Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

АЙМАҚ БАСШЫСЫ ДАНИАЛ АХМЕТОВ СЕМЕЙДЕ

12.05.2020
FacebookWhatsappTelegram

Облыс әкімі Даниал Ахметов Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында Семей қаласына іссапармен келді. Жұмыс сапары барысында аймақ басшысы шаһарымызда салынып жатқан майлы дақылдарды өңдеу зауытында болды. Даниал Кенжетайұлы сонымен қатар Ұлы Отан соғысының ардагерлерін Ұлы Жеңістің 75 жылдығымен құттықтады.

250 адамды жұмыспен қамтамасыз ететін кәсіпорын іске қосылады

Жаңа зауыт іске қосылған соң күн сайын 1000 тоннадан астам күнбағыс майын шығаратын болады.

Құрылысы жүріп жатқан бұл зауытта облыс әкімі Даниал Кенжетайұлы бұдан бұрын да болған. Ол  кезде, осыдан жарты жыл бұрын,  құрылыс жұмыстары енді ғана басталған болатын. Бүгінде зауыттың көп бөлігі тұрғызылған.

— Біздің кәсіпорын ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін мультипликативті экономикалық нәтиже береді. Зауыт облыс ішінде май өнімдерін сататын шаруалардың мәселесін толығымен шешуге және шикізаттың шетелге, әсіресе Қытай мен Өзбекстанға кетуін тоқтатуға мүмкіндік береді, — деді «QAZAQ-ASTYQ GROUP» ЖШС директоры Еркінбек Досқожанов. — Бүгінде экстракция цехының металл құрылымдарын орнату жұмыстары аяқталды, олар Семей механикалық зауытында жасалған. Май сығымдайтын цехта ескі жабдықтар бөлшектелді. Жылыту үшін негізгі шикізат ретінде дәнінен ажыратылған күнбағыс қабығы пайдаланылатын болады. Жабдықтарды жеткізушілердің жұмысы көңілімізден шығып отыр. Бүгінгі күні құрылыс бойынша барлық негізгі жұмыстар аяқталды, қазір құрылымдар мен жабдықтарды монтаждау жұмыстары жүріп жатыр.

Даниал Ахметов өңдеу секторы кәсіпорындарын дамыту біздің мемлекетіміздің дамуына ықпал ететінін атап өтті.

— Мен осыдан жарты жыл бұрын келген кезде мұнда ештеңе жоқ болатын. Соған қарамастан өте қысқа уақыт ішінде біз үлкен өзгерістерді көріп отырмыз. Қайта өңдеу секторының мұндай кәсіпорындары мемлекетіміздің дамуында өте маңызды орын алады, өйткені мұнда ішкі сұраныс мәселесі шешіледі. Бұл жерде атқарылып жатқан жұмыстар Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында жүзеге асырылып жатыр. Өндірілген өнім Қазақстан нарығында ғана емес, Қытай Халық Республикасы, Ресей Федерациясы нарығында да сатылатын болады. Осыған орай, зығыр, рапс және күнбағыс егіс алқаптары ұлғайтылады, – деді ШҚО әкімі.

Нысан осы жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Зауыт өсімдік майын өндіретін алдыңғы қатарлы кәсіпорын болады деп күтілуде. Ал нысан іске қосылғанда 250 жаңа жұмыс орны ашылады.

Ардагерлерге құрмет

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Семей қаласына жұмыс сапары барысында Ұлы Отан соғысының ардагерлерін Ұлы Жеңістің 75 жылдығымен құттықтады.

Бұл күні ел Президентінен, облыс және қала басшылығынан соғыс ардагері Асқар Рақымбаев құттықтау алды. Облыс басшысы ардагерге кір жуғыш машинаны сыйға тартты. Майдангер соғысқа 1944 жылы Ақсуат ауданынан аттанған. Ардагер 378-ші атқыштар полкінің құрамында соғысып, Румынияның Брашев және Мишель қалаларын азат етуге қатысқан. Асқар Рақымбаев соғыс аяқталған соң еліне қайтқан жоқ. 1945 жылдың қазан айында ол Әзірбайжанның астанасы — Баку қаласындағы автомеханикалық полкке оқуға қабылданып, оны 1949 жылы бітіреді. Сол жылы арнайы армия бөлімшесінің құрамында Қытай Халық Республикасына көмек көрсету үшін жіберіледі. Онда ол Қытайдың Халық–азаттық армиясының (ҚХАА) 21811 әскери бөлімінің құрамына штурман-моторист ретінде алынады.

Ақсақал Отан соғысы орденімен, «Германияны жеңгені үшін», «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталған. 1951 жылғы 12 тамызда  ҚХАА-ға көрсеткен көмегі үшін Қытай-Совет достығы медалімен марапатталады. Медаль куәлігіне Қытай Халық Республикасы Орталық халықтық үкіметі әскери-революциялық комитетінің төрағасы Мао Цзэдун қол қойған.

Асқар Рақымбаев 1951 жылы елге оралады. Туған ауылында тракторшы, кейін бригадир болып жұмыс істеп, 1988 жылы еңбек демалысына шығады. Жұбайы Жамалханмен бірге 11 бала тәрбиелеп өсірген, олардан 19 немере және 44 шөбере сүйіп отыр.

Аймақ басшысы Даниал Ахметов бұл күні Клавдия Петровна Трухинаны да құттықтады. Облыс әкімі ардагерге тоңазытқыш сыйлады.

Клавдия Петровна 1943 жылы Семей қалалық әскери комиссариаты тарапынан майданға шақырылады. Медициналық қызметтің аға сержанты шенінде Балтық және Белоруссия майдандарында соғысқан. Жауынгерлік еңбегі үшін  ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, Маршал Г.КЖуков медалімен және тағы басқа мерейтойлық медальдармен марапатталған. Майданнан туған Отаны Семейге оралғаннан кейін Клавдия Петровна қаладағы әскери госпитальда операция медбикесі, кейін Жедел медициналық жәрдем ауруханасында медбике болып жұмыс істеді, сол жерден құрметті еңбек демалысқа шықты.

Клавдия Петровна екі бала тәрбиелеп өсіріп, олардан үш немере, бес шөбере сүйіп отыр.

Ардагерлерді құттықтап, сыйлықтарын табыс еткен Даниал Ахметов Жеңіске қосқан үлестері үшін майдангерлерге алғысын білдіріп, оларға денсаулық пен ұзақ ғұмыр тіледі.

Өз тілшіміз{jcomments off}

Связанные новости

Идеи программы «Таза Қазақстан» нашли отражение в спектакле «Қарағай»

11.05.2026
Идеи программы «Таза Қазақстан» нашли отражение в спектакле «Қарағай»

На сцене Абай атындағы қазақ музыкалық драма театры состоялась премьера социальной драмы «Қарағай» молодого драматурга Жәнібек Әлікен. Постановщиком спектакля выступил...

Читать далее ...

Сегодня в Казахстане отмечают День матерей

10.05.2026
Сегодня в Казахстане отмечают День матерей

Сегодня, во второе воскресенье мая, Казахстан отмечает День матерей. В этом году значимая дата выпала на 10 мая. Ранее в...

Читать далее ...

В области Абай напомнили, как действовать покупателю, если не выдали чек

09.05.2026
В области Абай напомнили, как действовать покупателю, если не выдали чек

В Департаменте государственных доходов по области Абай напомнили жителям региона о правах потребителей при покупке товаров и услуг. Заместитель руководителя...

Читать далее ...

В области Абай усилены меры безопасности на воде

09.05.2026
В области Абай усилены меры безопасности на воде

В регионе в период купального сезона ведётся комплекс профилактических и организационных мероприятий, направленных на предотвращение чрезвычайных ситуаций на водоёмах. Об...

Читать далее ...

В области Абай оказали почести ветеранам войны и труженикам тыла

09.05.2026
В области Абай оказали почести ветеранам войны и труженикам тыла

В преддверии Дня Победы аким области Берик Уали связался с ветераном Великой Отечественной войны Григорием Маларовым, который в праздничные дни...

Читать далее ...

В области Абай широко отмечают День Победы

09.05.2026
В области Абай широко отмечают День Победы

9 мая — День Победы — широко отмечается в области Абай. В честь памятной даты в городе Семей организован ряд...

Читать далее ...

Новости

Идеи программы «Таза Қазақстан» нашли отражение в спектакле «Қарағай»

17 часов назад

Сегодня в Казахстане отмечают День матерей

2 дня назад

В области Абай напомнили, как действовать покупателю, если не выдали чек

3 дня назад

В области Абай усилены меры безопасности на воде

3 дня назад

В области Абай оказали почести ветеранам войны и труженикам тыла

3 дня назад

В области Абай широко отмечают День Победы

3 дня назад

Поздравление Главы государства Касым-Жомарта Токаева с Днем Победы

3 дня назад

Трансформация партийного поля и новые электоральные ориентиры

4 дня назад

Перераспределение ролей в новой политической системе

4 дня назад

Политическое доверие и персональная ответственность за новый курс

4 дня назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС