Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМГЕ ӨТІНІШ БЕРУШІЛЕР КӨП

23.04.2020
FacebookWhatsappTelegram

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміз бойынша жарияланған күшейтілген шектеулер жағдайында уақытша жұмысынан айырылғандар мен табысын жоғалтқан азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы тапсырмалары Семей қаласы бойынша да тыңғылықты түрде жүзеге асырылуда. Бұл ретте жергілікті тұрғындар арасында түсіндіру, ақпараттандыру шаралары атқарылып, оң нәтижесін беруде.

Атап айтсақ, бүгінгі күнге дейін Семей қаласында 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемді алуға жергілікті тұрғындардан 8 мыңнан астам өтініш келіп түсіпті. Бұл туралы жуырда қалалық ақпарат орталығында өткен арнайы брифинг барысында қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Мұрат Құржықаев кең көлемде айтып өтті. Бөлім басшысының айтуынша, аталмыш бағытта жүйелі жұмыс жүргізілген.

—Бүгінгі күнге дейін қаламыз бойынша ең төменгі жалақы мөлшеріндегі әлеуметтік төлем алуға 8104 өтініш келіп түсті. Оның 5 307-сі мақұлданса, 2 797 өтінім бойынша жәрдемақы тағайындаудан бас тартылды, негізгі себеп – құжаттарды тапсыру кезінде жіберілген қателіктер. Сондай-ақ төлем алуға құқығы жоқ адамдар да өтініш жіберген, — дейді Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Мұрат Құржықаев.

Оның айтуынша, бүгінде өтініш беру процесі, тіркеу және өтінішті қарау мерзімдері біршама жеңілдетілген. Егер бұрын өтінішті қарау үшін бір апта уақыт қажет болса, қазір оған небары үш күн жетеді.

Сонымен қатар, бір айта кетер жайт, аталмыш көмек түрін алуда біршама мәселелер де туындапты.

— Банктік дербес шоттары жоқ азаматтар үшін бірқатар қиындықтар болғаны рас. Сол себептен де әкімдік барлық банктер мен «Қазпошта» филиалдарының жұмыс кестесіне өзгеріс енгізіп, демалыссыз етіп ұйымдастырды. Осының нәтижесінде шоттарды тез ашуға мүмкіндік жасалды, — дейді бұл ретте түсінік берген бөлім басшысы.

Сонымен қатар семейліктер мемлекет тарапынан берілетін өзге де көмек түрлеріне қол жеткізе алады. Тоқтала кетер болсақ, Семей қаласында 32 мыңнан астам тұрғын коммуналдық шығын үшін берілетін 15 мың теңге өтемақыны алуға құқылы. Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін тұтынылған коммуналдық қызметке 15 мың теңге өтемақы алуға өтінім қабылдау арнаулы жүйені іске қосылған соң басталатындығы туралы хабарланған болатын.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Мұрат Құржықаевтың айтуынша, карантин режиміне байланысты коммуналдық шығын үшін берілетін 15 мың теңге көлеміндегі өтемақыны 7 санаттағы азаматтар, нақты айтсақ, I, II және III топтағы мүгедектер, ҰОС мүгедектері мен ардагерлері, ҰОС мүгедектері мен ардагерлеріне теңестірілген тұлғалар, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, көпбалалы жанұялар, ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлер, мемлекеттік және қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау кезінде, ғарышқа ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан адамдардың отбасылары, АӘК алатын азаматтар, оның ішінде жалғыз басты зейнеткерлер де алуға құқылы.

— Қазіргі таңда арнайы тізім жасалды. Қала бойынша жалпы саны 32 мыңнан астам адам бұл көмек түрін алуға толықтай құқылы. Негізгі шарт — олардың жеке баспанасы және қызмет көрсетушілермен келісімшарттары болуы тиіс. Өтінішті ТҮКШ бөліміне беру керек, онда call-орталық жұмыс істейді. Төлемдер тиісті қаражат түскеннен кейін беріле бастайды, — дейді бұл ретте қалалық бөлім басшысы.

Қорыта айтар болсақ, ел Президентінің тапсырмасын орындауда Семей қаласы бойынша нәтижелі жұмыстар атқарылуда. Қазіргі күнде де қалалық әкімдік қызметкерлері тарапынан әлеуметтік көмек тағайындауға байланысты түсіндіру, ақпараттандыру шаралары жүргізіліп жатыр.

Әлібек КЕМЕЛХАН, «Семей таңы»{jcomments off}

Связанные новости

Идеи программы «Таза Қазақстан» нашли отражение в спектакле «Қарағай»

11.05.2026
Идеи программы «Таза Қазақстан» нашли отражение в спектакле «Қарағай»

На сцене Абай атындағы қазақ музыкалық драма театры состоялась премьера социальной драмы «Қарағай» молодого драматурга Жәнібек Әлікен. Постановщиком спектакля выступил...

Читать далее ...

Сегодня в Казахстане отмечают День матерей

10.05.2026
Сегодня в Казахстане отмечают День матерей

Сегодня, во второе воскресенье мая, Казахстан отмечает День матерей. В этом году значимая дата выпала на 10 мая. Ранее в...

Читать далее ...

В области Абай напомнили, как действовать покупателю, если не выдали чек

09.05.2026
В области Абай напомнили, как действовать покупателю, если не выдали чек

В Департаменте государственных доходов по области Абай напомнили жителям региона о правах потребителей при покупке товаров и услуг. Заместитель руководителя...

Читать далее ...

В области Абай усилены меры безопасности на воде

09.05.2026
В области Абай усилены меры безопасности на воде

В регионе в период купального сезона ведётся комплекс профилактических и организационных мероприятий, направленных на предотвращение чрезвычайных ситуаций на водоёмах. Об...

Читать далее ...

В области Абай оказали почести ветеранам войны и труженикам тыла

09.05.2026
В области Абай оказали почести ветеранам войны и труженикам тыла

В преддверии Дня Победы аким области Берик Уали связался с ветераном Великой Отечественной войны Григорием Маларовым, который в праздничные дни...

Читать далее ...

В области Абай широко отмечают День Победы

09.05.2026
В области Абай широко отмечают День Победы

9 мая — День Победы — широко отмечается в области Абай. В честь памятной даты в городе Семей организован ряд...

Читать далее ...

Новости

Идеи программы «Таза Қазақстан» нашли отражение в спектакле «Қарағай»

12 часов назад

Сегодня в Казахстане отмечают День матерей

2 дня назад

В области Абай напомнили, как действовать покупателю, если не выдали чек

3 дня назад

В области Абай усилены меры безопасности на воде

3 дня назад

В области Абай оказали почести ветеранам войны и труженикам тыла

3 дня назад

В области Абай широко отмечают День Победы

3 дня назад

Поздравление Главы государства Касым-Жомарта Токаева с Днем Победы

3 дня назад

Трансформация партийного поля и новые электоральные ориентиры

4 дня назад

Перераспределение ролей в новой политической системе

4 дня назад

Политическое доверие и персональная ответственность за новый курс

4 дня назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС