Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

КОНДЮРИН КӨШЕСІНЕН ӨТКЕНДЕГІ КӨҢІЛ-КҮЙІҢІЗ ҚАЛАЙ, СЕРІК ЗИНАБЕКҰЛЫ?

09.06.2020
FacebookWhatsappTelegram

Тәуелсіздік алғанымызға да отыз жылға жақындады. Жоңғардың қырғынын, орыстың тепкісін, монғолдың шапқынын да бастан кештік. Бұрымдысы — күңге,  тұлымдысы құлға айналған он алтының ойраны да, отыз екінің ашаршылығы  мен отыз жетінің зұлматы  да қазақ  халқын айналып өткен жоқ. «Мың өліп, мың тірілген» қазақ егемен ел атанғаннан кейін  ата тарихымыздың беттеріндегі жабық болып келген  ақтаңдақтар ашыла бастады…

Азаттықтың ақ таңы атқан бүгінгі уақытта Одақтың  қолдан жасаған  «ұлылары» ығыстырылып,  есімдері елеусіз қалып келген өз ардақтыларымызды  құрметтеу ісі қолға алынды, ақиқат салтанат құра бастады десек те, «әттеген-ай» дейтін жағдайлар әлі де бар.

Қазақстанда өткен ғасырдың отызыншы жылдарының басында  ірі байлардың малын  тәркілеу науқаны  өте  белсенді жүргізілді. Бұл науқаннан  кейін іле жеткен елдегі  ашаршылықта  тұйыққа тірелген халық бас сауғалап, атамекенін тастап, шекараны бетке алғаны  тарихтан белгілі.

Шығыс Қазақстанның жерінде, Тарбағатай тауларының бойында,  Қытай шекарасына жақын маңда Хабарасу  атты асу бар. Осы маңдағы тәуелсіз қазақ елінің шекарасын күзететін  Зайсан шекара отрядының заставасы  2019 жылға дейін  Кондюрин Василий Васильевич дегеннің атымен аталып келді. СОНЫМЕН, КОНДЮРИН ДЕГЕН КІМ?

Ел басына күн туған жылдары  тағдырдың тәлкегімен  шекараны бетке алған қандастарымызды жаппай  қырған жауыз, қаскүнемдердің бірі осы Кондюрин болған.

Аталған тақырыпты кеңінен зерттеген белгілі айтыскер ақын Қалихан Алтынбаев пен журналист Ерғали Жұмахан былай деп жазады: «Застава отрядының командирі Кондюрин аса мейірімсіз, қанішер адам болыпты. Шекарадан бері қарай немесе әрі қарай асып бара жатқандар қолға түссе, сотсыз, тергеусіз атып тастай берсе керек. Жай өлтірсе, бір сәрі, атылған қазақтың біреуін екіншісінің үстіне айқара салып, өзі өліктердің үстіне отырып, жайланып шылым шегеді екен. Қыз-келіншек қолға түссе, құдайының бергені. Күйеуінің, ата-енесінің көзінше не өзі, не қарауындағы шекарашыларға зорлатады. Шектен тыс жауыздығы өзінің түбіне жетіпті, ақыры. Тәуекелге бел буған үш жігіт алдап, оңаша шығарып алады да, кескілеп өлтіреді. Итке — ит өлімі. Жауызға соның өзі сауап еді. Амал не, ұлыдержавалық шовинистік саясат жайлаған ол кезде заставаға Кондюрин аты берілді. Сол Кондюринді өлтіруші үш жігіттің біреуі Қыржы руынан шыққан Әбіш Шәріпов 1990 жылы Сұлутал кеңшарына келіпті. Жасы тура 92-де. Жүрісі әлі тіп-тік. Сөзі түзу. Қатарынан қалмаған. Тек екі кемпір ғана танып, амандасыпты. Әбіштің басынан кешірген хикаясы бір кітапқа жүк боларлық. Кондюринді өлтірер алдында Көкпекті түрмесінен қашып шыққан екен. Қызылтасқа келіп, қызыл комиссар Кенесары Бакиннің басы артық тапаншасын қорқытып алып кеткен. Кондюрин өлген соң, қашып Алтай өлкесіне барыпты. Сонда фамилиясын өзгертіп, басқа құжат алыпты. Сол жақтан Отан соғысына аттанған». (Қалихан Алтынбаев, Ерғали Жұмахан. «Ақсуат. Құнарлы топырақ, құдіретті ұрпақ». «Ер-Дәулет» ақпарат агенттігі. Алматы, 1998 жыл).

Міне, ұзақ жылдар бойы  құрметіне шекаралық застава аталып, Тарбағатай өңірінде ескерткіш қойылып, Зайсан қаласындағы үлкен көшелердің бірі аталып келген Кондюрин кім деген сауалға жауап осы.

«Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің 2017 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесінің «В.В.Кондюрин атындағы шекара заставасын қайта атау туралы» қаулысына сәйкес, 2019 жылғы 18 сәуірден бастап осы шекара заставасы соғыс ардагері, партизан Қасым Қайсенов атын алды.

Тарбағатай ауданындағы Кондюринге орнатылған ескерткіш  құлатылды. Өкінішке орай, шығыстағы  Қытаймен шекаралас жатқан  Зайсан қаласындағы  орталық көшелердің бірі әлі күнге  қанішер Кондюрин атында. Есімі шекарадан аластатылып, ескерткіші құлатылғанымен, Зайсандағы көшенің мұрты бұзылмаған қалпы тұр.

Зайсан ауданының әкімі Серік Зайнулдиннің назарына!

Зайнулдин мырза, Сіз осы өңірде туып-өскен, ел мен жер тарихын жақсы білетін азаматсыз. 2010 — 2013 жылдары Зайсан ауданында әкімдік қызмет атқарып, осыдан үш айдай уақыт бұрын елге басшылыққа қайта тағайындалдыңыз. Тәуелсіздігімізді алғанымызға  отыз жылға жуықтап қалды. Кондюриннің батыр емес, жауыз екендігі дәлелденіп, бүкіл елдің санасындағы күдік пен күмән  толығымен сейілсе  де, Зайсандағы көше әлі күнге қасқайып тұр. Кеңестік идеологияның тұсында ұлттық мүддеге қатысты бұл сияқты мәселелерді дәлелдеу қиын болғанымен, егемендігімізді  алғаннан кейін  өткенімізді таразылап,  болашаққа нық қадам баса алатын мүмкіндік туды. Одақ тұсында  ақиқатты айта алмай, жалтақ болдық… Ал бүгінгі азат елдің көшесі қазақты қырған қанішердің  құрметіне аталуы елдіктеріңізге сын емес пе? Зайсандағы көше Кондюрин атында тұра берсе, болашақ ұрпаққа қазақты қырған қанішер есімі батыр болып жетері хақ.

Кондюринге  қазақ халқы ғасырлар бойы лағнет айтуы керек. Ал зайсандықтар  осы жендеттің  атындағы көшемен күнде жүріп өтеді.

Кондюрин көшесінен өткендегі  өзіңіздің  көңіл-күйіңіз  қалай, Серік Зинабекұлы?{jcomments off}

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

3 часа назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

8 часов назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 день назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 дня назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 дня назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 дня назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

3 дня назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

5 дней назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

1 неделя назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС