Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

КОРОНАВИРУС: ШҚО және СЕМЕЙ

23.04.2020
FacebookWhatsappTelegram

Бүгінгі таңда Семей қаласында тіркелген жағдайларға байланысты КеАҚ «СМУ» Балалар жұқпалы аурулар кафедрасының  ассистенті, қауіптілігі аса жоғары болып саналатын 1-санатқа жататын жұқпалы ауруларды емдейтін стационарда коронавируспен сырқаттанған науқастарды емдеуге кіріскен алғашқы дәрігерлердің бірі  Ернат Смаиловпен байланысқа шығып, өңірімізде бүгінгі таңда коронавируспен ауырғандарды емдеу және анықтау бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстары жайында баяндап беруін сұраған едік:

— Шығыс Қазақстан облысы, соның ішінде Семей қаласының жұқпалы аурулар қызметі белгіленген мерзімде  COVID-19-ға қарсы шараларға  дайын болды. Семей қаласы Жұқпалы аурулар ауруханасының емдеу ісі бойынша директорының орынбасары, инфекционист дәрігер К.Исабаеваның басқаруымен аталмыш жылдың қаңтар айынан бастап «СМУ» КеАҚ кафедра асситенттері  ұйымдастырған COVID-19-дың клиникасы, емі, диагностикасы тақырыбына медициналық қызметкерлерді оқыту, пандемиядан сақтану үшін арнаулы  киім кию алгоритмі сияқты дағдылармен машықтанды. COVID-19-бен сырқаттанған науқастарды тасымалдау, емдеуге жатқызу алгоритмінің бағыты қалыптасты, жүйеленді.

Семей қаласының Жұқпалы аурулар ауруханасында ақпан айынан бастап COVID-19-ға күдікті деген науқастар емдеуге жатқызылып, тестік сынамалар алына бастады. Облыс әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасымен Семей қаласының жұқпалы аурулар ауруханасының коронавирус бөлімінің палаталарына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Д.Даулбеков басқаратын Семей қаласы Жұқпалы аурулар ауруханасында медициналық қызметкерлерге арналған жеке қорғаныш заттары пандемиаға қарсы киімдермен толыққанды жабдықталды, дәрілік заттармен қамтамасыз етілді. Екі инфекционист дәрігер — Қ.Малгаждарова, анестезиолог-реаниматологтар Ж.Букашев және Д.Карабаев,  медбикелер және кіші медициналық қызметкерлер екі ауысыммен тәулігіне, түнгі кезекшілікті қоспағанда, 12 сағат жұмыс істедік. Костюм 3-4 сағат сайын кезең — кезеңмен ауыстырылды. Бастапқы кезде арнайы киіммен жұмыс істеу, көзілдіріктің булануы,  респиратормен дем алу кезіндегі тыныстың тарылуы сияқты қиыншылықтар болды. Уақыт өте келе үйрендік, басты мақсат жеке бас қауіпсіздігі үшін індетке қарсы киім кию және шешу алгоритмін қатаң сақтау еді.

Аймақ тұрғындарына айтарым: коронавирустың алдын алу үшін карантин ережелерін сақтап, оқшаулану қажет. Сондықтан дәрігер ретінде  барша қала тұрғындарынан үйде отыруларын сұраймын, – дейді дәрігер дейді Ернат Смайлов.

Бүгінгі күні пандемияны шақырған КОРОНАВИРУС, COVID-19-дан толыққанды сауығып шыққан наустардың алды үйлеріне оралуда. Бұл – дәрігер үшін маңдай тердің ақталғаны, командалық жұмыстың, дәрігерлердің ұйқысыз өткізген түнерінің, жанкешті еңбегінің нәтижесі деп білеміз.

Облысымызда коронавирус дерті бойынша науқастардың қосылып жатқаны  алаңдатады. Шығыс Қазақстан облысында, соңғы ақпараттар бойынша, аталған инфекция Шығыс Қазақстанның тағы үш тұрғынында тіркелген. Қауіпті дерттің 2-еуі Семей қаласында анықталып отыр. Атап айтқанда, ауруханадан тыс жағдайда пневмониямен ауырған 1984 жылғы әйел адамнан алынған скринингтік ПТР тестілеу оң нәтиже көрсеткен. Коронавирустың екінші жағдайы 1972 жылы туған әйел адамда профилактикалық тексеру барысында анықталған.

Өскемен қаласының 1949 жылғы тұрғыны, әйел адам, алгоритмге сай СОVID-19-ға 21 сәуірде коронавирус расталған науқаспен байланыста болған тұлға ретінде тексеріліп, ПТР талдауы оң нәтиже көрсеткен.

Қазіргі уақытта науқастар арнаулы  стационарға оқшауланып, қажетті ем алуда. Үш жаңа жағдай бойынша 6 ауру ошағы анықталған. 33 байланыста болған адам тіркелген. Жалпы, осы уақытқа облыс бойынша 15 жағдай тіркелді.

Бүгінгі таңда аймағымыз бойынша 5 адам, соның ішінде  Семей қаласындағы Жұқпалы аурулар ауруханасында ем алған ағайынды екі жасөспірім ауруханадан шығарылды.

Үміт ШӘРІПОВА, «Семей таңы»{jcomments off}

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

10 часов назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

15 часов назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 день назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 дня назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 дня назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 дня назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

3 дня назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

5 дней назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

1 неделя назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС