Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ҚҰНДЫ ДЕРЕКТЕРДІҢ МОЛ ҚОРЫ БАР

27.04.2020
FacebookWhatsappTelegram

Биыл бұрынғы Семей облыстық мемлекеттік архиві, қазіргі Шығыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің негізі қаланғанына 100 жыл толып отыр.

Жұмысы 1920 жылы 29 наурыз айынан бастау алған мекемеде штат саны  алғашқыда 4 адамды құраса, қазіргі таңда 55 қызметкер еңбек етуде.

Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы алтын қорында 1905 жылдан бүгінгі күнге дейінгі кезеңді қамтитын газеттер сақтаулы. Газет қоры 9858 сақтау бірлігін құрайды. Бұл басылымдарды Шығыс Қазақстанның қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми, мәдени өмірінің барлық қырлары көрініс табады.

Зерттеушілер үшін архив құжаттарының маңызы зор. Себебі архив өңір тарихы бойынша ғылыми еңбектерді жазуда негізгі дереккөз болып табылады. Архив қорының ашықтығы оқу залына отандық және шетелдік зерттеушілерді көптеп тартуда. «ШҚО электрондық архиві» жобасы жүзеге асырылып, құжаттарға қашықтықтан қол жеткізу мүмкіндігі пайда болды.

Бұрын көптеген құжаттар зерттеушілердің қол жеткізуі үшін негізсіз жабылған болатын. Мемлекеттік билік, әділет мекемелерінің және бірқатар кәсіпорындардың қорлары, бұрынғы партия архивінің қорлары жабық болды. Архившілер зерттеушілердің қорларға қол жеткізуін шектемеу және кеңейту мақсатында үлкен жұмыс жүргізді. 5 жыл бойы жұмыс істеген құжаттарды құпиясыздандыру жөніндегі комиссия зерттеушілер үшін бұрын құпия болып келген 11168 құжатқа қол жеткізуге жол ашты.

Қазақ тіліндегі құжаттарды ғылыми айналымға енгізуге баса назар аударылды. Мемлекеттік архивте араб және латын графикасымен қазақ тілінде орындалған құжаттарға талдау жүргізілді. Қазір бұл құжаттар зерттеу тәжірибесінде көбірек қолданылуда, ғылыми-практикалық конференциялар, телехабарлар, дәрістер мен мектептердегі сабақтар барысында қазақ тіліндегі құжаттар кеңінен насихатталуда.

Өткен ғасырдың 90-шы жылдары қоғам өміріндегі аса ірі тарихи оқиғаларға: республиканың егемендік алуы, жариялылық, тарихи ғылымдағы жаңа тәсілдер, қалыптасқан стереотиптердің сын тұрғысынан қайта пайымдалуына байланысты архившілер жұмыстарының нысандары мен әдістері өзгере бастады. Аз зерттелген тақырыптар бойынша құжаттарды анықтауға және оларды ғылыми айналымға енгізуге ерекше назар аударылды. Семей өңіріндегі Алаш қайраткерлері Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынұлы, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, Х.Ғаббасов, Ә.Ермеков, А.Қозбағаров сияқты ақталып шыққан, қазіргі қоғам және саяси қайраткерлер туралы анықталған материалдар теле- және радиохабарлар дайындауға ғана емес, сондай-ақ құжаттардың түпнұсқаларын ғылыми айналымға алғаш рет енгізуге мүмкіндік берді.

Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы жұмысының маңызды бағыттарының бірі – бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара тығыз байланыста болу. Архив мамандары халықты ел тарихымен және көрнекті тұлғаларымызбен таныстыру мақсатында жергілікті және республикалық басылымдарда өлкетануға қатысты мақалалар жариялап отырады.

Архив қызметкерлері биылғы жылдың қаңтарында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай Абай атындағы театрда өткен «Адамзаттың бәрін сүй» акциясына атсалысып, орталық қорында сақталған ақынға қатысты құжаттар мен фотосуреттердің негізінде фотоқұжаттық көрме ұйымдастырды. Көрмеге газет қорынан алынған ақынның 100, 150 жылдық мерейтойларына арналған мақалалар ұсынылды. Бұл мақалаларда сол замандағы ақындардың Абайға арнап шығарған өлеңдері, мерейтойға дайындық шаралары және оған келген құрметті меймандар, ақындар мүшәйрасы, Абайдың ақындық шеберлігінің сыры, Абайдың бұрын жарияланбаған өлеңдері туралы жазылған, Шәкәрімнің Абайға арнап жазған өлең шумақтары жарияланған.

Орталықта Абайдың інісі Шәкәрім мен ұлы Тұрағұл туралы аса құнды құжаттар сақталған. Мәселен, Шәкәрім Құдайбердіұлының тау шатқалында түскен фотосуретінің түпнұсқасы алғаш біздің архивтен табылған, қазір біздің орталықта ғана сақтауда тұр. Шәкәрімнің өмірін зерттеу жөніндегі аудандық партия комитетінің жанынан құрылған комиссия мүшелерінің жазған құжаттары да сақталған.

Облыстық архив мекемесі 2471 қорды, 645382 сақтау бірлігін сақтауды және пайдалануды қамтамасыз етеді. ТМД елдеріндегі, Германия, АҚШ және басқа да көптеген шет мемлекеттердегі азаматтар мен мекемелердің сұрауы бойынша қызмет көрсетеді. Жылына орта есеппен тақырыптық және әлеуметтік-құқықтық сипаттағы 12 мыңнан астам сұраныс орындалады.

Халықтың тарихи естелігі болып табылатын мемлекеттік маңызы бар құжаттарды сақтауға атсалысып, архив ісінде қалтқысыз қызмет етіп келе жатқан біліктілігі мен шеберлігі жоғары мамандарымызды мақтан тұтамыз.

Л.КАДЫРОВА,

«ҚЗТҚО» КММ ҒАА және құжаттарды

пайдалану бөлімінің басшысы,

А.МҰСАХАНОВ, археограф{jcomments off}

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

8 часов назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

13 часов назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 день назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 дня назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 дня назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 дня назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

3 дня назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

5 дней назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

1 неделя назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС