Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНА САЛАСЫНА ЕРЕКШЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

09.06.2020
FacebookWhatsappTelegram

Коронавирустық инфекцияның бүкіл әлемде таралуы елдің денсаулық сақтау жүйесі үшін күрделі сынға айналды және осы саладағы бірқатар кемшіліктерді де анықтап берді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында сөйлеген сөзінде айтты.

Мемлекет басшысы білікті мамандардың тапшылығы, дәрігерлер жалақысының төмендігі және денсаулық сақтау жүйесіндегі басқа да проблемалар жайлы сөз қозғады. Бұл мәселелерді шешу ең алдымен дәрігерлердің еңбекақысының кезең-кезеңімен көтеруден басталады. Дәрігерлердің жалақысы орташа жалақыдан кемінде екі жарым есе жоғары болуы керек. Бұл мақсаттарға 2023 жылға дейін қол жеткізу жоспарланған. Қазіргі уақытта дәрігерлердің жалақысы елдегі басқа салалардағы мамандардікімен салыстырғанда ең төмен болып саналады. Біз, денсаулық сақтау саласының өкілдері, мұндай шаралардың қабылдануы отандық медицина қызметкерлерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға және осы салаға жас мамандарды тартуға мүмкіндік береді деп санаймыз.

Медицина саласында жас кадрлардың қатысуынсыз ұрпақтар сабақтастығы мен жаңа инновацияларды енгізу мүмкін емес екенін түсінуіміз керек. Денсаулық сақтау саласына жас дарындардың келуі дамуға жаңа серпін беретіні сөзсіз.

Реформалар дәрігерлердің құқығын қорғауға да әсер етеді. Атап айтқанда, бірқатар салаларда қылмыстық қудалау шараларын, оның ішінде клиникалық сынақтарды өткізу тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілікті қайта қарау жоспарлануда. Өйткені жазалану қаупі көптеген медициналық мамандардың кері шегінуін, білікті кадрлардың кетуін көбейтеді, талапкерлердің болашақ мамандығын таңдауына кедергі жасайды.

Жеңілдету шаралары дәрігерлерге артқа қарайламай, пациенттерді емдеуге толықтай көңіл бөлуге мүмкіндік береді. Сондықтан ұсынылған құқықтық және қаржылық қорғау жүйесі медициналық қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсартады деп үміттенеміз. Өйткені дәрігерлердің жұмысы жанкешті және аса жауапты екені жасырын емес.

Денсаулық сақтау жүйесін ғылымның көмегінсіз дамыту мүмкін емес. Дамыған елдердің жетістігі осыған негізделеді. Халықаралық тәжірибені ескере отырып, бізге ғылыми әлеуетті дамыту, жетекші шетелдік сарапшыларды тарту және заманауи әдістерді, сондай-ақ пандемия кезінде маңыздылығы айқын көрінген цифрлық технологияларды енгізу қажет.

Бұл бағытта Семей медициналық университеті айтарлықтай тәжірибе жинақтады — жаңа білім беру платформасы енгізілді, барлық білім беру бағдарламалары цифрландырылып, бейнедәрістер дайындалды. Алдағы уақытта бұл тәжірибені дамытып, кеңейту қажет.

Мемлекет басшысы коронавирустық инфекцияның қайтадан таралу ықтималдығын атап өтті. Осыған байланысты елімізде жұқпалы ауруларды емдеудің стандарттарына деген сұраныс артады. Денсаулық сақтау шараларының сапалық деңгейіне ерекше назар аударылады. Шынында да, коронавирустық пандемия бірқатар облыстарда мамандардың жетіспеушілігін анық көрсетті. Елде жұқпалы аурулар бойынша дәрігерлер, анестезиолог-реаниматологтер, пульмонологтер және санитарлық мамандар жетіспейді.

«Семей медициналық университеті» КеАҚ осы мамандықтар бойынша мамандар даярлау үшін қажетті ғылыми және клиникалық негізге ие. Мемлекеттік қолдау шаралары кадрлық жетіспеушілікті жоюға, жас талапкерлерді тартуға және коронавирус инфекциясы қайталанған жағдайда дайын болуға көмектеседі.

Мемлекет басшысы атап өткендей, Қазақстан жұқпалы аурулармен күрес саласындағы халықаралық ынтымақтастық деңгейін арттыруға ниетті. Сондай-ақ осы жылдың соңына дейін Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы жаңа заң әзірлеу, денсаулық сақтау ұйымдарын импорт-алмастыру қағидаты бойынша дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету тәсілдерін қайта қарау жоспарланған. Отандық дәрі-дәрмек өндірісі де дамиды.

Үлкен ғылыми-клиникалық базасы бар елдегі іргелі университеттердің бірі ретінде Семей медициналық университеті осы бағыттардың барлығында көмек пен қолдау көрсетуге дайын.

Тасболат АДЫЛХАНОВ,

«Семей медицина университеті» КеАҚ клиникалық және радиациялық онкология кафедрасының меңгерушісі,

м.ғ.д., профессор{jcomments off}

Связанные новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

02.09.2026
Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

Стабильному развитию предпринимательской среды способствуют не только финансовая поддержка и льготное кредитование, но и эффективное взаимодействие бизнеса с государственными органами....

Читать далее ...

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

01.09.2026
Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

Охват декларациями о доходах и имуществе сократился в соответствии с внесенными изменениями. Если ранее декларации подавали многие граждане в рамках...

Читать далее ...

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

01.09.2026
В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в рамках программы АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы» началась модернизация 124 железнодорожных вокзалов...

Читать далее ...

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

01.09.2026
Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

В Семее открылась первая в регионе школа искусственного интеллекта — Tomorrow School Semey, и первые участники уже приступили к обучению....

Читать далее ...

Новости

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

3 часа назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

8 часов назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

1 день назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 дня назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 дня назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 дня назад

В области Абай введены в эксплуатацию три обновленных железнодорожных вокзала

3 дня назад

Чистый берег – чистый регион: область Абай поддержала экоакцию «Таза жағалау»

5 дней назад

Шалкар Байбеков избран депутатом Курултая I созыва

1 неделя назад

С 1 сентября для продавцов пива вводятся новые требования

1 неделя назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС