Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

«ОТАН ҮШІН ОТ КЕШКЕН БАТЫРДЫҢ БІЗ ҰРПАҒЫМЫЗ!»

20.05.2020
FacebookWhatsappTelegram

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Отан үшін от кешкен батырдың біз ұрпағымыз!» мерейтойлық марафоны аяқталды. Патриоттық жобаның басты мақсаты – Ұлы Отан соғысы тарихындағы нақты бір отбасының тарихын еске алу.Зияткерлік мектептердің оқушы, мұғалім және ата-анасы өз отбасыларының тарихын майданнан келген хаттар мен суреттер, сонымен қатар соғыс және тыл ардагерлерінің естеліктері арқылы ұсынды.

Марафон бойы әлеуметтік желілердегі NIS-тің ресми аккаунттарындағы жарияланымдар Ұлы Жеңіске арналады. Онлайн форматта шаңырақтарда майдан және тыл ардагерлерімен кездесу, «Ұлы Жеңіске тағзым» ерлік сабақтары өтіп,  «Менің отбасымның ардагер батыры» зерттеу жобаларының қорытындысы жарияланды. Қашықтан форматындағы «Ол күндердің даңқы өшпейді» ән челленджі, «Мен батырдың ұрпағымын» арт челленджі, «Ұлы Жеңісті жырлаймыз» көркемсөз оқулары көптің қызығушылығын тудырды. Әр мектепте оқушылар отбасы мұрағатында сақталған майдан хаттары мен суреттерін көрсеткен «Соғыс туралы монолог», «Майданнан хат», «Отты жылдар жаңғырығы – отбасымда» деректі фильмдері дайындалды.Дала поштасынан жолданған әрбір сарғайған үшбу хатта бейбіт өмір туралы армандар мен жоспарлар, үй іші және жан достармен хабар алмасу, туған жеріне деген сағыныш жатыр.

Нұр Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Дамир Бекеновтің атасы Қадан Бекенов Берлинді алуға қатысқан.Қарағанды қаласындағы НЗМ-нен Мирас Дауытқазының атасы, әскери дәрігер Шәріп Сексенов майдан даласында 15 500-ден астам ота жасапты.Өскемендік зияткер Алдияр Аубакировтың атасы Махмет Қайырбаевқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектеп  мұғалімі Эльмира Акимованың әкесі, ұстаз Тұрсын Акимов сұм соғыс басталысымен өз еркімен майданға аттанған. Алматылық химия-биология бағытындағы мектептен Богдан Мироновтың атасы Григорий МироновЛадога көлінің әйгілі «Өмір жолымен»Ленинград блокадасына азық-түлік жеткізіпті. Тегін бүгінде Қостанайдағы Зияткерлік мектеп оқушылары Диар мен Санжар Куставлетовтер алған Абдрахман Куставлетов өзінің ұлы Ахметбекті атқыштар мектебінде кездестірген.Елордадағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектептен Батырхан Сарсеновтың атасыШамсутдин Сарсеновкеңес барлаушылары құрамында Тегеран конференциясында «Үлкен Үштік» көшбасшыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етті. «Білімге ұмтылыңыздар!» – шымкенттік физика-математика бағытындағы мектеп оқушысы Абылай Кеңестің атасы Анас Алимов немерелеріне осындай өсиет қалдырды. Жеңіс марафоны кезінде отбасы мұрағатындағы әсерлі, жан теберінтер жүздеген бірегей оқиға баяндалды.

Соғыс жылдарында Орал қаласының үш аэродромынан әйгілі ұшқыштар Хиуаз Доспанова мен Леонид Беда әуеге көтерілген, бірінің орнында қазір Назарбаев Зияткерлік мектебі орналасқан. Денсаулығына байланысты майдан қатарына алынбаған Әділбек  Демесінов бар мүлкіне әскери ұшақ сатып алып, тылда нағыз ерлігімен танылған. Иван Сусанин атындағы костромалық мұражайда 53-ші Сусанин ретінде Байшыған Бектұрлиев аты тұр, оның ерлігінің арқасында Қазақстанның батысында Гурьев мұнай өңдеу зауытына бара жатқан жау десанты жойылған, аты аңызға айналған ақсақал – оралдық Зияткерлік мектеп оқушылары Әли мен Мерей Есенгелдиндердің атасы. 9 мамыр күні павлодарлық зияткер Аружан Халықованың апасы, тыл ардагері Күлжаупар Қожановаға Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин атынан «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 75 жыл» мерейтойлық медалі табысталды. Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Мейірімділік көпірі» волонтерлік клубы жүргізген әлеуметтік-зерттеу қорытындысы бойынша «След войны в истории моей судьбы» атты жинақ шықты. Оралдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткен «Кестелi орамал» акциясы кезінде оқушылар мен мұғалімдер соғыс пен тылда тер төккен ардагер туыстарының атын кестелеп жазды. Жеңіске 75 жыл толғанда Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі Светлана Озган әріптестерінің көмегімен атасы Озган Косановтың жерленген жерін тапты, отбасы бұл іздеуді 1943 жылы бастаған екен.

Жүздеген әңгімелер мен фильмдер, майдан хаттары мен суреттер – барлығы да Ұлы соғыстың және оның майданы мен тылында ерлік көрсеткен ең жақын адамдардың шынайы әрі егжей-тегжейлі келбеті, ал ондағы кейіпкерлердің аты марафонға қатысушылардың мақтан тұтар тегіне айналған. Естеліктер лентасында оқушылар Жеңіс күнін неліктен көзді жасқа толтыра тойлайтын мереке екенін түсінгендерін, майдан хаттары мен суреттер, жерлеу туралы хабарламалар, орден кітапшалары, әскери марапаттар, ардагерлердің қол сағаттары – әрбір қазақстандық отбасы үшін құнды жәдігерлер екеніне көз жеткізгендерін мойындады.

«Отан үшін от кешкен батырдың біз ұрпағымыз!» марафоны Назарбаев Зияткерлік мектептерінің барлық оқушылары үшін ерлік пен  патриотизмнен сыр шерткен шынайы сабаққа айналды. Қазіргі таңда NIS желісінде электронды «Естеліктер мұрағатын» жасау қолға алынған. Айтулы марафонды дәстүрлі түрде жыл сайын мамырдың бірінші онкүндігінде өткізу жоспарланып отыр.

{jcomments off}

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

4 часа назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

9 часов назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 день назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 дня назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 дня назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 дня назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

3 дня назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

5 дней назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

1 неделя назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС