыздағы Қарағайлы ықшам ауданынан пәтер алып, баспаналы болған Майраш Мұратбекқызы қайырымдылық шараларын ұйымдастырушы жандарға шексіз риза екенін айтады. Расында да, қазіргідей қиын сәттерде қоғамның әлеуметтік жағынан әлсіз топтары үшін мемлекет тарапынан қамқорлық шаралары ұйымдастырылуда. Бұл ретте көмек алған көп балалы аналар да алғыстарын білдіруде.

— Семейлік еріктілерге ана ретінде айтар алғысым зор. Жуырда «Біз біргеміз!» әлеуметтік жобасы аясында қаламыздың жастары үйімізге келіп, азық-түлік әкеліп берді. Оның сыртында «Біргеміз» қорынан 50 мың теңге қаржылай көмек те алдым, — дейді семейлік белсенділерге ақжарма алғысын білдірген Майраш Мұратбекқызы.

Сонымен қатар еріктілер қауымы тәртіп сақшыларымен бірге тұрғындарға төтенше жағдай кезіндегі шектеулер туралы түсіндіру жұмыстарын да жүргізеді. Қаламыздың еріктілері тұрғындарға коронавирус инфекциясынан сақтанудың жолдары көрсетілген жаднамалар таратып шықты. Кейіннен бұл акцияны облысымыздың басқа қалалары мен аудандарындағы волонтерлік штабтар да қолдады.

ШҚО Жастар ресурстық орталығының директоры Арайлым Есімбекованың айтуынша, бүгінгі таңда өңірімізде 1000-ға жуық ерікті түрлі шараларға атсалысуда. Оның ішінде Өскеменде 110, Семейде 70 адам азық-түлік тасымалымен айналысуда. Олар медициналық маскалармен, колғаптармен, қорғаныс костюмдерімен және антисептиктермен толықтай қамтамасыз етілген. Бүгінде еріктілер қатарына қосылғысы келген жастар облыстық Жастар ресурстық орталығына хабарласуда. Осыған қарап облыс әкімі Даниал Ахметовтің үндеуіне үн қатып, қайырымдылық шараларына атсалысуға ниетті белсенділер аймағымызда көп екенін аңғаруға болады.

Сонымен қатар аймағымызда қолға алынған игілікті істердің бірі «Қайырымды көршілер» акциясы десек қателеспейміз. Еріктілер мұқтаж жандардың барлығын анықтай алмайды. Сол үшін де белсенді жастар: «Өз көшеңіздегі қазыналы қарттарға, мүгедектерге сіздің көмегіңіз қажет. Дүкенге барғанда олардың да керек заттарын ала келсеңіз, нұр үстіне нұр»,- деп әлеуметтік желілер арқылы бейнероликтер таратып, сауапты іске шақыруда. Осындай сын сағатта волонтерлер жұдырықтай жұмылып жұмыс істеуде. Олардың арасында аз қамтылған отбасыларға қаржылай қолдау көрсетіп жатқандар да бар. Қаржылай көмек демекші, қазіргі таңда «Nur Otan» партиясының бастамасымен қолға алынған «Біргеміз!» жобасы аясында мұқтаж отбасыларға 50 мың теңгеден көмек беріліп жатыр. Алдағы уақытта мұндай көмектің екінші легі басталмақ.

Өңір бойынша бүгінде 12 мыңнан астам адам 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемді алып үлгерген. Бұл тізім әлі де толығатыны белгілі. ШҚО ақпараттық орталығының мәліметіне сүйенсек, жалпы өтініш білдіргендер саны 100 мыңға жуық екен. Осы орайда ШҚО әкімі Даниал Ахметов «Қазпошта» мен банк бөлімшелеріндегі қызметкерлер санын 900-ден 1500-ге дейін арттыруға шешім қабылдаған болатын. Бұл халыққа уақтылы қызмет көрсету үшін қажет. Барлық бөлімшелердің жұмыс уақыты есепшот ашуға келген халыққа қолайлы қызмет көрсету мақсатында кешкі сағат 21.00-ге дейін ұзартылған. Бұл күндері жұртшылық демалыс күндері де арнайы әлеуметтік есепшот ашып, жәрдемақы алып жатыр.

Әлібек КЕМЕЛХАН, «Семей таңы»{jcomments off}

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

12 часов назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

17 часов назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

2 дня назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

3 дня назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

3 дня назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

3 дня назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

4 дня назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

6 дней назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

1 неделя назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС